22Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Өңір

Жазғы маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы әкімінің бастамасымен «Толағай» және «Еркежан» атты екі сауықтыру лагерлері ашылады, - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен. Жұмысын 6 маусым күні бастайтын бұл лагерде маусымына бес мыңға жуық баланы демалдыру жоспарлануда. Жазғы балаларды сауықтыру лагерлеріне әлеуметтік аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасы балалары мен жетім, жартылай жетім балаларды қамту мақсатында жалпыға міндетті білім беру қорынан бюджеттен 15 млн. бөлінсе, білім беру қызметкерлерінің кәсіподағынан 15 миллион, аудан бюджетінен қосымша 20 миллион теңге көлемінде қаржы қаралды.  Аталған лагерлер 7 маусымнан тұрады. Әрбір маусым 10 күнді құрайды. Мұнда ауданымыздағы 4-10-шы сынып аралығындағы оқушылар демалмақ. Жасөспірімдерге таңғы жаттығу, түрлі сауықтыру ойындары мен қол өнер үйірмелері, мәдени және спорттық бағдарламалар өткізіліп, төрт мезгіл тамақ беріледі. Мұндағы «Толағай» лагері  250, «Еркежан» лагері бір маусымда 100 бала қабылдай алады.   ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше биыл облыста 24 жазғы сауықтыру лагерінде 50 мыңға жуық бала демалады. Сондай-ақ 6500 бала өзге өңірлер мен шетелдердегі лагерлерге барады. Өңірде жазғы лагерлер маусым айының бесінен бастап жұмысын бастайды. Осы демалыс орындарына облыстан әлеуметтік тұрмысы төмен, жетім және жартылай жетім он мыңға жуық бүлдіршін жаз айында лагерлерге тегін жіберіледі. «Мезгіл-ақпарат»

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының әкімі мен қазақстандық-канадалық «Инкай» бірлескен кәсіпорнының Бас директоры Дэррил Кларк аймақтың әлеуметтік саласының даму мәселелерін талқылады. Жергілікті билік өкілдерімен кездесулер барысында Дэррил Кларк құрылтайшылары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және канадалық компания  «Cameco Corporation» болып табылатын «Инкай» кәсіпорны Қазақстандағы кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі белсенді саясатын қолдайтындығын айтып өтті.   «Біз өндірістік нысандарымыз орналасқан аймақтың әлеуметтік дамуын қолдау мәселелеріне ерекше мән береміз. Әлеуметтік, спорттық-сауықтыру және тұрғын үй-коммуналдық сипаттағы нысандарды қалпына келтіру және жаңартуға көмек көрсетуге дайынбыз», - деді кәсіпорын басшысы. Аудан әкімі өз кезегінде жергілікті кәсіпкерлермен өзара тиімді байланыстар орнатып, өзгертулер мен жаңа әлеуметтік бағдарламаларды талап ететін келелі мәселелерді анықтауға дайындығын білдірді. Нақты айтқанда, бұндай шаралардың қатарына төтенше жағдайлармен байланысты іс-шаралар, ардагерлер, мүгедектер қоғамдық ұйымдары мен балалар үй-интернаттарына көмек көрсету, мәдени жобаларды, спорттық және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, аймақтың заманауи әлеуметтік инфрақұрылымын жасақтау және т.б. Айтып кету керек,  «Инкай» бірлескен кәсіпорнының ұжымы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын тойлаудан тыс қалған жоқ. Мереке қарсаңында Дэррил Кларк аудан орталығындағы Ардагерлер үйіне арнайы құттықтап барды. Оларға естелік сыйлықтар тапсырып, материалдық көмек көрсетті. Сонымен қатар Д. Кларк жуыр арада ардагерлердің тұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге уәде берді. «Мезгіл-ақпарат»

Толығырақ ...

