20Тамыз2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

15 Қаз

«Мемлекеттік емханада жастар тәжірибесінен өтіп жатырмын»

Айгүл Өтенова,

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде «Жастар практикасына» қатысушы түлек:

-         Былтыр 2014 жылы Кентау қалалық медицина колледжінің фельдшерлік мамандығы бойынша  кәсіптік білім алып шыққанмын. Қолыма диплом алысымен, дереу Халықты жұмыспен қамту орталығына барып тіркелдім. Ол жақтағылар биыл маусым айынан бастап Кентаудағы қалалық балалар емханасына жолдамамен практикадан өтуге жіберді. Содан алты ай бойы, яғни маусымнан қараша айының соңына дейін тәжірибеден өтпекпін. Қазір емхананың фильтр бөлімінде отырамын, ауырып келген науқас балалардың қызуын өлшеймін, есепке аламын, құжат толтыру жұмыстарымен айналысамын. Қасымда дәрігер Гүлмира Қыпшақбаева, мейірбике Маржан Түкембаева  секілді көп жылдық тәжірибесі бар маман апайлар жетекшілік етіп, сол кісілерден үйренгенім көп болды. Ең бастысы, өз мамандығым бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алдым.

 Тәжірибе көп нәрсені үйретті. Егер жұмысты тиянақтылықпен, жауапкершілікпен атқарсақ, осында жұмысқа орналасуға мүмкіндігіміз бар. Сол себепті, қолымнан келгенше іскер, әрі қабілетті маман болуға ұмтылып жатырмын

Мен өз басым «Жастар практикасын» жастарға берілген мүмкіншілік деп білемін. Расында, қолына кеше ғана дипломын алған жас маман қайда барарын, алған мамандығы бойынша қай жерден жұмыс табарын білмейді. Ал, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты арқылы жастарды тәжірибеден өткізе отырып, жұмысқа қабылдауға немесе жұмысқа орналастыруға негіз бар. Бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдау.

Елбасымыздың «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша биылғы жылы жоспарға сәйкес  533 азаматты жастар практикасына жіберу көзделген болатын. Жастар практикасына республикалық бюджеттен үстіміздегі жылы 114091,8 млн. теңге қаржы бөлінген.

            2015 жылға жастар практикасын ұйымдастыруға 193 мекемеден өтінім түсіп, оған 533 жас түлек жіберілді және қосымша тағы да 44 мекемеден өтінім қабылданып, 117 жас жолданды. Соның ішінде денсаулық сақтау саласына 201 азамат, құқық, қаржы, әлеуметтік сала, құрылыс сала, ауыл шаруашылық саласы, әкімшілік басқару  т.б саласына 121 азамат,  білім саласына 177 азамат жастар практикасына жолданды. Өнеркәсіп т.б саласына 88 азамат жастар практикасына жолданды.

Шайислам Ерметов, «Жастар практикасына» қатысушы: 

-                     Мен де жастар практикасы арқылы жұмысқа орналасқан түлекпін,-  дейді ол. – Шымкент медицина колледжін бітірген соң, группаластарыммен бірге Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына бардым. Ұзамай қаладағы «Шахс» деген  стоматологиядан  тәжірибеден өте бастадым, қасымда  көп жылдық тәжірибесі бар мамандар, тіс дәрігерлері жетекшілік етіп, сол кісілерден үйренгенім көп болды. Әлі де үйрентінім алда. Ең бастысы, өз мамандығым бойынша жұмысқа орналастым.   

                                                       

Қ.Ахметова, "Мезгіл-ақпарат"

 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.