22Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

02 Мау

Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп келеді

Облыс әкімі А.Мырзахметов Созақ ауданына жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап көрді. Алдымен аудан орталығы Шолаққорған елді мекенінде орналасқан кәсіпкерлік мектебінде болып, жаңа нысанның алдағы атқарылар жұмысымен таныстыдеп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Құрылысы бес жарым айда салынып біткен ғимараттың жалпы ауданы 660 шаршы метрден астам. Енді бұл ғимаратта 55 адам жұмыспен қамтылмақ. Кәсіпкерлік мектебінің жұмысын жүйелеуді ауданның жауапты сала мамандарына мықтап тапсырған өңір басшысы жұмыссыздықты азайту үшін өз кәсібін бастаған азаматтарға барынша қолдау жасау жергілікті биліктің негізгі міндеті екенін айтты. Су көздерін барынша тиімді пайдалану уақыт талабы. Ағын су қоры аз Созақтық шаруалар ауылшаруашылығы саласындағы соңғы заманауи технологияларды ұтымды қолдануды қажет етеді. Теріскейдегі «Сасықбұлақ» шаруа қожалығы 15 гектар жерге тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы алма, өрік, алмұрт, шабдалы сынды жеміс түрлерін отырғызған. Облыс әкімі осы қожалықтың алма бауында болып, шаруашылықтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, осындағы жаңа бассейн құрылысын аралап көрді. Шолаққорғандағы индустриалды аймаққа арнайы барған А.Мырзахметов осында жүзеге асып жатқан жобаларды саралап, жергілікті билікке бірқатар жаңа міндеттер жүктеді. Жалпы Созақтағы бұл индустриалды аймақта уран өндірісіне қажетті метал бөшкелер мен өндіріс орындарына қажетті құрал-жабдықтар шығару сынды жобалар іске асқан. Бүгінде мұнда ас тұзын өңдеу, пластмас қалдықтарынан шикізат өндіру мен кірпіш зауыты сынды жобалар қолға алынып, жоспарлы жұмыстар жалғасын табуда. Сапарды осы аймақта қорытындылаған облыс әкімі жауапты басшыларға индустриалды аймақтың әлеуетін барынша тиімді пайдалану, кәсіпкерлерге жағдай жасау, жеке кәсібін бастаған азаматтарға қолдау көрсету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.