22Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

02 Мау

Түркістандағы «Дидар» шаруа қожалығы жылыжай өнімдерін көбейтуде

Соңғы жылдары Түркістан қаласы аумағында жылыжай көлемі артып келеді деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Әуелгіде аталған бизнес көп қаржы талап еткенімен түсінген жанға бұл жобаның қайтарымы мол. Әсіресе күн суыта бере бағасы шарықтай түсетін отандық көкөнісіңізге қыстың күні екінің бірі қол жеткізе алмайды. Шетел асып келген өнімдеріңіздің сапасы айтпаса да түсінікті.
Осы мәселені күн тәртібінің негізіне айналдырған Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев ауылшаруашылығы саласының мамандарымен ой бөлісіп, Шаға аулындағы «Дидар» шаруа қожалығының жаңа жылыжайында болып қайтты. Бұл түркістандықтар үшін таңсық іс емес. Қазіргі күнде қала аумағында отыз бес гектар жерге ірілі-ұсақты жылыжай салынған. Алайда, аталған көрсеткіш өңір тұрғындарының сұранысын толық қанағаттандыра алмайды. Бұл дәйектерді шаһар басшысы мамандармен кездесу барысында атап өтті. Сондай-ақ, Ә.Өсербаевтың айтуынша қала халқын толықтай жергілікті өніммен қамту үшін, екі мың екі жүз алпыс тоннадан артық қызанақ пен бір мың алты жүз елу бір  тонна қияр қажет екен. Ал, 2014 жылы Түркістанда сегіз жүз қырық тонна қызанақ, бір мың үш жүз отыз тонна қияр өндірілген. Бұл көрсеткіш қажеттіліктің тең жарымын ғана өтейтіндігі анық. Осындай сандарды тилге тиек еткен қала басшысы алдағы уақытта жылыжай көлемін арттыруда жүйелі жұмыс жүргізу күн тәртібінен түспейтіндігін мәлімдеді. Мұнда тек қана қала халқының сұранысын қанағаттандыру емес, өзге аймақтарды қамтуға толық мүмкіндік бар екендігін жеткізген Ә.Өсербаев «Дидар» шаруа қожалығының жұмысына оң бағасын беріп, алдағы уақытта мұндай жобаларға барынша қолдау көрсетілетіндігін айтты.Жер еміп өскен, еңбекшіл шаруалардың бұл кәсіп түріне шыңдалып, нәтижесге қол жеткізетініне сенім мол. Жылыжай бизнесі әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысында қарқынды дамып келеді. 
Осы категориядағы басқа материалдар: « Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп келеді

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.