18Тамыз2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

"Қазақстан-2050"

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміздегі ұлттық экономиканың жетекші күші болып табылатын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауға ерекше көңіл бөлді. Отандық кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне айрықша назар аударып, оны қолға алу жолдарын көрегенділікпен қадап-қадап көрсетіп берді. Елбасымыз: «Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде екі есеге өсуі тиіс», – деді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы – шағын және орта бизнесті дамытуға, кәсіпкерлер бизнесіне және кәсіпкерлікпен айналысуға ниет етіп жүрген азаматтар мен азаматшаларға көмек көрсетуге бағытталған бірегей институт. Бұл жерде халыққа «бір терезе» қағидасымен комплексті түрде қызмет етеді. Атап айтқанда, тұрғындар барлық салалар бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, бизнес-жобаларды дайындауға, оларды жүргізуге, сараптамалардан өтуіне және олардың тиімділігін бағалауға арналған әр түрлі қолдау түрлеріне ие болады. Орталыққа кез келген азамат пен азаматша келе алады. Оның айналысатын кәсібі бар ма, жоқ па, оған мүлдем тәуелсіз. Егерде ол бұған дейін кәсіпкерлікпен шұғылданып, жұмыс істеп тұрған кәсібі болса, онда бұл жерде оған айналымдағы ақшаларын толықтыруы үшін несие құралдарын алуы және кәсібін одан әрі кеңейтуі үшін қаржы институттарын таңдауға көмектеседі. Ал кәсіпкерлікпен айналысуға ниет еткен тұрғындарға, яғни өз ісін жаңадан бастаушыларға – толық комплексті қызмет: барлық анықтамалар, рұқсат құжаттарын рәсімдеу және де жеке кәсіпкер немесе…

Толығырақ ...

  Отбасының өзін бір мемлекет, бір ел деп есептейтін болсақ, бір жанұяның өзін басқару, оның қажеттілігін өтеу, шаңырағын шайқалтпау, бала-шағаға дұрыс тәрбие беру, оларға дұрыс бағыт беру, жанұя мүшелерінің арасындағы ауызбіршілік пен ынтымағын сақтап, қатықтай ұйытып отырудың өзі қиынға соғады. Талай шаңырақтың сыйқы мен күйі кетіп, бала-шағасы далада қалып, үй бола алмай сенделіп жүр. Дастархан басында да аталарымыздың үйдің береке-бірлігін сақтауды Аллаһтан сұрап отыруының мәнісі осында болса керек. Бір жанұяны игеру үшін де қыруар білім, көрегенділік қажет. Бірақ менің айтапағым бұл емес. Осы арқылы маңызды бір мәселеге ойысқым келіп отыр.    Қазақ даласының кең байтақ жері, ұшқан құстың қанатын талдырып, шапқан аттың тұяғын тоздырады. Тіпті әлемдегі жер өлшемі жағынан алғашқы ондықтың қатарынан орын алатындығы тағы бар. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Бірақ кейде мынадай бір сұрақ еріксіз мазалайды; «Ата-бабаларымыз қалайша осыншалықты кең байтақ жерді иеленіп, оны сақтап қалды екен? Біз атадан қалған аманатты ұрпаққа сол қалпында табыстай аламыз ба?». Ұлан-ғайыр елдің елдігін сақтаудың ең басты құралы қалай болмақ? Осы іспетті сұрақтар санамды сан саққа жүгіртіп ойлануға итермелейді. Жауап іздеп тарихтың қойнауына қарай саяхатқа шығатын кездерім де болады. Бірақ тарихтағы кейбір жайттар санамда сәуле тапқандай сезімге бөлейді. Мына бір оқиғаға бір сәт назар салып көрейікші; Бірде Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде:…

Толығырақ ...

  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы алысты болжалдаған, жан-жақты сараланған маңызды құжатымызға айналды десе де болғандай. Нақ осындай бағалауды Жолдауды насихаттау мақсатында ауданымызға келген Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Розақұл Халмурадов, Әліхан Тойбаев, Роман Ким және ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қанатбек Оспанбековтердің аудан активімен кездесу жиынында айқын аңғардық.   Ең әуелі заң шығарушы органның төменгі палатасына ҚХА-ның атынан сайланған Розақұл Сатыбалдыұлы сөз кезегін алып: «Құран Кәрімнің бір әрпінің өзі қандай да бір мағына беретін маңызды, артық-ауыс ештеңе жоқ болса, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының Жолдауы да артықша нәрсені қамтымаған сондай маңызды», – деп бастады. Содан соң мемлекеттік тілімізге айрықша мән берді. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Ендігі жерде қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түскен қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет етуі үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс…

Толығырақ ...

  Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміздегі ұлттық экономиканың жетекші күші болып табылатын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауға ерекше көңіл бөлді. Отандық кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне айрықша назар аударып, оны қолға алу жолдарын көрегенділікпен қадап-қадап көрсетіп берді. Елбасымыз: «Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде екі есеге өсуі тиіс», – деді.     Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы – шағын және орта бизнесті дамытуға, кәсіпкерлер бизнесіне және кәсіпкерлікпен айналысуға ниет етіп жүрген азаматтар мен азаматшаларға көмек көрсетуге бағытталған бірегей институт. Бұл жерде халыққа «бір терезе» қағидасымен комплексті түрде қызмет етеді. Атап айтқанда, тұрғындар барлық салалар бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, бизнес-жобаларды дайындауға, оларды жүргізуге, сараптамалардан өтуіне және олардың тиімділігін бағалауға арналған әр түрлі қолдау түрлеріне ие болады. Орталыққа кез келген азамат пен азаматша келе алады. Оның айналысатын кәсібі бар ма, жоқ па, оған мүлдем тәуелсіз. Егерде ол бұған дейін кәсіпкерлікпен шұғылданып, жұмыс істеп тұрған кәсібі болса, онда бұл жерде оған айналымдағы ақшаларын толықтыруы үшін несие құралдарын алуы және кәсібін одан әрі кеңейтуі үшін қаржы институттарын таңдауға көмектеседі. Ал кәсіпкерлікпен айналысуға ниет еткен тұрғындарға, яғни өз ісін жаңадан бастаушыларға – толық комплексті қызмет: барлық анықтамалар, рұқсат құжаттарын рәсімдеу және де…

Толығырақ ...

  Алдына демократиялық, зайырлы мемлекет құру мақсатын қойған елiмiзде егемендiк алған алғашқы жылдардан бастап-ақ азаматтық қоғам институттарының дамуына саяси, құқықтық жағдайлар жасалды. Үкiметтiк емес ұйымдардың қоғам өмiрiндегi рөлiн арттыруға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ерекше мән бердi. Елбасының бастамашылдығымен қоғамдық ұйымдардың бiрлiгiн, олардың билiк және бизнес құрылымдарымен тиiмдi қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында Қазақстанның Азаматтық альянсы қауымдастығы құрылды.        Үкiметтiк емес ұйымдар аудандағы маңызды саяси-қоғамдық шаралардан тыс қалмай, Елбасының “Қиындық атаулыны жеңетiн бiр-ақ күш бар, ол – бiрлiк” деген үндеуiн басшылыққа ала отырып, қоғамда ынтымақ, ауызбiршiлiк болуына, тұрақтылықты сақтау, ауданымызда жүзеге асырылып жатқан iс-шараларының орындалуына өз үлестерiн қосып келедi. Азаматтық альянсы қауымдастығы шеңберiнде «Береке» қоғамдық бiрлестiгiнiң басшылығымен 2011 жылы Жетiсай қаласында өткен семинарға, аудандық iшкi саясат бөлiмi аудандағы ҮЕҰ дардың түгелдей қатысуын ұйымдастырған болатын. Семинарда «Береке» ҚБ жобасы шеңберiнде әрбiр мақсатты ауданда кiшi жобаларды жүзеге асыру мүмкiндiгiнiң бар екендiгi және семинарға қатысушыларға жобаның жасалуы туралы толық мағлұмат берiлдi. Ауданымызда 5 үкiметтiк емес ұйым жұмыс атқарса, осы оқу семинарының нәтижесiнде аудандағы ҮЕҰ iшiнен 2 жылдан берi «Шипа» Дәрiгерлер ассоциациясы» қоғамдық бiрлестiгi осы жобалардың жеңiмпазы атанып, ауылдағы жастар мен жасөспiрiмдер арасында саламатты өмiр салтын насихаттау бағытында жұмыс жүргiзуде. 2012 жылы «Шипа» Дәрiгерлер Қауымдастығы» Қоғамдық Бiрлестiгi, «Береке» Қоғамдық Бiрлестiгi арқылы Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен «Жастарға арналған ақпараттық-ресурс…

Толығырақ ...