26Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Күні кеше Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде кадрлық тағайындаулар болып өткенінен хабардарсыздар. Яғни, 25 ақпан күні ОҚО әкімінің тағайындауымен облыстағы жеті бірдей басқарманың басшысы қызметтік өкілеттіліктеріне кірісті.
Сонымен білек сыбана қызметке кіріскен су жаңа басшылар кімдер? Олар ел үшін еңбек етуге келгенде нендей ерекшеліктерімен еленіп, қайсы қырынан төбе көрсетті? Барынша бағалап көрейік...
 
Ол жергілікті басшылардың біліктілігіне сенім артты
 
Алдымен облыс басшысы Бейбіт Бәкірұлының кадр саясаты мәселесіне келгенде қырағылық танытып, іске өте байыппен қарап, шешім қабылдайтыныны аңғарылады. Неге десеңіз, Б.Атамқұловтың облысқа келгеніне жарты жылдан асты. Ол кісі төтесінен әу бастан-ақ өз «командасын» ерте келген жоқ, не болмаса қызметке кірісе сала  жан-жағын «тазалап», қажетті де ыңғайлы адамдарын жасақтай жөнелмеді де...  
Кімнің кім екенін, қай басшының ілкімді, қайсы саланың сылбыр келе жатқанын дөп басып білу үшін тамырын басқан тамыршыдай сыңай танытты. Әліптің артын бақты. Уақыт бәріне төреші. Барлық саланы саралап көріп, таразы басына салып, оң-солын танып, кімнің ақсап, кімнің көш бастап бара жатқанына әбден көзі жеткенде ғана мәселені төтесінен қойды. Бұнысы да Бәкірұлының тәжірибелі саясаткер, жеті өлшеп бір кесетін басшы екенін байқатады. Бұл - біріншіден. Екіншіден, бірінші басшы қандай болса, кейінгі жасақ та сол толқынмен, сол қарқынмен жұмыс істейді. Талап күшті болса, тәртіп орын алады. Облыс басшысы барлық тапсырма мен талапты алдыңғы кезектегі басқарма басшыларының алдына қойды, олардың әрқайсысы өз саласын алып шығатынына, біліктілігіне иек артып, сенім білдірді. Және дәл қазір сол бағытта жұмыс жасап жатыр.   
 
Әкім кімдерді таңдады?
 
Кадрлық ауыс-түйістерге келгенде жыл басынан бері облыс басшысының орынбасары болып Ұласбек Сәдібекұлы тағайындалғаннан кейін ешқандай өзгеріс орын алған жоқ болатын. Сәдібекұлы да өңірге таңсық адам емес, керісінше есімі оңтүстікке етене белгілі біртуар азамат. Жылдар бойы облысқа маңдай терін төгіп, елдің қыр-сырын, айтар маңызды мәселесін бір кісідей біле алатын жан деуге болады.
 Ал енді кешегі қайта құрылған жеті бірдей басқарманың басшысын тағайындау кезінде де Бәкірұлы сол тактикасын тағы ұстанды. Яғни, ел ішіндегі елеулі азаматтарға қолдау білдіре отырып, оларға нық сенім мен үлкен жауапкершілік арту! Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы етіп Қуандық Салыбекұлы Құлажановты бекітсе,  ал облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы лауазымына Болат Серікұлы Жанәбілді жайғастырды. Байқап отырғандарыңыздай, бұрынғы ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы қайта тарап, әрқайсысы өз алдына бөлек сала ретінде бағыт алып дамитын болды. Білім жағын Қуандық Салыбекұлына сеніп тапсырып, жастар саясатын жүргізуді жас та болса жалынды, жігерлі маман Б.Жанәбілге жүктеді. Өз кезегінде күні кешеге дейін Құлажанов алдыңғы тарап кеткен басқарманың басшысы болса, Жанәбіл соның орынбасары болып келген. Яки, әрі қарай жаңа басқарманың жұмысына өз ісін білетін басшыларын тартты.
ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасы да екіге бөлінді. Ішкі саясат басқармасының басшысы болып  Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков тағайындалса, дін істері басқармасына Батырбек Қаратайұлы Жалмұрзаев барды. Қос азамат та өз салаларының әбден жілігін шағатын білгір, жетік маманы. Сонымен бірге ОҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметіне кіріскен Марғұлан Зұлхарнайұлы Мараим,  ОҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Исаұлы Әбдіқұлов, ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы  Нұрлан Мархабатұлы Байғұтты да жұрт танымайды, білмейді деп айта алмайды. Барлығы да халықтың көз алдында жүрген беделді де, белсенді азаматтар.  
 Құралай АХМЕТ. 

