18Тамыз2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

26 Сәу

Теңгенің құнсыздану қаупі бар ма?

Сәуірдің аяғындағы Қазақстан Президенті сайлауынан кейін теңгенің долларға шаққандағы бағамы отыз пайызға дейін құнсызданып, экономика құлдырайды деген болжамдарды АҚШ банктеріндегі сарапшылар да айта бастады. Бұл қаншалықты рас? Ел экономистері не дейді бұған? Әзірге саясат ықпалынан ыға алмай отыр ма, әйтеуір жұмған ауыздарын ашпай, нақты сараптау мәліметтерін жария етпеді. Билік белсенділері болса, сайлау науқанымен жүр. Халық та әліптің артын бағып отырғандай. Кім білсін, бұл дауыл алдындағы тынық жатқан толқын ба, әйтеуір елдегі сайлаудан соң,  бір өзгерістің болары анық. 
  
Ал, әлемдік сарапшылар биылғы жылдың аяғына таман доллар құны 250 теңгеге дейін өседі дейді. Дәл қазіргі бағам - 185,65 теңгені құрайды. Теңгенің бұлай құбылуына  – Ресей рубльінің құнсыздануы да өз әсерін тигізбей қоймас. Яғни, алдағы уақытта ол жақтан тасымалданып жатқан тауарлар қызметі күрт төмендемек.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың қаңтарынан теңге бағамы 16,5% төмендеді, содан бері бүгінге дейін осы аралықты ұстап келеді. Соңғы бір жылда Қазақстанның Ұлттық Банкі теңгені тұрақты ұстап тұру үшін 18 миллиард АҚШ долларын жұмсады.
Дегенмен, Қазақстан – ұлт валютасының құнсыздануына тап болған жалғыз ел емес. Солардың арасында ең ірі экономикалық тұрақсыздықты бастан кешкен Украина валютасы 82,9% бір-ақ құлады. Ресей 61,9% және Белорусс 54,4% төмендеді. Осы ақпанда Әзербайжан манаты 34,6% түсіп кетті. Әзірбайжан өз кезегінде құлдырауға қарсы манаттың «алыпсатарлық» тәсілдеріне қысым жасау амалдарын қарастырды. Бұл шаралар әлі де жүргізіліп жатқан көрінеді.
Алдағы уақытта «Теңгенің екінші құлдырау кезеңінде Қазақстан Үкіметі қандай амал-шарғылар жасар екен?» деген де ойлар айтылыпты шетелдік сарапшылардың пікірінде. Олардың пайымдауынша, теңгенің екінші мәрте құлауы кезінде үкімет пен қарапайым халық арасына селкеу түспек. Әсіресе, Ұлттық банк шарасыз күйде теңгені ырқына жіберуге  .
Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2012 және 2013 жылдары әдеттегідей 5 и 6% құрады, 2014 жылы бұл көрсеткіш 4,3% болды. Ал, биыл 2015 жылы ЖІІ - 1% ғана болмақ. Кәсіпті несиелендіруге деген қолжетімділік әзірге ішінара тоқтап тұр. Және кәсіпкерлер бұған қарамастан несиелендіруді оңайлатуды үкіметтің өз тарапынан қолдау алу керектігін айтып, жол көрсетуіне жүгінеді. Сондай-ақ, 2015 жылы Ұлттық Қордағы тапшылық 500 миллиард теңгеге жуықтамақ. Оны қарызбен жабуға тура келеді.  

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.