29Сәуір2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

"Қазақстан-2050"

Әлемдегі жағдай экономикаға ғана емес, этномәдениетке де әсер етіп отыр.  Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан - 2050» cтратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өтіп жатқан  Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті. «Бүгінгі таңда әлемдік экономикада үлкен болжаусыздық орын алып келеді. Ең дамыған елдердің рейтингі түсіп, рецессияның жаңа толқынын күту күшейіп келеді. Өткенде Кипрдегі орын алған оқиға қарапайым азаматтардың өміріне тікелей әсер ететін қаржылық тәуекелдің қаншалықты ауқымды болатынын көрсеткендей. Бұл бізге де соғылған дабыл белгісі. Өйткені, әлемдегі экономикалық жағдай экономикаға ғана емес, этномәдени жағдайға да әсер етеді», - деді Н. Назарбаев. Елбасының айтуынша, қазіргі дәуірдің басты парадоксы әлемде бір мезетте екі үдеріс белең алып барады. Бұның бірі унификацияға қарай болса, екінішісі одан сайын алуан түрлілікке бет бұру. «Еуропаның өзіне миллиондаған мигранттар келді. Олардың біріне бұл табиғи құбылыс болса, екіншісіне қатастрофалық болып тұр. Бұл ретте мультимәдениеттіліктің бұған дейінгі практикасы өзін-өзі тауысқаны байқалады», деді Елбасы. Бұл ретте Мемлекет басшысы айқын мемлекеттік стратегия болса, ұлттың ерік жігері болса көптүрлілік мәселелері бір бірін толықтырып тұратынына да тоқталды. «Дәл осындай саясатты біз Қазақстан халқы Ассамблеясының бүкіл сессиялары барысында жүргізіп келеміз. Бұл саясат толығымен өзін ақтады», деді Н. Назарбаев.…

Толығырақ ...

Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек Бүгін Астанада  Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан - 2050» cтратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті. «Ассамблеяның ең басты міндеті еліміздегі қоғамдық келісім болып саналады. Ал ұлтаралық татулық мәселесі Ассамблеяның сан қырлы қызметінің бір парасы ғана. Қазақстандағы қоғамдық келісімнің алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстағанымыз абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек», - деді Н. Назарбаев. Бұл ретте Президент ел тату болса, көршілестермен де тіл таба алатынымызды, ішкі бірлігіміз нығайып, барлық жоспарды орындауға мүмкіндік болатынын атап өтті. «Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, келешекте мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес. Халқымызда «тар жерде табысқан, кең жерде кеңеседі» деген сөз бар. Тар замандарда қазақ құшағына алған өзге ұлт өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды», деді Мемлекет басшысы.  Автор: Қанат Мәметқазыұлы Қазақпарат

Толығырақ ...

Астанада  Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан - 2050» cтратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдеріне өңірлік Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді жүктеді. «Бұл жерде этнодемографиялық құрылымның жергілікті ерекшеліктері де есепке алынуы керек», деп атап өтті Елбасы. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қоғамдық келісім мен әлеуметтік бастамалар орталығы ретінде Достық үйлерінің тиімділігін арттыруды да тапсырды. «Бұндай достық үйлері барлық өңірлерде болуы керек. Әрине, бұл оңай шаруа емес, қаражатты қажет етеді. Дегенмен, бұл қажет. Оның үстіне Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім үшін ешқандай да қаражат ауыртпалық түсірмейді», деді Н. Назарбаев. Автор: Қанат Мәметқазыұлы Қазақпарат  

Толығырақ ...

  Төзімділік Қазақстан халқының ұлттық құндылығы әрі байлығы. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан  «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты күнтәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-шы сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Төзімділік Қазақстан халқының ұлттық құндылығы әрі байлығы болып табылады. Ол қазақ халқының бірнеше ғасырлық дәстүрі мен мәдени нормалары негізінде қалыптасты»-деді ҚР Президенті. Мемлекет басшысының атап өтуінше, «Ел-жұрт», «Жеті ата», «Қонақ жайлылық», «Асар», «Сыйластық», «Сабырлылық» сынды түсініктер қазақтардың дүниетанымдары мен өмірлік салт-дәстүрі негізінде қалыптасқан. «Осындай құндылықтардың арқасында біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен тыныштық сақталған. Сондықтан да, төзімділікті қалыптастыратын өзіндік әлеуметтік-мәдени нормаларда қазақтардың салт-дәстүрін, жалпы адамзаттық маңыздағы материалдық емес мәдени мұраның элементі ретінде қарастыру қажет. Бұл тәжірибені ЮНЕСКО жанындағы қазақстандық өкілдік жұмысы бағыттарының бірі ретінде тану пайдалы болар еді»,-деді ҚР Президенті. Автор: Марлан Жиембай Қазақпарат  

Толығырақ ...

  ҚазАқпарат - Ұлтты топтастыратын басты фактор қазақ тілі. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан  «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты күнтәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-шы сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Елбасының атап өтуінше, тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде бірде-бір этнос өз тілін жоғалтқан жоқ. Қазақстан тіпті барынша шағын этникалық топтардың, атап айтқанда, ассириялықтардың, рутулдардың, лаксиялықтардың және басқа да этностардың мәдени дамуына бар мүмкіншіліктерді берді. Қазақ жері осылайша жүзден астам этностың басын біріктіріп отыр. «Әрине, барлық осы этникалық көптүрлілік бір ұлт болу үшін жақсы цемент қажет. Бүгінде, ұлттық цементтейтін басты фактор қазақ тілі мемлекеттік тіл болып отыр»,-деді Елбасы. Автор: Марлан Жиембай Қазақпарат  

Толығырақ ...