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына өңірімізден 1532 азамат үміткер ретінде ұсынылып, оның 1358-і үміткер ретінде тіркелді. Бұл туралы Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Өмірәлиев ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Сайлау алдындағы үгіт-наслихат жұмыстарын жүргізу қағидалары» тақыбырында өткен брифингте хабарлады. «Құрамы жағына қарайтын болсақ, «Нұр Отан» партиясынан 312, «Ақ жол» партиясынан 14, «Бірлік» партиясынан 1, «Ауыл» партиясынан 29 үміткер тіркелсе, партияда жоқ азаматтардың ішінен 187, ал партиясын көрсетпеген 815 адам облыстық мәслихат депутаттығынан үміткер ретінде тіркелді», - деді сайлау комиссиясының төрағасы. Еске сала кетсек, 24 ақпаннан бастап саяси партиялардың және жеке үміткерлердің сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары басталған болатын. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қағидалары барлық орталық және жергілікті телеарналар мен басылымдарда көптен бері жарияланып келеді. Қазақтан Республикасының сайлау туралы Конституциялық Заңының 27, 28-бабының талаптарына сай және орталық сайлау комиссиясының бекіткен негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бойынша 24 ақпанда басталған үгіт-насихат жұмыстары 18 наурыз күні сағат 24:00-де аяқталады. Ал кандидаттарды сайлау 20 наурыз күні өтеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Онда қала тұрғындарын ауыз сумен, газбен, электр жарығымен қамтамасыз етудің жағдайы, сондай-ақ қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер құрылысының сапасы туралы және бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту мәселелері талқыланды.

   Мәжілісте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мәлік Әбдінұров баяндама жасады. М.Әбдінұровтың айтуынша, 2015 жылы қалада инфрақұрылым жұмыстарына жіті көңіл бөлініп, жүйелі істер жүзеге асқан. Мәселен, ауыз су бойынша қалада 5 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған. Ал биыл 7 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

     – Бюджеттен қаралған 3516,4 млн теңге қаржыға құрылыс жұмыстарын толығымен маусым-шілде айына дейін аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда («Нұртас» шағынауданы, Сайрам тұрғын алабы, «Мирас», «Қайтпас-1» шағынауданы (2-ші кезең), «Самал-3» ш/а (2-ші кезең), «Ұлағат», «Қызылжар» және «Ынтымақ» шағынауданы). Нәтижесінде, 12 жоба іске қосылып, 57,4 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылады, – деп атап өтті.

      Табиғи газ бойынша айта кетсек, 2015 жылы Шымкентте 5 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды. Олар – «Самал-3», «Қайтпас-2», «Қазығұрт», «Гидролизный» және «Еламан», «Құрсай» шағынаудандары. 2016 жылы қалған 3 нысанның  құрылыс жұмыстары тамыз-қыркүйек айына дейін аяқталып, пайдалануға тапсыру жопарлануда («Самал-2», «Таскен» және «Мирас» шағынауданы). Нәтижесінде, 8 жоба іске қосылып,  65,5 мың. адам газбен қамтылмақ.  Электр жарығы бойынша 2015 жылы 4 нысанның 3-нің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылған («Сәуле»,  Қайнар Бұлақ саяжайы, С.Рахимов, МПС, Теміржолшы және 167/10 ТБ көшелері). 2016 жылы электр жарығы бойынша
7 нысанның  құрылыс жұмыстары желтоқсан айына дейін аяқталып, пайдалануға тапсыру жопарлануда («Қайтпас-2»  (2-ші кезең),
«Достық-2» (2-ші кезең), «Қайтпас-1» (3-ші кезең), «Ынтымақ», «Ақниет» шағынауданы, Жастар, Еламан, Застенная көшелері, қосалқы стансасы «Бозарық 220/110/10кВ» - құрылыстың құны 9142,4млн.т.). Нәтижесінде, 10 жоба іске қосылып, 68,3 мың адам сапалы электр желілерімен қамтылды.

      Жиында Шымкент қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Тәжібай Егетаев қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер құрылысының сапасы жөнінде баяндады. Жауапты маманның мәлімдеуінше, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына
2015 жылы республикалық бюджеттен 2,1 млрд теңге, облыстық бюджеттен 3 млрд теңге қаржы қаралып, игерілген.

