20Қазан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

"Қазақстан-2050"

Болашақты алыстан болжайтын стратег елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттің 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғарғы дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз ете отырып, осы уақыт ішінде бағындыруға тиісті жаңа бағыттардың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлемдік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясаты, жаңа қазақстандық патриотизм сынды жеті басымдықты белгілеп, осы жеті басымдықтың бірі - Жаңа қазақстандық патриотизмнің түп қазығы ретінде ел бірлігін басты назарға алған. Себебі, қазақстандық патриотизмнің іргетасы-барлық азаматтардың  тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі.  Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді.  Біздің елімізде этникааралық және конфессияаралық келісімнің ғажайып үлгісі сенімнің айрықша атмосферасы, өзара түсіністік пен салауаттылық қалыптасқан. Мемлекеттің ең басты қуат-күші, яғни біз - 140 этностың өкілдерінің бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандығында. Сондықтан да Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімі - біздің көздің қарашығындай сақтайтын құндылығымыз, басты байлығымыз.  Туған елдің туының астында бірігіп, туған жер¬дің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш таға¬ны сияқты «бір халық - бір ел - бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. Бір¬лігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ. Қазақстандағы…

Толығырақ ...

 Зейнетақы жүйесін жетілдіруді көздейтін заң жобасы осы аптада ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының назарына ұсынылмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді. Осы аптада Парламент Мәжілісінің депутаттары бірқатар заң жобаларын талқыламақ. Оның ішінде атап айтар болсақ, 2 мамырда Табиғатты пайдалану және ауылды дамыту бағыты бойынша комитетінің отырысында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі аясында оңтүстік батыс және оңтүстік шығыс тас жолдарын дамытуға арналған заң жобасы таныстырылады. Сонымен қатар, 3-ші мамырда Сенат ел Парламентінің Мәжілісінде екі рет талқыланған Қазақстанның зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі заң жобаларын қарастыруды жоспарлап отыр.  Нұрлыбек ДОСЫБАЙ Бақ.кз

Толығырақ ...

Парламент Сенатының Конс­титуциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары комитеті Шымкент қаласында «Кәмелетке тол­мағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу және құқық бұзушылық­тар профилактикасы» тақырыбы бойынша көшпелі отырыс өткізді. Шараға Палата комитетінің мүше­лері, Iшкі істер, Әділет, Білім беру ми­нистрліктерінің, Бас прокуратураның, жергілікті атқарушы және өкілді орган­дардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.  Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа Жолдауында қоғамда құқық бұзушы­лықтарға «нөлдік» төзімділікті қа­лып­тастыру қажеттілігін атап өткен бо­латын. Отырыста сөйлеген сөзінде Конс­титуциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары комитеті­нің төрағасы Серік Ақылбай: «Бүгінгі таңда құқық бұзушылықтар профи­лактикасының әлеуметтік-эконо­микалық жаңғыртудың жаңа үлгісіне интеграцияланған мемлекеттік сала­аралық бағдарламасын әзірлеуді көз­дейтін қылмыстылықпен күрестің жаңа стратегиясы қажет» деп атап өтті. Сенатор Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, тиімді ұлттық заңнама қалыптастыру жөнін­дегі басым міндеттерге сүйене отырып, Бас прокуратура мемлекеттік органдар­дың құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызметін үйлестіру бойын­ша жетекші орынға шығуы тиіс екені тура­лы ойларын ортаға салды. Комитеттің көшпелі отырысы ая­сында сенаторлар Шымкенттегі кә­ме­летке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық со­тында болды.

Толығырақ ...

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда ешбір этнос өз тілін ұмытқан емес, деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының XX сессиясында «Қазақстан – 2050»: бір – халық, бір – Отан, бір – тағдыр» тақырыбы аясында сөйлеген сөзінде. «Қазақстан егемендік алған жылдардан кейін ешбір халық немесе этнос өз тілін жоғалтып алған жоқ. Керісінше, біз этникалық топтардың тілі мен мәдениетінің сақталып, дамуына зор жағдай жасап берудеміз. Ал Қазақ жері жүзден астам этнос өкілдерінің басын қосты. Түрлі ұлттардың тұтасуы үшін біз жақсы «цемент» бола білуіміз керек», - деді Н. Назарбаев. Бүгінде Елбасымыздың ойынша, халықты тұтастандырушы басты «цемент» ол - қазақ тілі болуы тиіс екен.  «Біз бұл жөнінде үнемі өзге елдер мен мемлекеттерден мысалдар келтіріп отырамыз. АҚШ-қа кім барса да, мейлі ол қытай не араб немесе басқа ұлт өкілі болса да сол жерді басқан азамат американдық болып табылып, ағылшын тілінде сөйлеуге мәжбүр болады. Франция мен Германияда да солай. Ал бізде тарихи тұрғыдан алып қарағанда бәрі керісінше» деп атап өтті Мемлекет басшысы.   

Толығырақ ...

Жамбыл облысындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері арқасында 211 млн. теңгені құрайтын екі жақты келісімдер жасалды. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің облысаралық ынтымақтастықты өзектендіру тапсырмасына сәйкес, 2013 жылдың 15 сәуірінен 19-ына дейінгі аралықта  Жамбыл облысында «Қазыналы Оңтүстік» Оңтүстік Қазақстан облысының күндері болып өтті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды. Іс-шара аясында, Тараз қаласының «Баласағұн» атындағы орталық концерт залының ғимаратында облыстық тауар өндірушілердің қатысуымен көрме өткізілді. Көрменің өткізілу барысында Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің өнімдері, облыстағы туристік нысандарының стендтері көрсетілді. Сонымен қатар, «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймағының, «Оңтүстік» Индустриялық аймағының, «Шымкент инновация» ЖШС және «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС қызметтері Тараз қаласының кәсіпкерлеріне таныстырылды. Аталған іс-шараның шеңберінде жалпы сомасы 211,0 млн. теңгені құрайтын екі жақты келісім-шарттарға, өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы меморандумға қол қойылды. Дерек көзі: Қазақпарат  

Толығырақ ...