26Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.
Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимн мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.
Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті.
Мемлекеттік тудың биікке көтеріліп, елдігімізді айғақтаған кездерінде – әрбір қазақстандық азаматтың бойында патриоттық сезімі ұялап, бойымызды Отанымыз үшін мақтаныш сезімі кернейтіні анық.
Мемлекеттік әнұранымыз барша әлемге танылып, көк байрағымыз 13 мәрте биікке көтерілген ел тарихындағы ерекше жыл – 2012 жылғы қазақтың ұлттық рухын асқақтатқан байрақты бәсеке Лондон Олимпиадасы естен кетпейді.
Сонымен қатар, мақтан тұтқан қазақ баласы ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, альпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына алып шақты.
Бұл мемлекеттік рәміздеріміздің адам бойына ерекше Отансүйгіштік сезім сыйлайтын күш-қуатқа ие екендігін, әсіресе, Олимпиада ойындарында жерлестеріміз жеңіске жеткенде шымырлаған жүрек пен толқыған көңіл жеткізетіндігі сөзсіз.
Мемлекеттік рәміздер күні - Қазақстандағы жаңа мейрам, әйтсе де оны қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді. Себебі бұл күн әр азамат үшін кең-байтақ Отанымыздың ерекше қастерлі және қасиетті күні.
 
                                                             Э.Манат

 

Сейсенбі, 21 Маусым 2016 17:38

Әлем көгіндегі Көк байрақ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – өзіндік тарихи тамыры мен дәстүрі бар егеменді мемлекетіміздің бет-бейнесін бейнелейтін бірден-бір белгісі болып табылады. Төрткүл дүниедегі барша елдермен терезесі тең Отанымыздың айбары мен күш-қуатын, барша сән-салтанатын танытатын да осы – мемлекеттік рәміздеріміз. Мән-мағынасы кең, мазмұны терең Ту, Елтаңба, Гимнді – еркіндік пен теңдікті мұрат еткен, достық пен бауырмалдықты бойына сіңірген әрбір қазақстандықтың абыройы мен намысының жарқын көрінісі, елдігіміздің ерен белгісі деп түсінеміз.  
                     Биылғы жылы мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына да                   24 жылдың жүзі болып, елімізде кеңінен аталып өтілуде. Осы жылдар ішінде мемлекеттік рәміздер еліміздің тарихымен біте қайнасып, Қазақстанды бүкіл дүниеге танытты.
                     Кез-келген халықаралық деңгейдегі шараларда, олимпиада ойындарында, форумдар мен басқа маңызды басқосуларда еліміздің айбынын асырып, көк байрағымыз желбіреп, еліміздің гимні айтылғанда  Отанымыз үшін мақтаныш сезімі кеудемізді кернейтіні де рас. Қазіргі кезеңде әр қазақстандықтың мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайтынына сенімім мол.
                      2011 жылы облысымызда Мемлекеттік рәміздер алаңы мен  «Тәуелсіздік саябағы» ашылды. Көлемі 5,8 га құрайтын саябақта «Ел бірлігі» монументі, «Тәуелсіздік шежіресі» аллеясы пайдалануға берілді. Онда егемен ел болғалы бергі тарихымыздың әр жылында орын алған ерекше тарихи оқиғалар мәрмәр тасқа жазылды.
  Осылайша бұл орын тарихи кешенге айналды, халықтың, соның ішінде өскелең ұрпақ жастардың серуендеп қана қоймай, тәуелсіздіктің тарихын, құндылықтарын бойына сіңіріп, өз Отанына деген патриоттық сезімдерінің шыңдала түсетін орынға айналды.
Рәміздерді түсініп қабылдау көпшілікті әсіресе жастарды патриоттық және отансүйгіштік жолындағы тәрбиелеудегі негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.
Ту –  тәуелсіздік пен тұтастықтың тұғырлы өлшемі, азаттықтың айырылмас бөлшегі! Сондықтан ол ежелден елдіктің басты белгісі болып есептелген. Туды кие тұтып, айрықша қастерлеу – ата-бабаларымыздан тамыр тартқан арналы дәстүр.
Тәуелсіздік туын биікке көтеріп, бекем ұстау, қасиет тұту – бүгінгі ұрпаққа өнеге болуы тиіс. Егемен елдің азаматтары көк байрақтың қадір-қасиетін терең сезінулері қажет. Алтын күн астында азаттық қыраны қалықтаған көк байрақтың ашық аспанымызды қорғап тұрған бүгінгі батырларымызға ерекше күш беретіні анық.  
Ту – ел бірлігінің символы. Халқымыз қандай кезеңде де текті тудың төңірегіне топтасып, ерлік пен елдіктің жасампаз үлгісін көрсеткен. Байрағын жықпай, елі мен жерін ұрпақтан-ұрпаққа аманаттаған.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін аспан түсті асқақ байрағымыз желбіреді. Біле-білсек, біздің күн астында қанат қаққан қыран бейнелі көк байрағымыз бабадан жеткен бүкіл тулардың құтты жалғасы, қасиетті жиынтығы.
Елтаңбамыз да ерекше. Елтаңбаның ең басты белгісі – күн бейнелі шаңырақ. Шаңырақ – қазақтың ең қасиетті дүниесі. Мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыз киіз туырлық жабылған шаңырақ астында өмір сүріп келді. Елтаңбада алтын қанатты жылқылар – қос пырақ бейнеленген. Ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар бойы пырақтар мініп, білектің күші, найзаның ұшымен кең-байтақ  жерімізді ұрпағы үшін қорғады. Сондықтан да Елтаңбадағы қос пырақтың бейнесі терең тарихымыздың сырын ашады.
Біздің Гимніміз «Менің Қазақстаным» деп аталады. Оны еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жан жүрегі тебірене айтады. Гимн – ұлттық және патриоттық тәрбиенің нағыз қайнар көзі. Гимн – халқымыз тарихының тереңдігі, еңбексүйгіштігі, ынтымақ пен бірлік, береке  мен бейбітшілік жыры. Еліміздің гүлі болып егілейік, жыры болып төгілейік!
Мемлекеттік Гимніміз мәңгілік шырқала берсін!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы желбірей берсін!
Елтаңбамыз күн шұғыласымен астасып, жарқырай берсін!