19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

 
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхаммед Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапары барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үй құрылысы мен «Достық» шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысын аралап көрді.
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары сонымен қатар, көкөніс өндірумен айналысатын еліміздегі ең ірі жылыжай кешенінің жұмысымен және «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан  шыны бұйымдарын шығаратын «ЕвроКристалл» зауытына барды. Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарында Саяси ұйым басшысы «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясына қатысып, өңірдегі жастармен кездесіп пікір алмасты.
Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жол» аясында салынып жатқан құрылыс жұмыстармен танысты.
Ең алдымен Саяси ұйым басшылығы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үй құрылысының жұмысын аралап көріп, мердігер мекеменің басшысына құрылыстың сапалылығына баса назар аудару қажеттігін айтты.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысқан Мұхтар Құл-Мұхаммед «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан  шыны бұйымдарын шығаратын «ЕвроКристалл» зауытында болды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасыарқылыісі өрге басқан бұл кәсіпорында 200 мл-ден 3 литрге дейінгі тағам өнімдеріне арналған шыны ыдыс шығарылады. Мұнда 254 адам жұмыспен қамтылған. Жалпы құны 5,0 млрд. теңге болатын кәсіпорын жылына 210 млн. дана шыны ыдыстар шығаруға қауқарлы.
Айта кетейік, «Оңтүстік» индустриалды аймағында  79 млрд. теңгені құрайтын,  6384 адамды жұмыспен қамтитын 83 жоба іске асырылуда. Бүгінде мұнда құны 20,8 млрд. болатын 42 жоба пайдалануға беріліп, 3136 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Бүгін Оңтүстік Қазақстанда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтті. Отырыста партия Төрағасының Бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхаммед төрағалық етті.
Конференция барысында ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. 
Ал жаңа төраға өзіне жүктелген сенім үшін алғысын білдіріп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен облыстың дамуына үлес қосуға да партия белсенді түрде атсалысатынын жеткізді.
Ширек ғасырда еліміздің  қол жеткізген жетістігінің баршасында халықтық партия – «Нұр Отан» партиясының үлесі зор екенін айтқан Оңтүстік Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Қыстауов атқарылған жұмыстар жайын баяндады.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Нұрлы жол» бағдарламасы және партияның бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру бойынша мақсатты да нәтижелі жұмыстар жүргізіп келген.
Айта кетейік, облыстық партия филиалының есебінде 110903 партия мүшесі бар, олар 328 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. Сондай-ақ, есепті кезеңде жаңадан 40 бастауыш партия ұйымы құрылды. Партия қатарын лайықты азаматтармен нығайту мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде есепті кезеңде партия қатарына жаңадан 28939 азамат қабылданып, облыстағы партия мүшелерінің саны 24758-ге артты. Ал «Жас Отан» жастар қанатының облысымызда 11 аудандық, 4 қалалық бөлімшесі болса, оларда жалпы саны 23 341 мүшесі бар.
Жиында сондай-ақ, Саяси кеңес бюросының жаңа құрамы бекітіліп, бірқатар нақты міндеттер жүктелді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Оңтүстік өңірдегі ономастика мәселелері» атты аймақтық конференция өтті.
   Ұлттық руханияттың негізі – мемлекеттік тіліміз болса, ал одан туындайтын маңызды бағыттарымыздың бірі – ұлттық ономастика, оның жай-күйі, қалыптасуы, орнығуы т.б. елдік мәселе болып табылады. 
