19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Өңір

Шымкенттегі «Көрме» орталығында отандық ойыншықтар жәрмеңкесi өттi. Көрмеде елiмiзде шығарылатын ойыншықтар мен балаларға арналған қолөнер бұйымдары ұсынылды. Шараның өтуiне облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық бiлiм, жастар саясаты және тiлдер дамыту басқармалары қолдау көрсеттi. Iс-шараға облыс әкiмiнiң орынбасары Сәкен Қаныбеков, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова қатысты. Ойыншықтар жәрмеңкесiн өткiзудегi басты мақсат - отандық өнiмдердi насихаттау. Бұл ойыншықтардың сапасы шетелде шығарылатын өнiмдерден кем емес, әрі балалар үшін қауiпсiз.  Көрмені тамашалауға келген қонақтарды қаладағы «Өнер» мектеп-интернаты оқушыларынан құралған оркестр сазды әуенмен қарсы алды. Танымал әншi-продюсер, «Бал-бала» ойыншықтарының авторы Қыдырәлi Болманов iс-шараның ашылу салтанатына қатысып, көрменің лентасын қиды. Мұнда «Бал-баланың» қуыршақтарынан бөлек, Шымкенттен шығарылатын «Шымкент-пластик» ойыншық зауытының бұйымдары да қойылды.  Шара аясында ұйымдастырылған жергiлiктi қолөнершiлердiң кәдесыйлары мен балаларға арналған ұлттық киiмдер жәрмеңкесін көпшілік кеңінен тамашалады.Шымкентте ойыншық зауытын ашқан кәсіпкер Рабиға Байтемірова: «2005 жылдан бастап Ираннан, Қытайдан, Өзбекстаннан ойыншықтар алып келіп, сата бастадым. Сөйтіп “осындай ойыншықтарды шығаратын зауытты неге өзімізде ашпасқа?” деген ой келді. Отбасымызбен ақылдасып бар ақшамызды осы кәсіпке салдық. Ұлым Наурызбек 5 жылдан бері Қытайдың белді бір университетінде білім алып жатыр. Ойыншық станоктарындағы компьютер бағдарламаларын жетілдіру бойынша. Бар үйренген, көрген, білгендерімен бөлісіп тұрады»- дейді. Мезгіл-ақпарат.  

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданындағы Шілік ауылында құс фабрикасы ашылды деп хабарлады аймақ әкімінің баспасөз қызметінен. «Жаңа жер» құс фабрикасының құрылысына 14 млн. теңге жұмсалған. Кәсіпкерлер бесмың мекиен тауықты сатып алып, олардан айына шамамен 120 мың жұмыртқа алмақ. Әзірге мұнда төрт адам жұмыс істеуде, жалақы шамамен 35 мың теңгені құрап отыр. Бизнесмендер алдағы уақытта істерінің кеңейетініне сенімді. Олар болшақта құс фабрикасының өнімдерін басқа аймақтарға жіберу арқылы табыс көзін арттыруды көздеп отыр. Бүгінде цехтың қуаттылығы Отырар ауданының қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті.   Кәсiпорынның салтанатты ашылу рәсiмiне аудан әкiмi С.Полатов, «Саутс Ойл» ЖШС-нiң президентi, белгiлi меценат С.Сейiтжанов және облыстық мәслихат депутаты, «ҚазҚұсБатареясы» ЖШС-нiң бас директоры Ә.Досболов қатысты. Жалпы, Отырар ауданында 126 мал бордақылау алаңы бар. Бұл құс фермасы шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы аясында іске асып отыр. Ал, құс фермасы ауданда алғаш рет ашылды. —Келешекте ендi сүт фермасын ашсақ деген ниетiмiз бар. Жоспарымызды жүзеге асыруға кiрiсiп те кеттiк. Аудан әкiмдiгi арнайы жер бөлiп, қазiргi таңда жаңа ферманың iргетасын қалауға байланысты құрылыс жұмыстары жүргiзiлуде, — дейдi шаруашылық төрайымы Г.Сейiтжан.Жаңа Шiлiктегi құс фермасынан шығарылған жұмыртқалар «Смарт Ойл» компаниясының бiр жарым мың жұмысшысына сапалы, экологиялық таза табиғи өнiм ретiнде жiберiлiп отырады.  

Толығырақ ...

Биыл Оңтүстіктен ат арытып баратын жәрмеңке базары Алматыда  жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Оңтүстіктегі диханшыл өңірден шыққан көкөністер, мәуелі жеміс-жидектер осы жолы да кезекті рет жолға шыққан болатын. Өнімдер толықтай Оңтүстік Қазақстан облысының тауарлары. Бұл жолы ет,балық, сүт өнімдерімен қоса ұн, шұжық, жарма, өсімдік майы, қолдың сары майы жөнелтілді. Баға әдеттегі нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды.  Жәрмеңкеге жиналған халықтың арасында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен ОҚО әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев та болды. «Алматылықтар мен қала қонақтарына жалпы бағасы шамамен 100 млн.-нан астам теңгені құрайтын 56 тонна ет, 5 тонна сүт өнімдері, 75 тонна көкөністер мен жемістер және басқа да тауарлар ұсынылды. ОҚО-ның 14 ауданы мен екі қаласынан келген шаруалар мен аграршылар мегаполиске 202 тонна экологиялық таза әрі сапалы өнімдерді жеткізді», - деп мәлімдеді С.Тұяқбаев. Сонымен қатар, 10 мың дана жұмыртқа және бал, балық өнімдері ұсынылды. Жәрмеңкенің тиімділігі – нарықтағы бағаны ырықтандыруға мүмкіндік бар. Күні бойы жалғасқан жәрмеңкеге қойылған өнімдердің барлығы экологиялық жағынан таза, әрі арзан, әрі сапасы жоғары. Сондықтан жәрмеңке өнімдері қала тұрғындарының көңілінен шықты. Шаруалар да өз тауарларының өтімді болғанын, соған сай еңбектерінің жемісін көргеніне ризашылықтарын танытты. Еліміз де қазіргі таңда отандық өнімге сұраныс көп. ОҚО өсірген көкөністер мен жеміс-жидектер алдағы күні солтүстік облыстарға жөнелтілетін болады. Мезгіл-ақпарат

Толығырақ ...

Page 3 of 3