29Сәуір2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

29 Сәу

Адам өз жұмысын сүйе білуі керек

Шымкент қаласындағы «СитиСтрой» мекемесінде 15 жылдан астам бас механик болып жұмыс істейтін Мәлік Жолбасхановтың жауапкершілігі зор, міндеті де үлкен. Мекеменің техникалық қауіпсіздік саласына жауапты маманның жұмыс күні ең алдымен ауыр және жеңіл жүк көліктерін тексеруден басталады. Механика саласын терең меңгеріп, өз ісінің білгірі атанған Мәлік аға бұл мамандыққа кездейсоқ келмеген.
– Әр адамның өзі қызығып, бар ынтасымен істейтін ісі болады ғой. Осы мамандықты таңдап, еңбек етіп жүргеніме өкінбеймін. Әр жұмыс күніме деген қызығушылығым басылған емес. Өз жұмысын сүйе білген адам ғана сол істің маманы болады деп ойлаймын, – дейді ол.
Мекеме базасында көліктердің түр-түрі тізіліп тұр. Самсаған самосвал, автогрейдерлер, бетонды миксерлер, экскаваторлар – жалпы құрылысқа қажетті көліктердің техникалық қауіпсіздігін бақылайтын механик Мәлік. Мекемеге қарасты жүзге жуық техниканың 70 пайызы ауыр жүк көліктері. Олардың қанша уақытқа жарамдылығы, қуаттылығы күнделікті Мәлік ағаның тексеруінен өтеді. Онсыз жұмысқа жіберілмейді. Жарамсыз көліктер жылдам жөнделеді немесе қосалқы бөлшектері ауыстырылады. Кейде түнімен темір ұстап, шұғыл жөндеу жүргізуге тура келеді.
– Техниканың тілін түсіну оңай емес, – дейді Мәлік аға. – Мекемеге жаңадан әкелінетін көліктердің көбісі Қытай, Жапония, Германия елінен шығарылған. Олардың бүкіл құрылымын жіті зерттеп барып, меңгеруге тура келеді. Қанша уақытта, қанша қашықтықта жұмысқа жарап, дер кезінде тиісті майын ауыстыру керек екенін ескеру қажет. Әрине, бұл жұмыстардың бәрін атқару бір өзіме ауырлық етеді. Қазір жанымда екі көмекші-слесарьлер бар.
Айта кетейік, «СитиСтрой» қаламыздың құрылыс саласына қомақты үлесін қосып келе жатқан мекеме. Бірқатар зәулім ғимараттар тұрғызып, тұрғын үй кешендерін пайдалануға берген.
Р.ҚОНАРБЕКҚЫЗЫ.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.