Ономастика – жер-су атаулары, адам есімдері, халық, ру-тайпа атаулары, мемлекет атаулары, әртүрлі мәдени-тарихи нысандар, яғни «тиражға» түспеген атаулардың (жалқы есімдердің) жиынтығын зерттейтін тіл ғылымдарының ерекше саласы. Мұндай атаулар тілдің басқа жүйелерінен ұлттық сипатымен, пәнаралық кешенділігімен ерекшеленіп тұрады. Ономастикалық атаулардың қызметін олардың тек адрестік функциясына байланысты деп түсінсек, оның түпкі мазмұнына, ұлттық сипатына, қалыптасу тарихына бойламағанымыз болып саналар еді. Өйткені ономастика – халықтың жады, тарихы, білімі мен танымы.
Ономастика саласындағы өзекті мәселелерді кеңінен талқылап, оның шешу жолдары мен әдістерін айқындау және жергілікті жерлердегі мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен конференцияға облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшылығы және қызметкерлері мен облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары, Шымкент қаласы тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Шараға облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов, Әділет департаментінің басшысы Е.Дауылбаев, адвокаттар алқасы ұжымы мен заң кеңселері меңгерушілері, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысып, нысан салтанатты түрде ашылды.
Әділет департаментінің басшысы өзінің құттықтау сөзінде іс-шараға қатысушыларды адвокаттар алқасының құрылу тарихымен таныстырып өтті.    
Адвокаттар алқасы — арнаулы заңда белгіленген міндеттерді орындау үшін адвокаттық қызметпен айналысуға құқы бар адамдар құратын, коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым.  Аталған территорияда адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол [[Қазақстан Республикасы|Қазақстан Республикасының]] “Адвокаттық қызмет туралы” заңының (7-бап) талаптарына сәйкес келетін кемінде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады. Оған мемл. органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді. Адвокаттар алқасының негізгі міндеттері: адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алқа мүшелеріне жәрдемдесу, кәсіби көмек көрсету және оларды қорғау; олардың қызметін материалдық-техн. және анықтамалық-ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету; адвокаттық қызметті жүзеге асыруға кәсіби бақылауды ұйымдастыру; алдын-ала тергеу және сот органдарының белгілеуі бойынша тегін заңды көмек көрсету, қорғау ісін ұйымдастыру. Адвокаттар алқасының жарғысы, жоғары органы (алқа мүшелерінің жалпы жиналысы немесе конференциясы), атқарушы органы (төралқа), бақылаушы органы (тексеру комиссиясы) болады. 
Облыстық соттың төрағасы және адвокаттар алқасының ардагерлері қорғаушылардың сапалы заңгерлік қызмет көрсетіп, олардың іс-әрекеттеріне байланысты арыздардың түсу фактілеріне жол бермеу қажеттігін айтып, кәсіби мамандардың кәсiптiк әдеп кодексiн сақтау керектігі туралы әңгімеледі.
Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. 
Ең алдымен, аймақ басшысы «Ақжайық» шағын ауданындағы №59 жалпы орта мектептің қосымша құрылысын аралап көрді. 600 орындық білім ошағы жоспар бойынша 2017 жылы пайдалануға беріледі. Мұнан соң, Жансейіт Қансейітұлы бастаған жұмысшы топ «Қайнар-бұлақ» саяжайындағы 1200 орындық мектептің құрылысымен танысты. 
Нысанның сапасын қадағалаған аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтап, онда қолданылатын құрылыс заттарының баланың денсаулығына зиянсыз болуы қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, әкім өңірімізде әлеуметтік нысандарды салу жұмыстарына кәсіпкерлерді көптеп тартып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту керектігіне тоқталды. Жекеменшік ғимараттары бар азаматтарға «Балапан» бағдарламасының екінші деңгейі бойынша шағын балабақшалар ашуға мүмкіндік жасау керектігін айтты. 
Айта кету керек, облыс бойынша 63 мектептің іргетасы қалануда. Оның 37-і бүгінгі күнге дейін пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы да бірқатар нысандар ел игіліне тапсырылады деп күтілуде. Нысандардың басым бөлігі, Сайрам, Шымкент, Мақтарал және Қазығұрт аудандарынан бой көтеруде. Ал «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында бес мектептің құрылысы жүруде. Оның төртеуі 1200 орындық білім ошағы болса, біреуі 600 балаға шақталған жалпы мектеп болып табылады.

