29Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Жас толқын

Айгүл Өтенова, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде «Жастар практикасына» қатысушы түлек: -         Былтыр 2014 жылы Кентау қалалық медицина колледжінің фельдшерлік мамандығы бойынша  кәсіптік білім алып шыққанмын. Қолыма диплом алысымен, дереу Халықты жұмыспен қамту орталығына барып тіркелдім. Ол жақтағылар биыл маусым айынан бастап Кентаудағы қалалық балалар емханасына жолдамамен практикадан өтуге жіберді. Содан алты ай бойы, яғни маусымнан қараша айының соңына дейін тәжірибеден өтпекпін. Қазір емхананың фильтр бөлімінде отырамын, ауырып келген науқас балалардың қызуын өлшеймін, есепке аламын, құжат толтыру жұмыстарымен айналысамын. Қасымда дәрігер Гүлмира Қыпшақбаева, мейірбике Маржан Түкембаева  секілді көп жылдық тәжірибесі бар маман апайлар жетекшілік етіп, сол кісілерден үйренгенім көп болды. Ең бастысы, өз мамандығым бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алдым.  Тәжірибе көп нәрсені үйретті. Егер жұмысты тиянақтылықпен, жауапкершілікпен атқарсақ, осында жұмысқа орналасуға мүмкіндігіміз бар. Сол себепті, қолымнан келгенше іскер, әрі қабілетті маман болуға ұмтылып жатырмын Мен өз басым «Жастар практикасын» жастарға берілген мүмкіншілік деп білемін. Расында, қолына кеше ғана дипломын алған жас маман қайда барарын, алған мамандығы бойынша қай жерден жұмыс табарын білмейді. Ал, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты арқылы жастарды тәжірибеден өткізе отырып, жұмысқа қабылдауға немесе жұмысқа орналастыруға негіз бар. Бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдау. Елбасымыздың «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша биылғы…

Толығырақ ...