18Тамыз2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

"Қазақстан-2050"

Қазақстанда қазақтың саны 65 пайыздан асты. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаилов мәлімдеді. Агенттік төрағасының айтуынша, қазіргі күні Қазақстан халқының саны 16 млн 967,5 мың адамға жеткен. Мұның ішінде қалалықтар – 9314,1 мың (54,9%), ауылдықтар – 7653,4 мың (45,1%). Осы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында халық саны 57,8 мыңға (0,3%) өсіп, 2012 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 233 мың (1,4%) адамға артқан. Республика халқының үлес салмағы бойынша қазақтар –11 млн.058 мың(65,2%), орыстар –3698 мың(21,8%), өзбектер ––511 мың(3%),украиндар –306 мың(1,8%),ұйғырлар –243 мың(1,4%),татарлар –203 мың(1,2%), немістер –182 мың(1,1%) және басқа этностар –776 мың(4,5%). Дәулетқали Асауов Бақ.кз  

Толығырақ ...

Халықаралық банкнот қоғамдастығы (IBNS) екінші жыл қатарынан Қазақстан теңгесін жылдың үздік банкноты деп таныды. Атап айтқанда, дизайны өзгерген 5 000 теңгелік Қазақстан  банкноты  «2012 жылдың үздік банкноты» аталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарланды. IBNS 2012 жылы бүкіл әлем бойынша шығарылған жүзге жуық жаңа банкноттың ішінен Қазақстан банкнотын жеңімпаз ретінде таңдай отырып, купюраның дизайны мен идеологиясын, сол секілді оның техникалық тұрғыдан орындалуы мен қорғалуын үздік деп таныды. Тоқтала кететін жайт, Халықаралық банкнот қоғамдастығы  дүние жүзінен банкнот жинаушылардың тәуелсіз бірлестігі болып табылады. Олар жыл сайын өздерінің theibns.org. сайтында интернет-дауыс беру арқылы жылдың үздік банкнотын айқындайды. Жеңімпаз қазақстандық 5 000 теңгелік банкнот 2011 жылғы 30 желтоқсанда шығарылған. Теңгенің дизайнын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің дизайнерлері жасады, ол Қазақстан Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасында басып шығарылды. Банкноттың дизайны 2006 жылғы банкноттардың дизайны сияқты басым қызыл түске ие, бірақ оған қарағанда барынша ашық және қанық. Бет жағындағы бейнелері негізінен тігінен, сырт жағында  көлденең орналасқан. Бет жағында «Қазақ Елі» монументінің суреті орналасқан, ол Астана қаласының он жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды және Қазақстан тәуелсіздігін бейнелейді. Банкноттың төменгі оң бөлігінде үйлесімді, бейбітшілік пен келісімді білдіретін ұшып жүрген кептерлер бейнеленген. Сырт жағында Қазақстан картасының пішіні, алдыңғы жағында Іле Алатауы аясындағы, Алматы қаласында орналасқан Тәуелсіздік монументінің шыңы, «Қазақстан» қонақ…

Толығырақ ...

  Осы аптада Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев ел өңіріне сапарлайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев апталық брифингте мәлім етті.  «16 мамырда ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың Оңтүстік Қазақстан обылысына жұмыс сапары жоспарлануда», -деді ресми өкіл. Автор: Руслан Ғаббасов Қазақпарат

Толығырақ ...

  ҚР Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов елдегі жұмыссыздық жайын сөз етті. Депутаттардың «Сіздер 600 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылады, сол мөлшерде жұмыссыздық жойылады дегендеріңізбен, оның сыртындағы 1,5 млн-ға жуық тұрғындар қайда қалады? Жұмыс жоқ болса, олар зейнет жасына дейін 3 млн. теңге ақшаны жинауына қандай жеңілдіктер немесе қандай көмек көрсете аласыздар?»,– деген сауалына минстрдің жауабы былай болды: «Рас, бізде 2,7 млн жұмыссыздар бар. Олар үшін жеделдетіп зауыт, фабрикалар сала алмасымыз белгілі. Осы ретте біз пилоттық жоба аясында жеңіл өнеркәсіп, егін және мал шаруашылығын шағын несилендіру арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге жұмылдыратын боламыз. Осы кезге дейінгі тәжірибелердің нәтижелері бізге 2020 жылға дейін осындай болжам жасауымызға негіз бола алады»,– деді. Сонымен қатар, ол көп балалы аналарға қатысты мынадай қосымша мәлімет айтып өтті: 5 баланы 8 жасқа дейін тәрбиелеген ана мүлдем жұмыссыз болса, оның 12 жылы еңбек өтілі ретінде есепке алынатын болады. Осы талап ынтымақты жүйеде, бюджет есебінен төленеді. Оларға 3 млн, 5 млн деген сияқты соммалық талап мөлшері қойылмайды. Нұрлыбек Досыбай Бақ.кз

Толығырақ ...

  ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіаяқов ҚР Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында жасаған қосымша баяндамасында осылай деп мәлім етті. Оның айтуынша, егер осылай кете берсек, болашақта бір адам бес зейнеткер үшін жұмыс істеуіне тура келеді. Қазір елдегі 9 зейнетақы қорының жұмыстарындағы кейбір олқылықтарды Бас прокуратура оп-оңай тапты. Сондықтан қолданыстағы зейнетақы қорлары туралы заңды өзгертпей болмайды. Ал өзгертудің кейбір тұстарын, әрине, көп талқылап, жедел шешім қабылдауымыз керек екен.  «Бүгінде елімізде зейнетақы ұсталымдарынан айына 43 млрд. теңгедей қаражат түседі. Бұл қазір жеткілікті болғанымен, келешекте желге ұшуы мүмкін қаражат», - деді Бисенғали Шамғалиұлы.  Сондай-ақ, Қаржы министрлігінің вице-министрі Дәулет Теңгебаев: «Дамыған шет елдерде зейнетақы қорындағы ақшаларды бағалы қағаздарға айналдыра отырып, күн көретін тұрғындар да аз емес. Біздің елімізде де осындай жүйе қолданысқа енгізіледі. Осындай тетікті тиімді пайдалануға көшуіміз жөн болады», - деді Қаржы министрлігінің өкілі.  Нұрлыбек Досыбай  Бақ.кз

Толығырақ ...