30Мамыр2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Қоғам

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданындағы тұрғындардың үйіне жыл соңында газ қосылады. Жақында аудан орталығы Шаян ауылында жерасты газ құбырын жүргізу жұмыстары басталды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. «Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» магистралды газ құбырының құрылысы екі бағытта жүргізіледі. Соның бірі арқылы алдымен аудандағы 11 елді мекен көгілдір отынға қосылмақ. Газ тарату стансаларының құрылысы облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің келісімі негізінде басталды. Облыстық бюджеттен бұл жұмыстарға 110 млн. теңге бөлінді.

Толығырақ ...

Облыстық прокуратура қызметкерлерінің тексеру жұмыстарының нәтижесінде, өңірде еңбек заңдылықтарын сақтау мақсатында 2244 азаматтың құқығы қорғалып, жалпы көлемі 117 миллион теңгенің жалақы қарызы өндірілген. Бұл жөнінде «Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еңбек дауларын шешу жолдары: тәжірибе мен проблемалар» тақырыбында өткен облыстық тәжірибелік конференция барысында кеңінен айтылды. Әлеуметтанушылардың жүргізген сауалнамасы көрсеткендей, жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы еңбек дауына қатысты қайшылықтардың 50 пайызы жалақының уақтылы берілмеуінен, 38 пайызы жалақының аздығы себебінен туындайтын көрінеді. Жиын барысында баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов осынау деректерге баса тоқталып өтті. - Бұл ретте еңбек дауының туындауына көбіне, қызметкерлердің өз құқығын толық біле бермеуі себеп. Сол себептен де, жұмысшылардың сауаттылық деңгейін көтеру мақсатында ұйым-мекемелерде жүйелі түрде арнайы оқу сабақтарын ұйымдастырып тұру маңызды, - дейді Ерлан Қуанышұлы. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар еңбек дауына байланысты жұмыскерлер алдында қарызы бар мекемелерді мемлекеттік тендерге қатыстырмау жайын да көпшіліктің талқылауына ұсынды. Жалпы, конференция барысында айтылған ұсыныс-пікірлер Қазақстан кәсіподағының 110 жылдығы аясында өтетін ҚР кәсіподақтар Федерациясының кезекті ХХІV съезінде талқыланатын болады. Авторы: Ж.СЕРІК.

Толығырақ ...

Біздің кейіпкеріміз мүгедектік алғанға дейін қол қусырып, қарап отырмаған. Шамасы жететін жұмыстың барлығын атқарған. Асханада да еңбек еткен, вахтер де болған, шағын тігін цехында да іс тіккен. «Өзімнің қоғамға керек екенімді сезіну үшін кез келген жұмыстан аянбайтынмын. Қара жұмыс болса, оған да көндіктім», – дейді Мукарам Тұрысметова. Туа бітті жүрек ақауы бар әйел денсаулығы сыр бергенше, тағдырға мойымады. Тұрмыс құрды, төрт бала сүйді. Мукарам апай 10 жылдан бері екінші топтағы мүгедектер қатарында. Алғашында таңның атысы, күннің батысы өзін қоярға жер таппай біраз қиналды. Еңбектеніп, қимылдап қалған адамға үйде отырудың қиын екені анық. Алайда, ауруы меңдеп, асқына бастағанда кеселдің алдында бас игендей болды. Бірақ, берілмеді.  – Мен жұмысқа жаяу баратынмын. Өзгелер секілді автобус күтіп тұрмайтын едім. Ауруым асқынған сайын жүріп-тұруым қиындап кетті. Ол аздай қант диабеті деген кесел қосылды. Бір жыл төсек тартып жаттым. Мүгедектерді оңалту орталығында бисерден әртүрлі бұйымдар жасауды үйрендім. Былғарыдан жасалған картиналарды көргенде қызықтым. Орталықта оны да жасаудың жолдарын көрдім. Үйге келген соң, интернеттен қарап, жасалу техникасын үйреніп алдым. Былғары етік мен күртеше секілді ескірген киімдерді таныстарымнан жинап, картина жасауға кірістім. Былғарыдан гүлдерді жасау өте қиын. Оның әрбір жапырағы мен сабағын қажетті пішінмен кесіп алып, күйдіремін. Оларды бояймын. Қажетті бөлшектердің барлығын жасап алған соң, құрастырып картина жасаймын, – дейді…

Толығырақ ...

