22Қазан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Өңір

Соңғы жылдары Түркістан қаласы аумағында жылыжай көлемі артып келеді деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Әуелгіде аталған бизнес көп қаржы талап еткенімен түсінген жанға бұл жобаның қайтарымы мол. Әсіресе күн суыта бере бағасы шарықтай түсетін отандық көкөнісіңізге қыстың күні екінің бірі қол жеткізе алмайды. Шетел асып келген өнімдеріңіздің сапасы айтпаса да түсінікті. Осы мәселені күн тәртібінің негізіне айналдырған Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев ауылшаруашылығы саласының мамандарымен ой бөлісіп, Шаға аулындағы «Дидар» шаруа қожалығының жаңа жылыжайында болып қайтты. Бұл түркістандықтар үшін таңсық іс емес. Қазіргі күнде қала аумағында отыз бес гектар жерге ірілі-ұсақты жылыжай салынған. Алайда, аталған көрсеткіш өңір тұрғындарының сұранысын толық қанағаттандыра алмайды. Бұл дәйектерді шаһар басшысы мамандармен кездесу барысында атап өтті. Сондай-ақ, Ә.Өсербаевтың айтуынша қала халқын толықтай жергілікті өніммен қамту үшін, екі мың екі жүз алпыс тоннадан артық қызанақ пен бір мың алты жүз елу бір  тонна қияр қажет екен. Ал, 2014 жылы Түркістанда сегіз жүз қырық тонна қызанақ, бір мың үш жүз отыз тонна қияр өндірілген. Бұл көрсеткіш қажеттіліктің тең жарымын ғана өтейтіндігі анық. Осындай сандарды тилге тиек еткен қала басшысы алдағы уақытта жылыжай көлемін арттыруда жүйелі жұмыс жүргізу күн тәртібінен түспейтіндігін мәлімдеді. Мұнда тек қана қала халқының сұранысын қанағаттандыру емес, өзге аймақтарды қамтуға толық мүмкіндік бар…

Толығырақ ...

Облыс әкімі А.Мырзахметов Созақ ауданына жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап көрді. Алдымен аудан орталығы Шолаққорған елді мекенінде орналасқан кәсіпкерлік мектебінде болып, жаңа нысанның алдағы атқарылар жұмысымен таныстыдеп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Құрылысы бес жарым айда салынып біткен ғимараттың жалпы ауданы 660 шаршы метрден астам. Енді бұл ғимаратта 55 адам жұмыспен қамтылмақ. Кәсіпкерлік мектебінің жұмысын жүйелеуді ауданның жауапты сала мамандарына мықтап тапсырған өңір басшысы жұмыссыздықты азайту үшін өз кәсібін бастаған азаматтарға барынша қолдау жасау жергілікті биліктің негізгі міндеті екенін айтты. Су көздерін барынша тиімді пайдалану уақыт талабы. Ағын су қоры аз Созақтық шаруалар ауылшаруашылығы саласындағы соңғы заманауи технологияларды ұтымды қолдануды қажет етеді. Теріскейдегі «Сасықбұлақ» шаруа қожалығы 15 гектар жерге тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы алма, өрік, алмұрт, шабдалы сынды жеміс түрлерін отырғызған. Облыс әкімі осы қожалықтың алма бауында болып, шаруашылықтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, осындағы жаңа бассейн құрылысын аралап көрді. Шолаққорғандағы индустриалды аймаққа арнайы барған А.Мырзахметов осында жүзеге асып жатқан жобаларды саралап, жергілікті билікке бірқатар жаңа міндеттер жүктеді. Жалпы Созақтағы бұл индустриалды аймақта уран өндірісіне қажетті метал бөшкелер мен өндіріс орындарына қажетті құрал-жабдықтар шығару сынды жобалар іске асқан. Бүгінде мұнда ас тұзын өңдеу, пластмас қалдықтарынан шикізат өндіру мен кірпіш зауыты сынды жобалар қолға алынып, жоспарлы жұмыстар жалғасын табуда.…

Толығырақ ...