ОҚО Отырар ауданында кластерлік жүйемен жүгері зауыты ашылды. Зауыттың ерекшелігі егіс басындағы дәнді-дақылдарды жіптіктей етіп жинай отырып, әрі кептіреді, әрі сақтайды. Ал, бұрын диханшыл ағайын жаз бойы белі бүгіліп еккен дақылдарын күзгі жауын-шашыннан аман сақтай алмай, ылғалдың астында қалып қоятын. Еңбегінің рахатын емес, бейнетін көріп жүрген егіншілер мұнан былай жаңа зауыттың жұмысына иек артып отыр. Зауыттағы техникалық қондырғы сағатына отыз бес мың тонна дәнді дақылды кептіре алады. Оған қоса қасында  он мың тоннаға дейін өнім сақтайтын қоймасы салынған. Бұл жобаға 250 миллион теңгеге жуық қаржы құйылған. Ендігі қадам – қара күзде дейін бел жазбай жұмыс істеу. Өнімді еке еселеп алып, оны ойдағыдай кептіре отырып, қысқа дейін сақтау, саудаға шығару. Осының өзі аз жұмыс емес. Алдағы жоспарлары жөнінде «Отырар дән» ЖШС жүгері зауытының басшысы Бауыржан Әлмахан былай дейді: - «Біз жүгерімен бірге, басқа да дәнді дақылдың барлық түрін мұнан былай қабылдай аламыз. Бидай, күріш, пісте де болады. Кептіргіш және сақтағыш құралдарымыз соған төтеп береді». Бауыржан Әлмахан ауылшаруашылығын терең зерттеп, жіті меңгерген маман. Осы еңбегі мен қырағылығының арқасында алып қондырғыны іске қосып, зауыт жұмысын жүргізіп келеді. Зауыттың мүмкіншілігі артқаны себепті, биыл жүгері егісінің алқабы да  ұлғайған екен. Өйткені дайын өнімдерін сақтайтын жер бар. Зауыт – аудандағы индустриалды аймақта ашылған алғашқы кәсіпорын. Индустриалды…

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстанда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 9157 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл туралы «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Темірбаева мәлімдеді деп хабарлайды ОҚО баспасөз қызметі. Осы жылдың төрт айында атқарылған жұмыстарға есеп берген басқарма басшысының айтуынша жұмыссыздық деңгейі екі пайызға төмендеген. Ал, жұмыс іздеп келгендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі елу үш пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, осы бағдарлама негізінде он үш мың екі жүз үш  азаматпен келісім шарт түзілді. Олар, бірінші бағыт бойынша ауылдық елді мекендерді көркейту мақсатында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына 2,1 млрд.теңге бөлініп жиырма тоғыз нысан бекітіліп, осы жұмыстарды жүргізу барысында сегіз жүз жиырма екі  уақытша жұмыс орындары ашылып, оның 412-сі жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданатын болады. Екінші бағыт бойынша алпыс адам 132,7 млн. теңгеге шағын несие алып, несие алушылар тарапынан қосымша жүз алпыс сегіз жаңа жұмыс орындары ашылды. Ал, үшінші бағыт шеңберінде 9157 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, сегіз жүз жиырма жеті азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Оқуды бітіруші төрт жүз қырық бес жас маман жастар практикасына жіберілді. Кәсіптік оқыту бойынша он төрт мамандық негізінде 178 бағдарлама қатысушысы қайта даярлауға жолданды, – деді Ә.Темірбаева. 

Толығырақ ...

Қазақстандық «Alageum Electric» электр-техникалық компаниясы техника мамандарын даярлайтын Кентау көпбейінді колледжін қамқорлыққа алды. Тараптар бұл ынтымақтастықты меморандумда бекітті, деп хабарлады ОҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.  «Бұл бизнеске бұдан әрі өз кәсіпорындары үшін білікті қызметкерлер даярлауға, оқу бағдарламасын  дербес қалыптастыруға, оқыту барысын бақылауға, колледждің материалдық базасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деп әңгімеледі ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Қасымбеков. Мұндай ынтымақтастық өндірістік практика  проблемасын шешуге де жәрдемдеседі. Студенттер тікелей цехтарда өз біліктілігін арттырып, тәжірибеден өтеді, өндірісті өз көзімен көруге және оқу аяқталғаннан кейін зауытқа дайын маман ретінде келуге жағдай туғызады. Әзірге  болашақ жұмысшылардың даярлану деңгейі көптеген әлеуетті жұмыс берушілердің көңілінен шығып жүрген жоқ. Ал, нарық заңы қатал. Жылдан-жылға, күннен күнге техниканың қарыштап дамыған заманы, қоғамға сай мамандану қажет. Егер білікті мамандар даярлау білсек, бәсекеге қабілетіміз артары хақ. Аталмыш компания да осы мақсатты нысанаға алып, алдағы уақытта өз ойларынан шығатын кәсіби мамандарды іріктеп шығару.  «Alageum Electric» компаниялар тобы электр энергетикасы, машина жасау, құрылыс салаларындағы 30-дан астам ірі кәсіпорындар мен зауыттарды біріктіреді. Колледжді шепке беру барлық түлектердің басты проблемасы - жұмысқа орналасу мәселесін шешеді. "Мезгіл-ақпарат" 

Толығырақ ...

Page 2 of 3