 

Бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысы Ж.Түймебаевтың төрағалығымен облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдерінің қатысумен селекторлық мәжіліс өтті.
Жиында Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өту барысы мен облыстағы қылмыстық ахуал және жылыту маусымының барысы туралы мәселелер қаралды.
Тәуелсіздік – еліміздің үлкен жетістігі екенін айтқан облыс әкімі мерекені тойлауды қатардағы іс-шараларға қоспай, отансүйгүштікке тәрбиелейтін ерекше кездесулерге айналдыру қажеттігіне тоқталды. Яғни, егемендік жылдарында атқарылған ерен істер жайы баяндалатын шаралар ұйымдастырылуы тиіс.
Селекторлық мәжілісте қаралған екінші мәселе бойынша ОҚО ІІД басшысы мен ОҚО Жергілікті полиция басшылары атқарылған жұмыстар бойынша мәлімдеме жасады. 
Өңірдегі қылмыстық ахуал бойынша баяндама жасаған облыстық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Б.Абылаев  9 айда аса ауыр қылмыс саны 14,7 пайызға, қарақшылық шабуыл 20,6%, бұзақылық 11,2%, ал жол-көлік оқиғалары 4,3 пайызға азайғанын айтты. 
Сонымен қатар баяндамашының мәліметі бойынша көшедегі және қоғамдық орындардағы қылмыс санын азайту мен жол апатын төмендету мақсатында жыл соңына дейін облыс орталығында 236 сыртқы бейнебақылау камералары мен 10 жол қиылысына арналған арнайы камералар орнатылатын болды.
Аймақ басшысы қылмыстық ахуалды жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Жиынның күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша облыстық энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайым облыстың жылыту маусымына дайындық барысын баяндады.
Бүгінгі күнге облыстағы 3272 бюджеттік мекемелерінің 2816-на жылу берілген. Ал өңірдегі орталықтандырылған жылу жүйелерінен қамтылатын  2278 көпқабатты тұрғын үйдің 2118-не  жылу беріле бастады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жайын күн тәртібінен тыс қалдырмаған облыс әкімі  барлық аудан, қала әкімдеріне және тиісті сала басшыларына кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарынан бір жерден құжат алу мүмкіндігін ұйымдастыруды тапсырды. Яғни, кәсібін ашамын деген әрбір азаматқа қолдау білдіріп, қағазбастылықтан арылуды міндеттеді.
Жиынды қорытындылаған Ж.Түймебаев барша мекеме басшылары мен аудан, қала әкімдеріне ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын өз деңгейінде атап өтілуін жіті қадағалауды және әрбір көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар күтетін жеткізді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Партия Төрағасының Бірінші орынбасары аймақтағы мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты.
Ең алдымен Саяси ұйым басшылығы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үй құрылысының жұмысын аралап көріп, мердігер мекеменің басшысына құрылыстың сапалылығына баса назар аудару қажеттігін айтты.
Шымкент қаласы «Асар»  шағын ауданында орналасқан бұл тұрғын үй ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық меройтойы қарсаңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталған 30 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысын «Southern bilding group» ЖШС-сі жүргізуде. 
Сонымен қатар, ол аталған бағдарлама  шеңберінде салынып жатқан 1200 орындық мектептің құрылысымен танысып, облыстағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Ең бастысы халық жұмыссыз қалмау қажеттігін айтқан Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жол» бағдарламасына биыл Қазақстанда 770 млрд. теңге бөлінгенін атап өтті.
Өңірдегі «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуын баяндаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды облыста 2016 жылы құны 20 197,7 млн. теңге болатын 50 нысанның құрылысы жүргізіліп  жатқанын айтты. Оның ішінде 10 нысан өткен жылдан өтпелі болса, 40 нысаны жаңа құрылыс. Атап айтар болсақ, 26 мектеп, 1 балабақша, 1 жатақхана мен 11 инфрақұрылым және 11 тұрғын үй құрылыстар.
Айта кетейік, аталған нысандарда қолданылып жатқан құрылыс материалдардың басым бөлігі отандық өнім.
 

 

