22Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

30 Мам

Оңтүстік Қазақстанда 101 білім нысанының құрылысы жүруде

Шымкентте өткен брифингте облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Елшиева өңірде биыл 23,6 млрд теңгеге 101 білім нысанның құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 67 білім нысанының пайдалануға берілетінін айтты. Оның 49-ы мектеп, 13-і балабақша, 5-і қосымша құрылыс. 
Оның ішінде 49 білім нысандарының 27-і апатты, 3-і - үш ауысымды мектептер болса, 13-і балабақша. Сондай-ақ, балғындарды балабақшамен қамту мақсатында жыл соңына дейін 12 мың баланы қамтитын 95 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға беріледі. Оның 48-і мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылмақ.
Оңтүстік Қазақстан облыстық білім, жастар саяаты және тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, өңірде 1-6 жас аралығындағы 151948 баланы қамтитын 1412 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Естеріңізге салсақ, былтыр өңірде 115 білім нысанның құрылысы жүрген болса, «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі 160 ұйым іске қосылған.Қазақстандағы әрбір бесінші сәби оңтүстік өңірінде дүние есігін ашатыны белгілі. Мәселен, соңғы төрт жыл ішінде облыс аумағында үш жүз мыңнан астам бала туылған. Осыны ескере келе балғындарды балабақшамен қамту шаралары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Басқарма басшысы баспасөз мәслихатында үш ауысымда оқитын 25 мектептің бүгінде бесеуінің құрылысы жүргізіліп, ағымдағы жылы тапсырылатындығын, 2017 жылға дейін үш ауысымды мектептер саны жойылатынын баяндады.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.