22Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

30 Мам

Шымкентте керамикалық гранит кәсіпорыны ашылды

Шымкентте «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің қолдауымен салынған керамикалық гранит шығаратын зауыт іске қосылды. Яғни, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі және Қазақстанның инвестициялық қоры Шымкентте керамогранит өндіретін зауытты пайдалануға берді. Холдингте нақтылағандай, зауыттың негізгі өнімі - керамикалық гранит - Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өткізуге бағдарланған.
Оның өндірісі үшін жоғары сапалы баяу балқитын балшық, ең таза кварц құмы, дала шпаты және табиғи пигменттер қолданылады. Кәсіпорында «Barbieri & Torozzi» итальяндық жабдық орнатылды. Зауыттың техникалық қуаттылығы жылына керамограниттің 2,5 миллион текше метрін құрайды. Өнімнің жоғары сапасы бәсекелестердің осы тәріздес өнімдерінен басым болып табылады. Ағымдағы сәтте өндірісте 80-нен артық адам еңбек етуде, келешекте жұмыс орындарын 200 адамға дейін көбейту жоспарланған. 
Жобаны қабылдау сәтінен бастап ҚИҚ «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен инвесторды іздеу бойынша белсенді жұмыс жүргізді, ұзақ келіссөздердің нәтижесінде жобаға «ЗЕРДЕ» ҒӨБ» ЖШС тартылды. Осы компанияның өндірістік және құрылыс секторында жұмыс тәжірибесі мол, сондай-ақ логистикалық бизнеске, фармацевтикалық секторға және т.б. белсенді қатысып келеді. Қазіргі уақытта «ЗЕРДЕ» ҒӨБ» ЖШС техникалық аудит пен іске қосу-жөндеу жұмыстарын қорытындылауда. Сондай-ақ, жабдықтың тестілік пайдалануы жүргізілді және дайын өнімнің сынамалық партиясын шығару жүзеге асырылды.
Жаңа инвестордың жоспары - қажетті шикізаты бар жеке кен орнын өндіру және өңдеу мақсатында кен қойнауын пайдалану жобаларына қатысу, бұл компанияға дербес және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сырттағы өнім берушілерге тәуелділікті жояды. 
МЕЗГІЛ-АҚПАРАТ

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.