22Қазан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

05 Шіл

Серік Ерғали, мәдениеттанушы: «Қазақ тарихы алтынмен жазылған»

- Қазіргі тарихшыларға ерен біліктілікпен бірге табанды азаматтық позиция керек. Көкейтесті мәселелерді ұлтшыл жігіттер бір-біріне ғана айтпай, жалпақ жұртшылыққа жариялауы, көпшіліктің құлағына сіңіруі қажет. Соны айтатын мінбер керек.
Бүгінге дейін қазақ даласынан 6 «Алтын адам» табылды. Әлі талай «Алтын адам» табылады. Ол әлі 16-20-ға жетуі мүмкін. Бұл өзгелердің тарихы «таспен», «қоламен» жазылса, қазақтың тарихы «алтынмен» жазылғанын көрсетеді. Жалпы, ұлтымыздың тарихын адамзат мәдениетінің бастауы болған 5 мың жылдық тарихы бар Ботай мұрасынан бастау керек. Көшпелілер руханиятының әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін баса көрсете білу керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тарихына жасап келе жатқан қамқорына және тікелей Елбасының нұсқауымен қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы атқарған қызметіне қоғам қайраткері ретінде зор алғысымды білдіремін. 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.