22Қазан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

25 Мау

Шымкентте «Шәмші» фильмінің тұсауы кесілді

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында «Шәмші» деректі-көркем фильмінің тұсауы кесілді. Журналистерге ұйымдастырылған, арнайы баспасөз мәслихатында фильмнің атқарушы продюсері, композитор, белгілі қоғам қайраткері Қалдыбек Құрманәлі осындай игі шараны өткізуге қолдау көрсеткен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовке шығармашылық тобы атынан алғысын білдірді. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды. 

«Ұлы Шәмші ағамыз Шәуілдірдің, ордалы оңтүстіктің тумасы. Облыста ұлы сазгердің атында көше бар. Ескерткіш орнатылды. Облыстық филармония Шәмші Қалдаяқов атында. Жыл сайын әр-түрлі шаралар өтіп тұрады. Бұл да Оңтүстік Қазақстан облысы басшысының қолдауының арқасы» - деді Қалдыбек Құрманәлі баспасөз мәслихатында.
Түсірілуі 20 жылға созылған осынау фильмде Шәмші өмірінен жазып алынған құнды кадрлар бар. «Вальс падишасының» жанында оның күнделікті өмірін бейнетаспаға түсірген Тілеген Ахмет - осы фильмнің режиссері.
1991 жылы басталып, кейін түрлі себептермен түсірілуі тоқтаған деректі лента 2011 жылы монтаждалған. Кейбір бөліктері ғана көрермен назарына ұсынылған.
«Шәмші мүлдем зерттелмеген. Ол туралы дерек жоқ. Сондықтан деректі фильм деп атағанымызбен, онда көркемдік-қойылымдық эпизодтарды енгізуге тура келді. Өйткені халық композитор туралы неғұрлым көбірек мағлұмат алғысы келеді», - дейді Тілеген Ахмет.
Фильмнің сценарий авторы Қали Сәрсенбай. Фильмнің редакторы Сәкен Сыбанбай. Басты рөлдерде Жомарт Зейнәбілов, Аманқос Садықов, Шәмші-Қалдаяқ Құрманәлі және Мерей Заманбекқызы ойнаған.
Фильмнің түсаукесер рәсімінде көп жылдар бойы ұлы сазгердің асыл мұрасын жинап, насихаттап жүрген Шәмшітанушы азаматтардың бірі Қалдыбек Құрманәліге, облыс әкімі аппарат жетекшісінің орынбасары-баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатын табыстады. Іс-шараға облыстық бірқатар ақпарат құралдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

 

 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.