14Желтоқсан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

"Қазақстан-2050"

Елімізде салынған денсаулық сақтау нысандарының 61 пайызы – Оңтүстік Қазақтан облысының үлесінде. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Былтырғы жылы ОҚО-да денсаулық сақтау саласына 56,2 млрд. теңге бағытталыпты. Саланы қаржыландыру алдыңғы жылмен салыстырғанда 18,7%-ға артқан.   Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр 64 денсаулық сақтау нысанының құрылысына жалпы 4,7 млрд. теңге бағытталып, нәтижесінде 51 нысан іске қосылған. Бұл республика бойынша қосылған 84 нысанның  61%-ын құрайды. 25 нысанның күрделі жөндеуіне 3,1 млрд. тенге бөлінген.     Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,7 млрд. теңге бағытталып, жарақталу көрсеткіші 49,8%-дан 56,2%-ға жеткізіліп, республикалық орта көрсеткішке жеткен. Облыста 2011 жылмен салыстырғанда қан айналымы жүйесі ауруларынан болған өлім жітім көрсеткіші 26,2% төмендеген. Медициналық ұйымдарда бауырға ота жасау және балалар нейрохирургиясында жаңа жобалар іске асырылды, кардиоорталықта аритмология дамып келеді. Облыста 303 дәрігер мен 223 ортабуынды мейірбике қайта даярлаудан өтіп, 2844 дәрігер мен 1662 ортабуынды мейірбике білімін жоғарлатқан, оның үштен бірі халықаралық деңгейде.  «Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық жерге жұмыс істеуге 106 жас мамандар жолданған, оларға 116,1 млн. теңге көтерме жәрдемақы төленіпті.    

Толығырақ ...

]Оңтүстік Қазақстан облысында «Балапан» бағдарламасы бойынша үш жылда 884 мектепке дейінгі ұйым іске қосылған.  Аймақ басшысының мәлімдеуінше, соңғы төрт жыл ішінде өңірдегі 900-ге жуық елді мекенде әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып, құрылыс қарқыны артқан. Мәселен, былтырғы жылы республика бойынша іске қосылған 114 мектептің  үштен бірі (42 мектеп) ОҚО-да пайдалануға берілген. 84 денсаулық сақтау нысанының 51-і немесе 61% -ы Оңтүстік Қазақстан облысының үлесінде екен.  «Балапан» бағдарламасы бойынша үш жылда облыста 884 мектепке дейінгі ұйым іске қосылып, қамтылған балалар саны 24 мыңнан 107 мыңға жеткізілген.   

Толығырақ ...

  Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050»  стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, сондай-ақ, Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты күн тәртібімен өткен ХХ сессиясындағы мемлекет басшысының берген тапсырмаларын түсіндіру мақсатында ОҚО Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің студеттерімен кездесу өтті. Кездесуге «Нұр Отан» ХДП-ның ОҚО бойынша филиалының өкілдері, Жастар саясаты мәселелері басқармасының мамандары, Білім басқарамасы мен Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты. Басқосу барысында ОҚО Әділет депаратменті басшысының орынбасары Б. Алипбек Елбасы Жолдауының жаңа міндеттері мен биылғы стратегияның басым бағыттары туралы баяндама жасап, қойылған сұрақтарға түсіндірмелер берді.   Студенттердің жастарды  жұмыспен қамту, жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру  мәселелері, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына жеңілдіктер жасау, сонымен қатар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, авторлық құқықты қорғау бойынша және заңды тұлғаларды тіркеу саласына қатысты заңнамалық актілерге енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға, азаматтық хал актілерін тіркеу, құқықтық көмек көрсету салалары бойынша көкейдегі жүрген сұрақтарына қанағаттандырарлық жауаптар берілді. Кездесу қорытындысында ОҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасының мамандарына унсверситеттің ұстаздары тарапынан студент жастардың дәрістерге  біркелкі киім үлгісімен келуі бойынша ұсынысы жасалды.   ОҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР

Толығырақ ...

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерінің сайланбалылығы туралы шешім қабылдады. Осылайша, азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын және мәселені жергілікті жерде шешетін барлық әкімдердің сайланбалылықпен қамтылатындығы атап көрсетілді. Сайлау – билік өкілдерінің жауапкер­шілігін арттыру жөніндегі институттық әдістердің бірі болып табылатыны белгілі. Алайда, сайлауға және сайлаушылар алдындағы «жауапкершілікке» ғана үміт артып, өңірлік проблемаларды шешеді деп сенім білдірілген адамды тиісті құралдармен және өкілеттіктермен жеткілікті түрде қамтамасыз етпейінше көздеген мақсатқа қол жеткізе алмайтынымыз да түсінікті.Сондықтан да, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында былай деп қадап айтты: «Біз 2013 жылы жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдауымыз қажет. Жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіктері қаржылық және кадрлық ресурстармен нығайтылатын болады». Осыған байланысты, дүние жүзінің көптеген елдерінде қолданысқа енгізілген және оң нәтиже беріп отырған фискалдық федерализм жүйесі туралы ойымызды ортаға салсақ па деп едік. Түптеп келгенде, бұл әдістің негізгі мақсаты өңірлерге жергілікті билікті халықтың экономикалық әл-ауқатын арттыруға ынталандыратын қосымша қазы­налық құралдар мен өкілеттіктер беру болып табылады. Сөз ретіне қарай, көптеген дамыған мемлекеттердің бүгінгі күні осы жүйені кеңінен қолданып отырғанын айта кеткен жөн. Қазыналық орталықсыздандырудың оң нәтижелерін дамушы мемлекеттердің тәжірибесінен де көруге болады. Мысалы, 1980 жылдан бастап Қытайдың жергілікті билік өкілдері салықтық-бюджеттік…

Толығырақ ...

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет» деп атап көрсетті. Расында қазақ тілі – көңіл көкжиегінің қай биігіне де еркін шарықтап, самғай алар сұңқар тіл. Оған дәлел осы күнге дейін замана дауылдарынан аман өтіп, бүгінгі ұрпаққа ұлылық ұлағатымен, салтанатты салтымен, мерейлі мәртебесімен, құнарлы қуатымен жеткен қасиеттілігінде емес пе?! Қазақтың маңдайына біткен дара данышпаны Абай өзінің «Сегіз аяқ» өлеңінде:  Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас, – деп, тіл қадірін кетіріп, оның қасиетін түсінбей жүргендердің тілден ғибрат ала алмайтынын, тіл өз алдына өнер екенін, бұл өнердің тал бесіктен өнеге алудан басталатынын ұғындырады. Елдігін, есендігін ойлаған адам баласы өткеннің тәжірибесінен тағылым алып, бүгінгісін шыңдайды, сөйтіп, болашағына негіз қалайды. Осы үш таған арасындағы байланыс үздіксіз жүріп отырған жерде ғана өмір мағыналы да мәнді болмақ. Еліміз егемендік алғаннан бері тіл мәселесі назардан тыс қалған емес. Тілсіз тірлік жоқ. Барлық мәселе тілмен байланысты. Адамның азамат болып қалыптасуында тілдің алатын орны ерекше. Ұлттық…

Толығырақ ...