26Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

"Қазақстан-2050"

  Қазақстан халқының ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың 2050 жылға дейінгі бағыт-бағдарын айқындайтын тарихи құжат – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жария етті. Жоспарлау көкжиегін кеңейтіп, алыс болашаққа көз тастаған Елбасы жаңа дәуірдің талаптарына сай болу үшін Қазақстан халқы қандай қатерлерге қарсы тұруға дайын болуы қажеттігін, қандай сынақтардан сүрінбей өтіп, қандай мақсаттарға қол жеткізуі керектігін қолмен қойғандай етіп нақтылап, жіліктей отырып, өз ойын елдің ендігі жердегі даму көгіндегі темірқазығына айналар «Қазақстан-2050» Стратегиясына сыйғызды. «Кеше кім едік, бүгін кім болдық, ертең кімге айналамыз?» деген сауалдардың барлығына нақты жауап берілді. Өткен күннен алыс жоқ   Халқымыз қашаннан «өзін өзі білген ер бақытты, өзін өзі билеген ел бақытты», деп азаттықты бәрінен биік қойған. Дәуірлерден тамыр тартқан тарихымызда азаттықтан аңсарлы, еркіндіктен еңселі ұғым болған емес. Өткенді еске алмасақ, жаңа жадыға жазылмайды. Есте жоқ ескі замандардан бері ұлан-ғайыр далаға ордасын тіккен талай қағанаттар мен хандықтар дәурен құрған, билік жүргізген. Олардың қай-қайсысы да елдік пен ерліктен кенде емес еді. Бірақ, мәмілесі кем соққандықтан заманын сең соқты, татулығы жетпей тозды, ынтымағы болмай азды. Бірлігінен айырылып берекесі қашты, елдігінен айырылып еңсесі түсті. Алайда, алаштың азаттығы үшін қарқарадай басын бәйгеге тіккен ерлер қай заманда да табылған. Олар елін жасытпау үшін, дұшпанын тасытпау үшін қаны мен жанын…

Толығырақ ...

Шымкентте үш бірдей зауыттың құрылысы жүргізілуде. Оның бірі – кілем, екіншісі – картон қағаздарын және үшіншісі шифер шығаратын кәсіпорын. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының сайтында көрсетілгендей, бүгінгі таңда аталған аймақта екі өндіріс орнының құрылысы жүргізіліп жатқан көрінеді. «Бал Текстиль» ЖШС-і кілем өнімдерін шығаратын фабриканы іске қоспақ. Жобаның жалпы құны 940 миллион теңге. Бұл қаражатты толығымен нысан иелері өздері көтермек. Ал, фабрика 2014 жылдың мамырында өндіріс жұмыстарына кіріскен сәтте жаңа 150 жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, 2013 жылдың екінші жартысында "Kazbiolife" ЖШС-і «Оңтүстік» экономикалық аймағында макулатурадан картон қағаздарын жасап шығаратын зауытты іске қоспақ. Жобаның жалпы құны 1 190,4 миллион теңге. Қуаттылығы – жылына 10 400 тонна өнім; 3-5 қабатты гифрокартон – жылына 10 миллион шаршы метр. Бұлардан бөлек «Шымкент» индустриалды аймағында сұр және түрлі түсті шифер шығаратын зауыттың да құрылысы жүріп жатыр. Сұр түсті шифер шығаратын алғашқы цех келер жылдың басында алғашқы өнімін шығара бастаса, түрлі түсті шиферлер 2015 жылы нарыққа шығарылады.  Бақ.кз

Толығырақ ...

  Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру бағыты айқындалды. Жолдау – барша қазақстандықтың игілігі.Қазақстан халқына Жолдауында әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елу елінің қатарынан көрінуге бағытталған барлық бағдарлама қамтылып отыр. Жолдаудың барлық тараулары мемлекеттің мығым мүмкіншілігін айқын көрсетіп, нысана еткен нақты жетістікке апарар түзу жолды нұсқап отыр. Ол нысана – жаңа әлемде дамыған, жаңарған Қазақ елі. Әсіресе, мемлекеттің әлеуетін танытатын әлеуметтік салаға екпін түсіріліп, қарапайым қазақстандықтардың тұрмысын арттыру арқылы мынадай дағдарыс заманда өзге елдердің алдына шығу мәселесі өте орынды қозғалып отыр. Бүгінгі таңда, еліміздегі азаматтық қоғам­­ның дербес, белсенді және жауапкершілігі мол бөлігінің бірі – жастар. Біз, өз қатарында мыңдаған жастар Елбасының жастар саясаты саласын қолдау бастамасын бірауыздан қолдаймыз  және осы қамқорлығы үшін дән ризамыз. Себебі, Ел Президентінің салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіздігіміздің алғашқы жыл­дарынан бастап жастар саясаты еліміздің басты басымдықтарының біріне айналды. Мемлекеттің сабырлы, көрегендікпен атқарып отырған оң қадамдарының нәти­жесін мыңдаған жас қазақстандықтар сезінуде. Еліміздің жастары еліне қажет екенін үне­мі сезініп, өзінің батыл ойы мен ар­ман­дарын белсенді жүзеге асыруда. Бұған дейінгі Жолдаулардағы мін­дет­темелерді орындап, іске қосуда қоғамдағы аға буынның рөлі зор болса, бұл жолғы Жолдауда атап көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыруда негізінен жастардың заманауи біліммен…

Толығырақ ...

 Сайрам ауданының Әділет басқармасы қызметкерлерінің бастамасымен аудандық прокуратура, Ішкі Істер басқармасының қызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП Сайрам аудандық филиалы мүшелерінің қатысуымен Сайрам ауданының Гуманитарлық педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру бойынша дөнгелек үстел өтті.  Дөнгелек үстел барысында тұрғындар арасында туындаған сұрақтар бойынша заңгерлік көмек көрсетіліп, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Сонымен қатар, әділет органдарының қызметі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» кодексі, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңдары мен Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы бойынша құқықтық түсініктеме берілді.  Колледж студенттері арасында жас ағаш, сәндік қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік байқауы өткізіліп, байқау нәтижесі бойынша жеңімпаз студенттер марапатталды.   ОҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі  

Толығырақ ...

2013 жылы Кеден одағы аясында 50-ден астам шарт қабылданбақ. Бұл туралы ХІ Еуразиялық медиафорум барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.   Осы жылы күнтізбелік жоспарға сәйкес 50-ден астам шарт қабылдануы тиіс. Ықпалдасу ісі алға басып келе жатыр. Экономика деңгейі оған сәйкес келетін болады, яғни ол тұрақты және бірқалыпты болуы тиіс. Көптеген елдердің одақ құруға қызығушылық танытып отырғаны біздерді қуантады», - деді Қ.Келімбетов.  Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА     http://wap.bnews.kz Все права защищены.     При использовании материалов BNews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт BNews.kz обязательна.   При использовании материалов BNews.kz: - в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.bnews.kz; - в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта BNews.kz «www.bnews.kz».    

Толығырақ ...