14Желтоқсан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Қоғам

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауданында шағын және орта кәсіпкерлікпен шұғылданатын 5621 нысан бар. Осы салада 8 мыңнан астам адам еңбек етеді. Кәсіпорындар жарты жылдың ішінде 1 миллиард 696 миллион теңгенің өнімін өндірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты миллион теңгеге артық. Бұл ауылдағы отандық тауар өндірушілердің бағыты тұтынушыларға қажетті өнім өндіруге қарай ойыса бастағанын көрсетеді.  Роман Бапышев ыстық пештен шыққан тәтті нандарды салмағын өлшеп, оны орап отырады.Ол «Жұмыспен қамту – 2020 » бағдарламасы бойынша тұрақты еңбекпен қамтылған жастардың бірі. Бағдарлама аясында қайта даярлаудан өткен. Негізі кәсібі – дәнекерлеуші. Рoман БАПЫШЕВ, цех қызметкері: - Жұмыстан шығып қалған соң, біраз уақыт бос жүрдім. Кейін «Жұмыспен қамту – 2020»бағдарламасын есітіп, осы жерге жұмыс іздеп келдім. Бағдарлама аясында қаптаушы болып еңбек етіп жатырмын. Шағын цех торт, күлше, бәліш секілді 70 түрлі тәтті нан шығарады. Соңғы екі жылда өндіріс көлемі біршама артқан. Нарық шығынды азайтып, өнімді көбейтуге үйретеді. Электр энергиясы үшін түнгі тариф 3 есе арзан. Сондықтан цехтың жұмысы тәулік бойы тоқтамайды. Өнімнің бағасы да арзан. Шағын кәсіпорын мемлекеттен берілген қаржылай қолдаудың арқасында жаңа жабдықтар сатып алған. Жанат ЕСБОЛОВА, цех меңгерушісі: - Бұл пеште нан көпсітіледі, иленген қамырды осында салып, алдымен көтеріп көпсітеді. Сосын пешке салып, 200-300 градус ыстықта нанды пісіреді. Дайын өнімді арнайы орынға шығарамыз.…

Толығырақ ...

Облыс әкімі кезекті жұмыс сапарымен Түркістан қаласында болып, онда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты деп хабарлайды Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі.    Алдымен Түркістан қаласы маңындағы «Нұр-Сармат» ЖШС-ның элиталық мақта тұқым шаруашылығының егіс алқабында болып, ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру жайында шаруа қожалықтарының басшыларымен пікір алмасты.  С.Рахымов атындағы орта мектептің апатты ғимараты мен ауысымына 500 адамды қабылдайтын қалалық емхана құрылысында болған облыс әкімі басқарма басшылары мен қала әкіміне бірқатар міндеттер жүктеді.  Іссапар соңында қала активінің қатысуымен алты айда атқарылған жұмыстар сараланып, кемшіліктер бойынша тапсырмалар берілді.   

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысы Астана күні мерекесіне орай бірқатар іс-шаралр өткізуде. Солардың қатарында ашылып жатқан әлеуметтік нысандар да бар. Елбасының тапсырмасы бойынша «Балапан» бағдарламасы аясында Қазығұрт ауданында Астана күнінің 15 жылдық мерекесіне орай аудандық бюджеттің қаржыландыруымен мемлекеттік екі балабақша ашылды. Оның бірі Рабат елді мекеніндегі 100 орындық «Кәусар» балабақшасы. 2012 жылдың мамыр айында басталған балабақша құрлысы биыл Наурыз айында аяқталған. Аудандық бюджеттен нысанның құрылысына 164300,0 мың теңге бөлінген. Ал «Сынтас» елді мекеніндегі 50 орындық «Балбөбек» балабақшасының құрылысы 2012 жылдың маусым айында басталып, биыл мамыр айында толық аяқталған. Бұл балабақшаға аудан бюджетінен 83550,0 мың теңге қаралып, толық игерілген. Ауданда жалпы мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 60,8 пайызды құрап отыр. Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Толығырақ ...