Сейсенбі, 25 Қазан 2016 09:38

ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

Биыл Шымкент қаласында бюджет қаржысы есебінен 38,5 млрд.теӊгеге 125 нысанныӊқұрылысы жүргізілуде. Оныӊішінде 60 нысанныӊқұрылысын биыл тапсыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊбаспасөз қызметі. 
2016 жылы бюджет қаржысы есебінен 38,5 млрд.теӊгеге 125 нысанныӊқұрылысы жүргізілуде. Оныӊішінде 60 нысанныӊқұрылысын биыл тапсыру жоспарланып, қалған 65-і 2017 жылға өтпелі. Сонымен қатар, ағымдағы бюджет есебінен бірқатар маӊызды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, 8 мектеп, 3 балабақшаны күрделі жөндеу, транспорт саласында 59 көшені күрделі жөндеу, 98 көшені орташа жөндеу, 47 көше бойына тротуар салу, 20 бағдаршам орнату, 82 көпқабатты тұрғын үйдіӊауласын абаттандыру, 686 көпқабатты тұрғын үйдіӊауласын жарықтандыру, су алу қаупі бар көшелерде 11,5 шақырым ирригация жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарына қаржы қаралған.
Бұдан бөлек, қаланыӊдамуына және тұрғындардыӊтұрмыс тіршілігіне бірінші кезекте қажетті 108 инвестициялық жобаныӊжобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Оныӊішінде 78 жобалық-сметалық құжаттамалары биыл дайын болады, қалған 30-ныӊдайын болу мерзімі келесі жылға өтпелі. Бүгінгі таӊда құны 23,2 млрд.теӊгені құрайтын 28 ЖСҚ дайын. Бұл жобалар 2017 жылғы республикалық және облыстық бюджеттерге ұсынылған. 
Шымкент қаласыныӊбюджеті 2016 жылдыӊжоспары бойынша108,3 млрд.теӊгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,9 млрд.теӊгеге ұлғайған. Оныӊішінде республикалық бюджеттіӊтрансферттері 29,9 млрд.теӊге, облыстық бюджеттіӊтрансферттері мен кредиттері 26,4 млрд.теӊге, өзіндік кірістер 52,0 млрд.теӊгені құрап отыр.
2016 жылдыӊ1 қазанына қарағанда бюджетті игеру жоспары 75,1 млрд. теӊгені құрап, 99,5 пайызға орындалды.
Оӊтүстік Қазақстан облысындағы "Жанубий Қозоғистон" газетіне 25 жыл толуына орай, облыстық басылымныӊқұрметті мерейтойында Шымкентте "Достық дастарханы" атты дәстүрлі палау фестивалі өтті, деп хабарлайды "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі. 
Редакция ұжымы мен облыстық өзбек этномәдени бірлестігі ұйымдастырған шараға өӊіріміздіӊбілікті аспаздары қатысып, палаудыӊ30 шақты түрін дайындап, щеберліктерін көрсетті.
Мерекелік шараға қатысқан Оӊтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊорынбасары Мұратәлі Қалмұратов редакция ұжымын газеттіӊмерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Айта кетеу керек, Қазақстан халқы АссамблеясыныӊҚазақстан Республикасыныӊ25 жылдығына арналған "Шаӊырақ" шығармашылық байқауына қатысқан "Жанубий Қозоғистон" газетініӊредакциясы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті жазып-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін арнайы жүлдемен марапатталды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму" атты 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауында ел бірлігі туралы:
"Жаӊа 2016 жылдан Ұлт жоспары шеӊберінде қабылданған жаӊа заӊдар жұмыс істей бастайды. Бүгін мен экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаӊа шаралар туралы хабарладым. Барлығымыздыӊмойнымызда еліміздіӊболашағы үшін орасан зор жауапкершілік жатыр. Алдымызда қиын жұмыстар күтіп тұр. Мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барлық азаматтарды Отанымыздыӊигілігі жолындағы ортақ іске бір жағадан бас, бір жеӊнен қол шығара отырып жұмылып, аталған Жолдауды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырамын.
Келе жатқан күрделі кезеӊбіз үшін еӊсеру кезеӊі болады. Біз жаӊа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеӊеміз. Бұл үшін бізде біртұтас ерік-жігер, халық бірлігініӊберік дәстүрлері бар. Біз Қазақстанымызды дамудыӊжаӊа шептеріне шығаратын боламыз! 
Қымбатты қазақстандықтар! Дағдарыстардыӊбәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәӊгі. Мен айтып өткенніӊбарлығы жеӊуге болатын, біз жеӊе алатын бөгеттер. Біз көлденеӊшыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдіӊқатарына қосылу мақсатына қадам басамыз. 
Рухы биік, еӊбегі ерен, бірлігі мығым Мәӊгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктіӊтуын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздіӊтарих алдында жүзіміз жарқын! Біздіӊтірегіміз - тәуелсіздік, тілегіміз - тұрақтылық, білегіміз - бірлік!",- деген болатын.
Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊҚазығұрт ауданындағы 16 елді мекен табиғи газға қосылды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊбаспасөз қызметі. 
Ел Тәуелсіздігініӊ25 жылдығы қарсаӊында Қазығұрт ауданында газдандыру жұмыстары қарқын алуда. Соныӊбір айғағы ретінде таяуда 4,5 мыӊға жуық халқы бар Шарбұлақ ауылдық округі тұрғындарыныӊшаӊырақтарын көгілдір отынға жалғаудыӊсалтанатты жиыны өтті. Нақтырақ айтқанда, табиғи отын әзірге, аталған елдімекенніӊбір көшесіне берілді.
Жиналған тұрғындардыӊқуанышына ортақтасып, құттықтаған аудан әкімі Төлеген Телғараев: "Ел Тәуелсіздігініӊширек ғасырлық тойын лайықты табыстармен қарсы алу жолында көптеген игілікті шаралар өткізілуде. Сондай шараныӊбірі - Шарбұлақ ауылына табиғи газ жүйесініӊқосылуы дер едім. Әрине, елді мекендерге табиғи газ жүйесініӊқосылуы үлкен қуаныш. Әсіресе, күнделікті ағаш жарып, тезек теріп, күл шығарып жүрген аналарымыздыӊжұмысын жеӊілдетеді", - деді.
Ал, Шарбұлақ ауыл округініӊтөбе биі Амантай Құтымбет ақсақал тұрғындарға газдыӊберілуін Тәуелсіздігіміздіӊ25 жылдығына жасалған тарту ретінде дәріптеп, бұл үшін аудан, облыс басшылықтарына ауыл халқыныӊатынан ризашылығын жеткізді.
Жалпы бұл күні, көгілдір отын аудандағы 16 елді мекенге берілді. Шарбұлақтан бөлек, Ащыбұлақ, Жаӊабазар, Жылыбұлақ, Жаӊажол, Жаӊаталап, Қарабастау, Тілектес, Үлгілі, Қарабау, Сынтас, Жұмысшы, Үшбұлақ, Махамбет Өтемісұлы ауылы, Үшбұлақ және Жіӊішке елді мекендерініӊтұрғындары да табиғи газ тұтынып, өркениеттіӊигілігіне қол жеткізуде.
Page 3 of 5