26Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

"Қазақстан-2050"

  «ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСУДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТЫ ПАРАДИГМАСЫ   Болысбек А.Қ.Садықова П.А. Экономика факультеті, «Есеп, аудит және талдау» кафедрасының 2-курс студенттері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті     Әлем дамуының негізгі басымдылығы қазіргі таңда ғылым және экономиканың тиімді ұштасуы мен жаңа технологияларды қажет ететін инновациялық даму болып отыр.  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері көрсетілген [1]. Сын-қатерлердің  алдын алуда балама жолдарды қолдану арқылы инновациялық технологияларды  жаңғыртудың мәні зор. Жолдауда Н.Ә.Назарбаев екі жылдан кейін үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың бірінші бесжылдығы аяқталатынын айтып, «Индустрияландырудың келесі фазасының жоспары: ·  Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы тиіс ·  Біз экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторды кеңейтуге негізделген жаңа өндірісті дамытуға тиіспіз. ·  бірлескен халықаралық компаниялар мен ел үшін пайдалы серіктестіктер құру мен дамытудың кіші бағдарламасы қажет. ·  2013 жылы «жасыл көпір» халықаралық ұйымын құруды, сонымен қатар, Алматының маңындағы төрт серіктес қалада Green4 жобасын іске асыруды бастауды ұсынамын. ·  Елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. ·  2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс Қазір мен еліміздің Үшінші индустриялық…

Толығырақ ...

    Елбасы алдағы уақытта болашаққа нық қадам басып, экономикалық жағынан елу елді еңсерген мемлекет қатарына енетінімізді жиі айтып келеді. "Қазақстан 2050" стратегиясы осы мақсаттың, межелі мүдденің баспалдағы іспеттес. Жаңа қабылданған бағдарламада ел келешегіне қатысты жоспарлар да көп. Соның бірі білім-ғылым саласын инновациялық тұрғыда дамыту. Ал, білімнің түп қазығы қайда жатыр? Әрине, ертеңгі ел азаматы болатын бүгінгі бүлдіршіндердің еншісінде. Мемлекет бүлдіршіндердің тәлім-тәрбиесіне қатысты соңғы жылдары көңіл көншітерліктей назар аударып жатыр. Мәселен, "Балапан" бағдарламасы аясында республикада қаншама балабақшалар салынды. Оңтүстік Қазақстан облысында да жаңа балабақшалар бой көтерді. Шымкенттегі №97 "Ақмарал" балабақшасын да өз басым мақтанышпен айта аламын. Сеебі де бар. Балабақша соңғы технологиялармен жұмыс істейді.   Балабақшаның тарихыннан бастайтын болсам,  №97 «Ақмарал» бөбекжай-балабақшасы 1983 жылдың сәуір айынан бастап бүлдіршіндер үшін жұмыс істеп келе жатыр. 1995 жылға дейін "Шымкентшина" бірлестігінің қарамағында болған. 1996 жылдан бастап қалалық білім беру басқармасының қарамағына өткен. Тәрбие мен білім беру саласында жаңа технологияларды енгізіп, оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда №97 «Ақмарал» 2005-2006 оқу жылынан бастап Республикалық «Step by step» Корпаративтік қорымен бірігіп жұмыс істеу нәтижесінде балабақшада балғындардың табиғи дұрыс өсуіне, танымдық қабілеттерін дамытуға арнайы жағдайлар жасалды. Ұжым ата-аналармен біріге тығыз байланыса отырып, оқытудың жан-жақты әдістерін қолданып мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие мен білім беруде жүйелі жұмыс жасап келеді. 2007…

Толығырақ ...

