22Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

30 Мам

Сайрам ауданындағы жаңа балабақшаға 40 маман жұмысқа тартылды

Сайрам ауданында 160 балаға арналған екі қабатты жаңа балабақша бой көтеріп, ашылу салтанаты болып өтті. Балабақша соңғы талаптарға сай, мұнда қырықтан астам мамандар жұмысқа тартылып отыр. Мектепалды мекемесіндегі сабақтар үш тілде жүргізіледі.
Тәрбиешілер үйірмелерде балалардың бойында патриоттық, төзімділік пен басқа ұлттарға құрмет сезімдерін дамытуға бағытталатын сабақтар өткізеді. Сондай-ақ балабақшада балаларды кішкентай жастан бастап салауатты өмір салтына үйрету үшін арнайы жабдықталған алаңдар салынған. Балабақшаға қабылдаудың тізімі қаралып, жүйелі тəртібі жасалды. Енді əр ата-ананың өз баласын мектепке дейінгі балалар мекемесіне орналастыруға мүмкіндігі бар. Динара Айкөзова, Сайрам аудандық білім бөлімінің басшысы: «2014 жылы біз тағы да қосымша кемінде 15 балабақша ашуды жоспарлап отырмыз. Одан бөлек қыркүйек айынан бастап дайындық топтарын ашылады». Сайрам ауданында жыл сайын балабақшалар 3 мыңға жуық кезекте тұрған бүлдіршіндермен толығады. Ал аудандық білім бөлімі алдағы 3 жылдың ішінде кішкентай тұрғындардың 3/4 бөлігі мектепке дейінгі тәрбиемен сусындайды деп жоспарлап отыр.  Балабақша қос қабатты болғандықтан бөлмелері кең, жоба бойынша бірнеше топқа арналған. Мұнда барлық жабдықтар жаңа. Жылу, кәріз және ауыз су орталық жүйеге қосылған.
 Мезгіл-ақпарат

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.