Сарығашта жеті жасынан бері домбыра жасап келе жатқан шебер тұрады. Есімі Қанат Кеңесов, қазір жиырма жетіде. Ол жасаған домбыраның ерекшелігін атап айтуға тұрарлық. Ең алдымен, Қанат қазақтың ұлттық аспабын өте тартымды етіп көрсетеді, яки қазақы ою-өрнекпен көркем бедерлеген. Екіншіден, домбыраға арнайы арқалық тіреуіш ойлап тапқан. Ол бұйымы да көзге сүйкімді көрінеді. Ал, бала кезінен қалай бастаған десеңіз, атасы әйгілі зергер болып шықты.   Қазір сол Кеңес атасы сексеннің үстінде, немерелерінің арасынан батасын алып көгеріп-көктеп, жолын қуған Қанаттың қамын жеп, дұғада отырады. -Кішкене күнімнен пластилиннен мүсін жасайтынмын, кейін гипске көштім. Мектепте жарыстарда бұған мақтау қағаздар алатынмын, - дейді ол. Қаннан сіңген қасиет ғой, ол ержетіп ата кәсібін әрі қарай жалғастырып алып кетті. Әуелгі кезде үй ішінде домбыралар жасап, базар жағалап саудалап келетін. Кейін күнкөріс қамымен Қанат арқадағы Астанаға жол тартты. Әлгі бір ертегі кейіпкері секілді бойында өнері бар бозбала бағын сынап көрмек болып, алыс сапарға аттанып кеткендей... Үйлері зәулім, Есілдің бойындағы әсем қаланы көргенде, мұнда қарап қалмай, тас қабырғаларға өрнек салғысы келгені-ай. Қанат ұзақ жүрмеді, қыз-қыз қайнап жатқан құрылыс алаңына тап болды. Өзі қиялдағандай, үй қабырғаларына шебер қолдарымен әдемі өрнектер салды. Осылай көзге іліккен ісмер бала «Highvill» атты кореялық компанияға жұмысқа шақырылады. Тіпті, қиырдағы Корей елінің құрылыс кеңсесі Қанаттың бойындағы қабілетті…

Толығырақ ...

Аймақ колледждерінің рейтингі Кәсіпкерлер палатасында жасалды. Бағалау кезінде материалдық-техникалық база, жұмыс берушілердің арасында студенттердің дайындық деңгейі туралы жүргізілген сұрау, колледждермен өзара қатынас, түлектердің жұмысқа орналасуы мен білім ошағындағы оқытушылардың сапалы құрамы тәрізді бірнеше критерийлер есепке алынды. «Рейтингті Шардарадағы № 16 колледж басқарды. Бұл оқу орны балық саласы, АӨК және мақта өндірісінен бастап түрлі сала мамандарын дайындайды, бұл жерде аспаздар, дәнекерлеушілер, түрлі жұмыс атқаратындар да оқытылады», - деп баяндады ОҚО-ғы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен. Көшбасшылар үштігіне Шымкент қаласының № 6 колледжі мен Оңстүстік Қазақстан инновациялық-техникалық колледжі кірген. «Рейтингтегі соңғы орынды Кентау қаласының № 54 колледжі алған. Біз бұл рейтингтің талапкерлерге осы жазда оқу орнын дұрыс таңдауға көмектесетініне үміттенеміз», - деді баспасөз қызметінен.

Толығырақ ...

Page 1 of 5