29Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Әлеумет

Абай аудандық прокуратурасы Шымкент қаласындағы №53 мектепті тексеру барысында Шымкент қаласының тұрғыны М.К. өзінің  2015 жылы  6 наурызда дүниеге келген баласын 200 мың теңге мен алтын бұйымдарға бағалап, сатып жібергені әшкерленді. Бұл қылмысқа барған әйелдің айтуынша әлеуметтік жағдайының төмендігінен сәбиін асырай алмаған соң  22 наурыз күні Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғынына нотариалды түрде қолхат рәсімдеп, баласын сатқан. Қазіргі таңда қатігез анаға қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 135 бабының 1 бөлігімен, яғни, «кәмілетке толмағандарды саудалау» бойынша қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде. Айнұр Сапарымбетова, Абай ауданы прокурорының көмекшісі

Толығырақ ...

       Шымкентте құны 120 млн. теңгені құрайтын бірегей жүргінші жолы салынуда. Жер астымен жүретін жүргіншілер жолының едені жылытылған.          «Құрылыс кезінде жаңа технологиялар қолданылуда. Біз «жылы еден» жүйесін пайдаланып жатырмыз. Сондықтан бұл жерден жүру қауіпсіз болады. Сатыларда қар мен мұз қатпайды», - деді нысан прорабы Әбдуахид Әбдуәлиев. Жүргінші өткеліне жеке трансформатор орнатылған, ол кешкі уақыттарда жарық шашып тұрады. Мұнда пандус та көзделген, сондықтан арбадағы баламен ананың және мүгедектердің өтуіне еш қиындық туындамайды. Жобаның құны - 120 млн теңге. Оның биылғы жылғы қарашада пайдалануға берілуі күтілуде.                                                                                                                                                                                              Қазақпарат

Толығырақ ...

                 «Даму» Жастар Қоғамдық Бірлестігі ОҚО Ішкі саясат басқармасының қаржыландыруымен «Облыстағы этносаралық қарым-қатынас саласындағы өзекті мәселелерге зерттеулер жүргізу, ұсыныстар дайындау және этносаралық қатынастарды нығайтудың механизмдерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізу, іс-шаралар ұйымдастыру»жобасын жүзеге асыра бастады.   Басты мақсат - этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу және мемлекеттік этносаясат сұрақтарына, этносаралық және конфессияаралық мәселелерді оқыту, облыстағы этносаралық және кофессияаралық жағдайға мониторинг жүргізу, жылдам талдау жасау және ұсыныстар дайындау, этносаралық және конфессияаралық қатынастардағы сұрақтарға бағдарламалық-мақсаттық зерттеулер жүргізу.  Жоба аясында қоғамдық бірлестік пен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің саясат кафедрасымен бірлесіп «Қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайтудағы Қазақстан халық Ассамблеясының рөлі»  атты тақырыпта облыстық конференциясы өтті.  Конференцияда ОҚМУ-дің  ғылыми қызметкерлері мен студенттерінің дайындаған баяндамалары оқылды. Баяндамаларда талқыланған мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берілді.       

Толығырақ ...

Қаладағы Шәмші Қалдаяқов көшесінің тұрғындары таза ауызсуға қол жеткізді. Ескі құбырлардан сапасыз су ішіп келген көпшілік енді сүзгіден өткен таза суды пайдаланатын болады. Су арнасы мамандары көпқабатты үйдің құбырларын жаңалап, тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз етіп отыр. Таза ауызсу бұған дейін жергілікті тұрғындар үшін арманға айналып келген еді. Тозығы жеткен су жүйелерінің жайы, әсіресе, көпшілік аманатын арқалаған үй комитеті төрағасын қатты алаңдататын. Осыған дейін ескі құбырлардан келетін суға күманмен қарайтынбыз дейді ол. Мұндағы су жүйелері жылдар бойы жөндеу көрмей келген. Жаңа құбырларды орнату жұмыстары былтыр ғана қолға алынды. Су арнасы мамандары бірнеше күннің ішінде су жүйелерін түгелдей жаңалап шықты. Мақпал РЫСБАЕВА, Otyrar.kz

Толығырақ ...

          Қаламқас апаның алтын асықтай алты келіні бар. Алтауын да қолдан түсіріп, басына орамал салып, ақ босағадан аттандырды. Әрқайсысының жаманын жасырып, жақсысын асыра білді. «Жібекті иіре алмаған жүн етеді, келінді күте алмаған күң етеді» деген қанатты сөзді жадынан тастамаған апамыз келіндерін қыздарынан кем көрген жоқ. Келіндері де алдына түсіп иіріліп, сәлемінен жаңылмайды. Қатты дауыс көтеріп, жекіген емес. Бола қалған жағдайда келіннен кеткен кемшілік екенін бірден түсінесің. Өз әулетінде  келіндер мектебін қалыптастыра білген, 6 ұл 6 қыз өсіріп Батыр ана атанған Қаламқас апаның тағылымды тәжірибесі мен  өнегелі тәрбиесі көптеген қазақ отбасыларына үлгі боларлықтай.  Қазіргі қоғамда ене мен келіннің қарым-қатынасы өзекті тақырыпқа айналып отыр. Кердең келін мен есірген ененің қылықтары бүгінде екінің бірінің таусылмайтын әңгімесі болып алған. Содан да шығар, отбасында ата-енемен бірге тұрудан қашқақтайтын жас қыздар көбейді. Алайда, жат жұртқа келін болар қыздың ене тәрбиесінен өтуі заңды да. Қазақ тарихында ене мен келіннің қарым-қатынасы өз алдына бір институт боларлық. Бұған заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Зере мен Ұлжанның ұлағатты қарым-қатынасын мысал етіп айтсақ та жеткілікті. Ендеше, одан бері қарай не өзгерді? Ене мен келіннің арасынан неге бүлік шықты? Бүгін ол неге өзекті мәселеге айналып отыр?   - Бұрын тұрмысқа шығып, жар атану, қайынжұрттың көңілін табу деген мәселені онша көп…

Толығырақ ...