2013 жылдың 27 маусымы күні  Леңгір қаласында «веб негіздерін меңгеру, YОUtube-ке видео салу, блог ашу» атты семинар-тренинг өткізілді.     Семинарға "Төлеби туы", "Аймақ тынысы", "Ленгер жаршысы" газеттерінің тілшілері, сайт жүргізуші дизайнерлері қатысты. Сондай-ақ, БАҚ бөліміне жауапты аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары, Жастар орталығының қызметкерлері де қатысты. Ғаламторда ақпарат тарату, сайтты өз деңгейінде жүргізу, ақпараттық қауіпсіздікті қалай сақтау керектігі айтылды. Мысалы, әлеуметтік желі бойынша майл.руды пайдаланушылар көп. Майл.рудың кемшілігі әріптер қазақ тілінде емес, орыс тіліне бейімделгендіктен, қазақ әліпбиіндегі әріптер қолданылмайды. Сондықтан, орыс әріптері арқылы қазақ сөздерін бұрмалап жазуға мәжбүрміз. Екіншіден, біздің электронды пошта арқылы, агент арқылы жолдаған материалдарымыз, әңгімелесулеріміз Ресейдің сервисінде сақтаулы. Мемлекеттік маңызы бар құжаттар, деректерді көрші мемлекет өзіне сақтап алып отыр деген сөз. Себебі, майл.ру Ресейдің өнімі. Сондықтан әлеуметтік желілер бойынша фейсбукті қолдану әлдеқайда тиімді. Мұнда толықтай қазақ әліпбиін қолдануға мүмкіндік бар. Ал, ақпарат қауіпсіздігін сақтау үшін gmail.com-ды пайдалану ыңғайлы. Сабақ барысында ақпараттық технологияға қатысты көптеген осы тәріздес мағлұматтар айтылды. Тренинг кезінде Фейсбук парақшаларында Төле бидің туғанына биыл 350 жыл толып отырғанын, сондай-ақ, Леңгір-Шымкент тас жолының салынып жатқанын жарияладық. Бұл жолы да пікір білдірушілер көп болды. Семинар соңында қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды. 

Толығырақ ...

Шымкент қаласы, Кең баба этносаябағында ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне» арналған салтанатты мереке өтті. 1972 жылы 5- маусым күні Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша Стокгольм конференциясы басталды. Датаның таңдалуының себебі осында. Бас Ассамблея өзінің қарарында БҰҰ жүйесіндегі мемлекеттер мен ұйымдарды жыл сайын осы күні қоршаған ортаны жақсартуға және қорғауға деген өз ұмтылыстарын көрсететін іс-шараларды ұйымдастырып отырады. Облысымыздың көркейіп, жасыл желекке айналуына әрбір қала тұрғыны ат салысуы тиіс. Атадан мал қалғанша тал қалсын деген қағиданы ұстанған аталмыш сала қызметкерлері мерекеге бір кісідей ат салысуда. Облыс әкімі Асқар Исабекұлының тікелей бастамасымен қолға алынған сенбіліктер, ағаш егу тағы да басқа жұмыстардың өз нәтижесін бергені тілге тиек етілді. Игі шарада облысымыздың көркеюіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар, сондай-ақ табиғатты қорғауға ат салысқан белсенді жастар облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының арнайы алғысхатымен марапатталды. Меркелік шара барысында сала қызметкерлері өздерінің арнайы концерттік бағдарламасын ұсынды. Табиғатты қорғап, қаланы таза ұстауға бағытталған жиынның жастарға берер тәлімі мол. Мерекелік кешке қатысқан ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жасалар тірліктер жайында кеңінен мәлімет берді. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің салалық бөлімінің қызметкерлері, қоршаған ортаны қорғау саласына қатысы бар мекеме…

Толығырақ ...

Page 3 of 5