Шымкентте өткен брифингте облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Елшиева өңірде биыл 23,6 млрд теңгеге 101 білім нысанның құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 67 білім нысанының пайдалануға берілетінін айтты. Оның 49-ы мектеп, 13-і балабақша, 5-і қосымша құрылыс.  Оның ішінде 49 білім нысандарының 27-і апатты, 3-і - үш ауысымды мектептер болса, 13-і балабақша. Сондай-ақ, балғындарды балабақшамен қамту мақсатында жыл соңына дейін 12 мың баланы қамтитын 95 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға беріледі. Оның 48-і мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылмақ. Оңтүстік Қазақстан облыстық білім, жастар саяаты және тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, өңірде 1-6 жас аралығындағы 151948 баланы қамтитын 1412 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Естеріңізге салсақ, былтыр өңірде 115 білім нысанның құрылысы жүрген болса, «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі 160 ұйым іске қосылған.Қазақстандағы әрбір бесінші сәби оңтүстік өңірінде дүние есігін ашатыны белгілі. Мәселен, соңғы төрт жыл ішінде облыс аумағында үш жүз мыңнан астам бала туылған. Осыны ескере келе балғындарды балабақшамен қамту шаралары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Басқарма басшысы баспасөз мәслихатында үш ауысымда оқитын 25 мектептің бүгінде бесеуінің құрылысы жүргізіліп, ағымдағы жылы тапсырылатындығын, 2017 жылға дейін үш ауысымды мектептер саны жойылатынын баяндады.

Толығырақ ...

Шымкентте «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің қолдауымен салынған керамикалық гранит шығаратын зауыт іске қосылды. Яғни, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі және Қазақстанның инвестициялық қоры Шымкентте керамогранит өндіретін зауытты пайдалануға берді. Холдингте нақтылағандай, зауыттың негізгі өнімі - керамикалық гранит - Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өткізуге бағдарланған. Оның өндірісі үшін жоғары сапалы баяу балқитын балшық, ең таза кварц құмы, дала шпаты және табиғи пигменттер қолданылады. Кәсіпорында «Barbieri & Torozzi» итальяндық жабдық орнатылды. Зауыттың техникалық қуаттылығы жылына керамограниттің 2,5 миллион текше метрін құрайды. Өнімнің жоғары сапасы бәсекелестердің осы тәріздес өнімдерінен басым болып табылады. Ағымдағы сәтте өндірісте 80-нен артық адам еңбек етуде, келешекте жұмыс орындарын 200 адамға дейін көбейту жоспарланған.  Жобаны қабылдау сәтінен бастап ҚИҚ «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен инвесторды іздеу бойынша белсенді жұмыс жүргізді, ұзақ келіссөздердің нәтижесінде жобаға «ЗЕРДЕ» ҒӨБ» ЖШС тартылды. Осы компанияның өндірістік және құрылыс секторында жұмыс тәжірибесі мол, сондай-ақ логистикалық бизнеске, фармацевтикалық секторға және т.б. белсенді қатысып келеді. Қазіргі уақытта «ЗЕРДЕ» ҒӨБ» ЖШС техникалық аудит пен іске қосу-жөндеу жұмыстарын қорытындылауда. Сондай-ақ, жабдықтың тестілік пайдалануы жүргізілді және дайын өнімнің сынамалық партиясын шығару жүзеге асырылды. Жаңа инвестордың жоспары - қажетті шикізаты бар жеке кен орнын өндіру және өңдеу мақсатында кен қойнауын пайдалану жобаларына қатысу, бұл компанияға дербес және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сырттағы өнім берушілерге тәуелділікті…

Толығырақ ...

Сайрам ауданында 160 балаға арналған екі қабатты жаңа балабақша бой көтеріп, ашылу салтанаты болып өтті. Балабақша соңғы талаптарға сай, мұнда қырықтан астам мамандар жұмысқа тартылып отыр. Мектепалды мекемесіндегі сабақтар үш тілде жүргізіледі. Тәрбиешілер үйірмелерде балалардың бойында патриоттық, төзімділік пен басқа ұлттарға құрмет сезімдерін дамытуға бағытталатын сабақтар өткізеді. Сондай-ақ балабақшада балаларды кішкентай жастан бастап салауатты өмір салтына үйрету үшін арнайы жабдықталған алаңдар салынған. Балабақшаға қабылдаудың тізімі қаралып, жүйелі тəртібі жасалды. Енді əр ата-ананың өз баласын мектепке дейінгі балалар мекемесіне орналастыруға мүмкіндігі бар. Динара Айкөзова, Сайрам аудандық білім бөлімінің басшысы: «2014 жылы біз тағы да қосымша кемінде 15 балабақша ашуды жоспарлап отырмыз. Одан бөлек қыркүйек айынан бастап дайындық топтарын ашылады». Сайрам ауданында жыл сайын балабақшалар 3 мыңға жуық кезекте тұрған бүлдіршіндермен толығады. Ал аудандық білім бөлімі алдағы 3 жылдың ішінде кішкентай тұрғындардың 3/4 бөлігі мектепке дейінгі тәрбиемен сусындайды деп жоспарлап отыр.  Балабақша қос қабатты болғандықтан бөлмелері кең, жоба бойынша бірнеше топқа арналған. Мұнда барлық жабдықтар жаңа. Жылу, кәріз және ауыз су орталық жүйеге қосылған.  Мезгіл-ақпарат

Толығырақ ...

Page 1 of 3