19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

30 Мам

Шымкенттегі құрылыс цехы мемлекеттік қолдау аясында жұмыстарын жандандырды

Шымкенттегі  құрылыс цехы жылына 4 мың тонна өнім өндіреді, деп  хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Түрлі құбырлар, профильдер, металл тақтайшалар мен шатырлар. Шымкенттің бұдан басқа да құрылыс заттары ел аумағында үлкен сұранысқа ие. Бүгінде «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдараламасы аясында жобаларды сәтті жүзеге асырып жүргендер сапынан «Юг Пром Сталь» кәсіпорны да табылып отыр. «Юг Пром Сталь» компаниясы 10 жылдан аса құбыр, құбыржелілерін, болат фитингтер, профиль, металл-жабындылар мен басқа да жылу-энергетика кешені мен коммуналды-тұрғын үй шаруашылығына қажет материалдырады жасап келеді.
«Біз құрылыс қоймасын салу үшін мемлекеттік бағдарламаға қатысу ниетімен «Даму» Қорының аймақтық филиалының көмегіне иек арттық. Былтыр «Даму» Қорының 7% несиені субсидиялау бағдарламасының шарттарымен, күзде қойма салуға 117,0 млн.теңгедей несие алғанбыз. Несиеден 90,0 млн. теңге үнемдеп, бұл қаржыны біз өндірісті дамытуға салдық. Сондықтан біз «Даму» Қоры арқылы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға ризашылығымызды білдіреміз», - деді компания директоры Әбдіқахар Ордабаев. Компанияда қазір 28 адам жұмыс істейді. Келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды көздейді.Жыл сайын мұнда 4 мың тонна өнім өндіреді. Мұнда құбырлар мен өзге де құрылыс заттары тек қазақстандық жоғары сапалы шикізаттан өндіріледі. Ал болат орауыш-шарғылардың 90 пайызын Қарағандыдан тапсырыспен алдырып келеді. Арнайы өндіру-қондырғылары өнімді кесіп қана қоймайды, оның сапасын қамтамасыз етеді. Кесілген штрипс-тілмелерді құбырдың сызықтарының өңдеуіне береді. Мұнда оған дөңгелек немесе шаршы пішіндерді жасалады. Кәсіпорынның ұсынымында қазір құбырдың 30-дан астам түрлері бар.
«Мезгіл-ақпарат» 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.