19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы            іс-қимыл Агенттігі тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға жүйелі бақылауды ұйымдастыруды негізгі мақсат етіп қойған.

Осыған байланысты, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент)тарапынан  жұмысшы топ құрылды.

Жұмысшы топтың құрамына департаменттің бас маманы Ә.Әбиев, «Нұр Отан» партиясының ОҚОФ өкілдері А.Еркінбеков, А.Әбдіқадыров, «Үміт» қоғамдық бірлестігінің өкілі Ш.Усманова кірді.

Талдау және сараптама жасау мақсатында ағымдағы жылдың 8 қараша күні аталған топ мүшелері облыстық ауруханада, Шымкент қалалық орталық емхана мен қалалық білім бөлімінде болды.

Бақылаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар беру, сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды жою.

Алдын алу шаралары нәтижесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіруші субъектілерге ескертулер жасалып, қысқа уақыт ішінде анықталған кемшіліктерді жою тапсырылды.