18Қазан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

"Қазақстан-2050"

Қазақстан балама және жаңаратын энергия көздерін өндірудің жиынтық үлесін 2050 жылы 50 пайызға жеткізеді. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан VI Астана экономикалық форумы аясындағы «Индустриялды революция - «жасыл экономикаға» көшу» атты сессияда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті. «Біз ауаға шығарындылар бойынша стандарттарды қазіргі еуропалық деңгейге келтіреміз және оған 2030 жылы-ақ қол жеткізу үшін шаралар әзірлеудеміз», - деді ол. Сонымен қатар министрдің атап өтуінше,  Қазақстан жалпы ішкі өнімдегі энергия сыйымдылығының көлемін 2030 жылға қарай 30 пайызға, ал 2050 жылы 50 пайызға төмендететін болады. «Біз балама және жаңаратын энергия көздерін өндірудің жиынтық үлесін 2030 жылы 30 пайызға, ал 2050 жылы 50 пайызға жеткіземіз», - деді Н.Қаппаров. Қазақпарат

Толығырақ ...

  Республикалық деңгейде өткен жылдан бастау алған «Елімнің тағдыры – менің тағдырым»  форумы Созақ ауданында жалғасын тапты. Аудан әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залы аудан халқына толды. Ауданның барлық ауыл, поселке аумағынан жиылған көпшілік түгел жиналған соң Президиумге аудан әкімінің орынбасары -  С. Еденбаева, аудандық маслихат хатшысы –     М. Исаев, «НұрОтан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Р. Әлжанов, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – А. Мұсабек, «Созақ жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Б. Саржанов құрметті орын алды. Форумды Аудан әкімінің орынбасары С. Еденбаева ашып, жүргізіп отырады. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігі мен жасампаз дана қызметінің арқасында Қазақстан тәуелсіздіктің қысқа мерзімі ішінде бұрынғы кеңестік республикадан экономикалық қуатты, демократиялық дамыған, әлем елдері арасында беделді мемлекетке айналды. Осынау таңғаларлық жетістіктердің барлығы да – Елбасының үнемі сенім артатын жасампаз қуатқа ие әрбір қазақстандықтың, бүкіл халықтың ерен еңбегі. Елдің және оның азаматтарының тағдырының тұтастығы Қазақстанның үдемелі дамуының негізі екені белгілі. Осыған байланысты, отандастарымыздың тағдыры арқылы елдің жетістіктері мен оның азаматтарының табысын паш ету мақсатында жыл сайын «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» форумын өткізіп тұру идеясы туындаған. «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» республикалық форумы «Назарбаев орталығы" көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өтіп келеді. Аймақтық форумды өткізу бірінші кезекте еліміздің азаматтарын Қазақстан қоғамының тұрақты…

Толығырақ ...

  Жақында Шәуілдір ауылындағы Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп-лицейінің үлкен мәжіліс залында жиын болып өтті. Онда Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған  Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру мәселесі қаралды.    Аудан әкімінің орынбасарлары, мектеп директорлары, мәдениет пен спорт саласының басшылары, әдіскерлері, жаттықтырушылары және ауыл имамдары қатысқан бұл басқосуда  аудан әкімі Б.Сыздықов аудандағы спорт,мәдениет,музыка пәні мен діни ахуалдың жай күйіне жана-жақты тоқталды. Ауыл әкімдеріне мешіттердегі жұма намазына қатысушыларға қолайлы жағдай жасауды және мешіттерді жылумен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер демеушілігін ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен бірге алдағы уақытта имам, молдалардың білімдерін жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп,оларды арнайы курстарға жіберу мәселелері шешілетінін, аудан орталығынан 500 орынды имандылық асханалары ашылатынын, демеушілердің көмегімен стадиондар салынатынын, оларға қажетті спорт жабдықтары әперілетінін айтып көпшілікті бір қуантып тастады.   Файзулла Рахматуллаұлы Отырар ауданы оtraraimak.kz

Толығырақ ...

Елбасы Жарлығына  сәйкес ОҚО, Арыс ауданының әкімі Ертай Сейіт Мырзақұлұлы ауылдық округтер мен Арыста өткен жылы атқарылған жұмыстар және алда атқарылар істер жайлы тұрғындар арасында есеп берді.Қызметке кіріскеніне жарты жылға жуықтаған қала әкімінің жарғақ құлағы жастыққа тимей жұмыс істегеніне ризалығын білдірген көпшілік есепті «қанағаттанарлық» деп бағалады. Қала әкімімен қатар учаскелік инспекторлар да есеп берді. Қаладағылар да қолдады. Есепті баяндама бойынша жарыссөзге шыққандар қала әкімі Ертай Сейіт Мырзақұлұлының атқарған жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты. Сондай-ақ, қала көлемінде шешуін күткен мәселелерді қозғап, ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Алатау батыр атындағы елді мекенге апаратын жолдағы Қабылсай жырасына салынған көпір жарамсыз деді,- зейнеткер Жебел Достанов. - Оны жөндеу күн талабына айналған Осы елді мекендердегі жолдарға асфальт төсеу де қолға алар істің біріне айналып отыр. Қала орталығынан спорт кешенін салу күн тәртібіндегі іс. Қаладағылар сенбілікке жиі қатысады, осы маңызды шараға дайындықпен келген жөн. Әр мекеменің басшылары бастап келіп, белгіленген жерді санитарлық тазалықтан, бапқа келтірсе құба-құп. Шалғайдағы Шаян елді мекенінен келіп сөйлеген Оңласбек Таңатаров қала әкімінің бастауымен елді мекенді тасқын судан сақтау мақсатында алдын ала канал қазылғандығын атап өтті. Елді мекендегі балаларды мектепке апару үшін арнайы көлік бөлінген. Жаңадан емхана салынған. Қалалық әйелдер қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің директоры Гүлмира Есілбекова қала…

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты аудандық форум өтті. Бұл форумның мақсаты – қаламыздың және тұтастай Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен жүйелі дамуына қомақты үлес қосқан Арыс қаласының тұрғындарының жетістіктерін, тарихын жұртшылыққа таныстыру. Жалпы іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы көпфункциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі болды. Форум қоғамда кеңінен қолдау тауып, оны ендігі кезекте жыл сайын елдің барлық аймақтарында өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Жерлестеріміздің табыстары арқылы Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа Тәуелсіз мемлекет орнатудағы стратегиясының табыстылығын көрсету. Форумға  мекеме, бөлім басшылары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, жастар, қала тұрғындары қатысып, Арыс қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы, жеке кәсіпкер М.Рахымжанова баяндама оқып, жастар өкілі атынан А.Сыздықова сөзсөйледі. Форум соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар беріліп, қатысушыларға алғыс айтылды. 

Толығырақ ...