19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

30 Мам

ОҚО-да кәсіпкерлікті дамытуға арналған іс-шаралар өтеді

ОҚО  әкімдігіндегі «Оңтүстік» ақпарат орталығында облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев журналистерге арнайы брифинг өткізді. Онда ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін насихаттау мен кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы іс-шаралар жоспары таныстырылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда, маусым айында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау және әкімшілік кедергілерді азайту мәселелеріне арналған форум өткізілсе, қыркүйекте ІІ халықаралық инвестициялық форум өз жұмысын бастамақ. Осы форум аясында тамақ өнеркәсібіне арналған халықаралық көрме ұйымдастырылады. 
Ал қазан айында тігін өнеркәсібі құрал-жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылмақ. Қараша айында ауылшаруашылығы техникалары мен өсімдік және мал шаруашылығында қолданылатын жабдықтар көрмесі, «Көлік, логистика және инфрақұрылым» халықаралық көрмесі мен форумы өз жұмысын бастамақ. Сондай-ақ биылғы жылы облыс кәсіпкерлері Ұлыбритания, Италия, ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония елдеріне барып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырмақ. Жалпы, облыста Индустрияландыру картасы аясында құны 1,2 трлн. теңгені құрайтын 223 жоба іске асырылуда, бұл - республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Жаңа бағдарлама 33 мың адамға жұмыс орнын ашып берді. Осы жобалардың 65 пайызы ауылдық жерлерде іске асуда. Бүгінге дейін облыста 11 мың жұмыс орнын қамтитын 137 жоба жүзеге асты.

Мезгіл-ақпарат

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.