  2012 жылдың Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі ең елеулі оқиғалардың бірі желтоқсанның 14 жұлдызында жарияланған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы:  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы болып табылады.   2012 жылдың Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі ең елеулі оқиғалардың бірі желтоқсанның 14 жұлдызында жарияланған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы:  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы болып табылады. Бұл құжат терең мазмұнға және сындарлы сипатқа ие. Құжатта егемен Қазақстанның мемлекеттілігінің негізгі нәтижелері қорытындыланып, ұзақ мерзімге республика дамуының басымды бағыттары айқындалды. Оған қоса, ҚР Президентінің Жарлығымен (18.12.2012 ж.) «Қазақстан-2050» Стратегиясы:  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға байланысты Жалпыұлттық шаралар жоспары бекітілді. Жалпы, «Қазақстан-2050» Стратегиясы терең түсінушілікті және тиімді жүзеге асуы үшін  біршама басымды бағыттары мен міндеттерін нақтылауды қажет етеді. Осыған орай, «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігі ағымдағы жылдың ақпан айында «Қазақстан-2050» Стратегиясының саяси топтамасындағы шараларды объективті бағалауға бағытталған рейтингтік зерттеу жүргізді. Бұл топтамада құжаттың мынадай бағыттары қамтылды: ● Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту. ● Дәйекті де болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту. ● Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі. Сонымен, осы стратегиялық бағыттардағы 47 шаралар қамтылып, аталмыш зерттеудің нысанына айналды. Рейтингтік…

Толығырақ ...

Елордада VI Астана экономикалық форумы мен дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференциясы өтіп жатыр. Конференцияның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі мақсаты – Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына енгізу екенін айтты.   «Қазақстан саяси картада 20 жыл бұрын ғана пайда болды. Бәрін жаңа парақтан бастадық. Біздің экономиканың жетістіктерін қазір бәрі мойындайды. 2012 жылы бизнесті жүргізу рейтингісінде біздің ел 49 орында болды. Инвесторларды қолдау көрсеткіші бойынша 10 орында, ал бәсекеге қабеліттілік рейтингісінде Қазақстан 51 орынға тұрақтады. Мен бірнеше жыл бұрын айтқан міндеттерді орындауға жақындап қалдық. Бұл 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына кіру. «Қазақстан-2050» стратегиясын әзірледік. Оның негізгі мақсаты - Қазақстанды 30 дамыған елдің қатарына енгізу», - деді Президент.  

Толығырақ ...

  Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы екі жылда "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын жүзеге асыру барысында шамаман 7 мыңдай отбасыны баспаналы ету көзделген. Бұл туралы ОҚО құрылыс басқармасының басшысы Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді.     «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында облыс деңгейінде 2020 жылға дейінгі арнайы жоспар бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда", - дейді Е.Дауылбаев.    Облыста  тұрғын үйге мұқтаж  14 мыңға жуық отбасының басым бөлігін  баспанамен қамтамасыз ету  мақсатында 2013 жыл «Тұрғын үй» жылы болып  жарияланғанын айтады ол. Осы бағытта республикалық бюджеттен тұрғын үй құрылысына 2 млрд. теңге қарастырылған болса, жергілікті бюджет есебінен қосымша 10 млрд. теңге бөлініп отыр.       Нәтижесінде, ағымдағы жылы  80 (226 мың ш.м.) тұрғын үйдің құрылысы басталуда. Бұдан бөлек  құрылысы өткен жылдарда басталған  28 (105 мың ш.м.) тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. "Жалпы айтқанда, бұл алдағы екі жылдың ішінде облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаж отбасылардың жартысына жуығын баспанамен қамтуға мүмкіндік береді (пәтерге мұқтаждар саны - 13 700 отбасы ред.) немесе орташа есеппен адам басына шаққанда 25-30 мың адам  баспаналы болады", - дейді Е.Дауылбаев.    Ал биылғы жылдың соңына дейін облыста бюджет есебінен 100 мың ш.м. құрайтын  45 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру көзделіп отыр. Бұдан бөлек жеке инвесторлардың және жеке тұрғын үй құрылысы есебінен 300 мың ш.м.…

Толығырақ ...