22Қазан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

29 Сәу

Облыстағы үздік колледж атанды

Аймақ колледждерінің рейтингі Кәсіпкерлер палатасында жасалды. Бағалау кезінде материалдық-техникалық база, жұмыс берушілердің арасында студенттердің дайындық деңгейі туралы жүргізілген сұрау, колледждермен өзара қатынас, түлектердің жұмысқа орналасуы мен білім ошағындағы оқытушылардың сапалы құрамы тәрізді бірнеше критерийлер есепке алынды.
«Рейтингті Шардарадағы № 16 колледж басқарды. Бұл оқу орны балық саласы, АӨК және мақта өндірісінен бастап түрлі сала мамандарын дайындайды, бұл жерде аспаздар, дәнекерлеушілер, түрлі жұмыс атқаратындар да оқытылады», - деп баяндады ОҚО-ғы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.
Көшбасшылар үштігіне Шымкент қаласының № 6 колледжі мен Оңстүстік Қазақстан инновациялық-техникалық колледжі кірген.
«Рейтингтегі соңғы орынды Кентау қаласының № 54 колледжі алған. Біз бұл рейтингтің талапкерлерге осы жазда оқу орнын дұрыс таңдауға көмектесетініне үміттенеміз», - деді баспасөз қызметінен.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.