24Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Халық тарих толқынында

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тарих, археология және этнология факультетінің жанынан 1 қыркүйектен бастап «Көшпелілер (номадтар) өркениетін зерттеу» орталығы ашылатын болды. Осы оқу орнының Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, аталған орталық директорының орынбасары Еділ Ноянов былай дейді: –Елбасының тапсырмасына орай Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ғылым комитетінің тікелей басшылығымен ғалымдар және жас зерттеушілермен бірлесе отырып біз «Көшпелілер (номадтар) өркениетін зерттеу» орталығының негізгі атқаратын жұмыстарын айқындап, соған сай қысқа мерзімде тақырыпқа сәйкес 18 ғылыми жобаны дайындап, оны жүзеге асыру жолдарын белгіледік. Бұл орталықта жұмыс істеу үшін тәжірибелі мамандармен қатар жастарды да көптеп жұмылдырып отырмыз. Аталған бағдарламаны іске асыру үшін ҚазҰУ білікті профессорлары мен оқытушылары ғана емес, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тарих, Шығыстану институттары мен шетелдерден, атап айтсақ, АҚШ, Түркия, Жапон, Қытай елдерінен және т.б. университеттерден мамандар тартылды. Дерек көзі: Baq.kz

Толығырақ ...

Түркістанға жасалған кезекті археологиялық экспедиция кезінде зерттеушілер кереметтей құрылыс кешеніне тап болды. Археологтар шамамен б.э. 1 ғасырда бой көтерген сәулет өнерінің дерегін тапты. Енді, осы ерекше жаңалықтың арқасында ғалымдар қаланың ергетасы қалану мерзімі бүгінгіге дейін болшамданып келген шамадан көп әріде жатқанын айтып сүйінші сұрауда. Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері Ерболат Смағұлов бұл жөнінде былай дейді: «Бұл аркасы , бөлмелері, кіреберістері бар биіктігі 3-4 метрдей болатын сәулет құрылысы. Бір қызығы ғимараттың орталық бөлігі крест пішінінде орналастырылған. Кешеннің шамамен біздің эрамыздың бірінші ғасырындасалынған. Қала орнынан табылған жебе ұштары, керамика элементтері, қоладан жасалған және басқа да ұсақ-түйек заттар құрылыстың б.э. 1-2 ғасырында кірпіші қаланғанының айқын дәлелі. Бұл айғақтар Түркістан қаласы бүгінгі күнге дейін айтылып келген IV-V ғасырда емес, одан 400-500 жыл әріде бой көтергенін айғақтап тұр. Бұл қалыпты процесс, өйткені зерттеулер әлі жалғасып жатыр»,– деді Е.Смағұлов.  Дәулетқали АСАУОВ Бақ.кз

Толығырақ ...

- Қазіргі тарихшыларға ерен біліктілікпен бірге табанды азаматтық позиция керек. Көкейтесті мәселелерді ұлтшыл жігіттер бір-біріне ғана айтпай, жалпақ жұртшылыққа жариялауы, көпшіліктің құлағына сіңіруі қажет. Соны айтатын мінбер керек. Бүгінге дейін қазақ даласынан 6 «Алтын адам» табылды. Әлі талай «Алтын адам» табылады. Ол әлі 16-20-ға жетуі мүмкін. Бұл өзгелердің тарихы «таспен», «қоламен» жазылса, қазақтың тарихы «алтынмен» жазылғанын көрсетеді. Жалпы, ұлтымыздың тарихын адамзат мәдениетінің бастауы болған 5 мың жылдық тарихы бар Ботай мұрасынан бастау керек. Көшпелілер руханиятының әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін баса көрсете білу керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тарихына жасап келе жатқан қамқорына және тікелей Елбасының нұсқауымен қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы атқарған қызметіне қоғам қайраткері ретінде зор алғысымды білдіремін. 

Толығырақ ...

- Әрбір тарих пәнінің мұғалімі тарих өткен күндер оқиғасын еркін түсіндіру үшін қолданылатын негізі материал емес екенін жете ұғынуы тиіс. Мен тарих хронологиялық тәртіппен іріктелген өткен күндер туралы білімнің жиынтығы емес екеніне сенімдімін. Орта мектептердегі тарих сабағы бейтарап даталар, деректер мен оқиғаларды жаттап алудан ғана тұрмауы тиіс. Тарих өткен оқиғаларды жүйелендіру дегенді ғана білдірмейді. Ол біздің жағдайымызға, біздің заманымызға тұрақты талдау жасау үшін қажет. Және біздің болашағымыз үшін маңызды болуы әбден мүмкін. 

Толығырақ ...

Желтоқсан айында Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі комиссия жұмысының нақты бағыттары Мемлекет басшысына баяндалуы қажет.  Бұл туралы Ақордада Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының екінші отырысы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин мәлімдеген еді. «Мен біздің мазмұнды жұмысымыздың басым бөлігі ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталуы қажеттігіне Сіздердің назарларыңызды аударғым келіп отыр. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында комиссия тарапынан Мемлекет басшысының атына біздің жұмысымыздың нақты бағыттарын белгілейтін арнайы баяндама әзірлеуіміз қажет. Бұл – өте күрделі кешенді жұмыс. Сөзден нақты іске кірісу қажет», - деді М.Тажин.

Толығырақ ...