19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

30 Мам

«Жайлаукөл» демалыс аймағына жұмысшылар тартылуда

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында «Түркістан» сарайы, облыстық қазақ драма театры, облыстық тарихи өлкетану мұражайы, салт-дәстүр және әдеп-ғұрып орталығы, этносаябақ, бейнелеу өнері мұражайы ашылды. Биылғы жылдың наурыз айында облыстық тарихи өлкетану мұражайы мен салт-дәстүр және әдеп-ғұрып орталығын, «Наурыз» алаңы мен «Жайлаукөл» демалыс аймағын біріктіретін «Қазына» этнотарихи кешені ашылып, бірыңғай сәулет кешенін құрады.
Этносаябақта өңірдегі тарихи-мәдени 27 ескерткіштің макеті мен диаметрі 21 метрді құрайтын түрлі-түсті субұрқақ орнатылған. Жаңа кешеннің ауданы 75 гектар жерді құрайды. Этно-тарихи кешенде Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне салынған нысан тұр. Ескерткіштің биіктігі 15 метрді құрайды, ол қазақ ұлттық оюлары салынған өрілген екі аркадан тұрады. Ескерткіштің ортасында биіктігі 10 метр, ені 8 метрді құраған пирамидалық композиция орнатылды. Пирамиданың шетінде қазақ хандығының барельефтік композициясы мен «Қазақ хандығына 550 жыл», «Қазақ хандығының 550 жылдығы бұл ұлттық тарихты ұлықтау мен бүгінгі жетістіктерді лайықты бағалау. Н.Ә.Назарбаев» және т.б. сөздер ойылып жазылған.
Сондай-ақ, осындағы аумағы 15 га құрайтын «Жайлаукөл» демалыс аймағында қазақ ауылы орын тепкен. Мұнда 4 ротондамен қатар, қайық стансасы мен көлік тұрағы қарастырылған. Шымкенттегі бұл этнотарихи кешен миллионға жуық тұрғыны бар шаһар халқы мен қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналып келеді. Жалпы өткен жылы облыста 8 ауылдық мәдениет үйі ашылса, биыл өңірде 13 жаңа мәдени нысанның құрылысы жүруде, бұлар шындап келгенде қала халқын тұрақты жұмыс орнымен қамту деген сөз. Қанша ғимараттар ашылды, мұның барлығына жаңа мамандар тартылып жатыр.    

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.