      – Аталған қаржыға жалпы 41 тұрғын үйдің (3059 пәтер саны, 167 153 ш.м.)  құрылысы жүргізіліп, оның 37 тұрғын үйі (2699 пәтер саны, 147 477 ш.м.) пайдалануға тапсырылды. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген. 2014 жылғы статистикалық өсу динамикасымен салыстырғанда пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер саны 2015 жылы 4 есе артық орындалғандығын көрсетуде, – деді бөлім басшысының орынбасары. Оның айтуынша, 2016 жылдың қаржыландыру жоспарына сәйкес, бүгінгі күнге 4 тұрғын үй
(576 пәтер, 29 656 ш.м.), 1 жатақхана (35 пәтер, 3754 ш.м.) құрылысына облыстық бюджеттен 1,8 млрд теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілген. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстарын жүргізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Мәжілісті қала әкімі Ғ. Әбдірахымов қорытындылап, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды.

      – Бұған дейін Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы жобасын нақтылап алғанбыз. Ондағы жоспарлар қаңтар айында мәслихатта бекітілді. Тұжырымдамада тұрғын үй-коммуналдық мәселелері, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау және қауіпсіздік, қала құрылысы мен сәулеті, кәсіпкерлік сынды бірқатар салалардың даму тетігі қарастырылған. Қаланың әлеуетін арттыруда және сәулеттік жобасын көркейтуде биыл көп жұмыстар атқарылатын болады, – деді қала әкімі.

 

www.shymkent.gov.kz

Шымкентте қоқыстан электр энергиясын өндіретін станса салынады. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. Оның айтуынша, аталмыш станса 2014 жылы Шымкент қаласының маңында пайдалануға берілген қоқыс іріктейтін зауыттың базасында салынбақ және ол қалаға қосымша 50 МВт электр энергиясын беретін болады. «Қазіргі уақытта Шымкент қаласының аумағы қатты өсуде. Біздің Шымкент қаласына 40 елді мекен қосылды және 81 шағын аудан құрылған. 2014 жылы іске қосылған қоқыс өңдеу зауыты барлық қоқысты өңдеп үлгере алмай жатыр. Толыққанды қоқыс өңдейтін зауыт деп оны айтуға келмейді, оны қоқыс іріктейтін зауыт десе де болады. 2015 жылы ол зауыт Шымкент қаласының коммуналдық шаруашылық меншігіне қайта берілді. Аталмыш кәсіпорынның иесі болып табылатын инвестормен келіссөздер жүргізілуде. Инвестициялық жоспар бойынша, олар бұл іріктеу зауытын толыққанды өңдеу цикліне көшіру үшін, зауытты кеңейтуді көздеуде. Қазіргі уақытта әкімдік пен зауыт Гонконг пен Сингапур тәжірибелерін зерттеді, келешекте біз барлық қоқысты электр энергиясына айналдырып отыруды жоспарлаудамыз. Қоқыс өңдеу стансасы 50 МВт электр энергиясын шығаратын болады. Сонымен қатар қосымша жылу энергиясы да өндіріледі», - деді әкім.

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерге брифинг берді. Онда облыс әкімі 2015 жылы өңіріміздің экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстары туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап береді.

Айта кетейік, облыстағы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы Елбасының халыққа арнаған Жолдауы аясында және Ұлт жоспары - 5 институционалды реформаны іске асырудың «100 нақты қадамындағы» міндеттердің шеңберінде жүзеге асуда. 2015 жылдың қорытындысы бойынша облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзгеріс бар. Мәселен, жалпы өңірлік өнім бойынша өткен жылы болжамды 2% өсімді құрады (республикадағы орта есеп 1,2 %). Сонымен қатар, былтыр өнеркәсіп саласында 668 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілсе, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 64,4 млрд. теңгеге артық. Бұл көрсеткіш бойынша Оңтүстік Қазақстан елімізде алғашқы бестікке кіреді.

Өңірде «Индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы басталғалы құны 228,5 млрд. теңгені құрайтын 164 жоба іске қосылып, 14 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Іске қосылған жобалардың 94% жоспарланған қуаттылықтың 90-100%-на жетті. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада алдыңғы қатарда. Ал индустрияландыру картасының екінші бесжылдығында 869 млрд. теңгені құрайтын 115 жобаны іске қосу жоспарланып, нәтижесінде 20 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Есепті жылы инвестициялық құны 44,6 млрд. теңге болатын 27 жоба іске қосылып, 2,6 мың жұмыс орны ашылды. Олардың бірі жылына 2 млн. тоннаға дейін цемент өндіретін «Стандарт Цемент» ЖШС. Зауытта жаңа М-600 маркалы, сондай-ақ, «құрғақ» энергиялық үнемді тәсілмен нығыздалған цемент өндіріледі. Кәсіпорында 450 адам жұмыспен қамтылған. Ал келесі ірі өндірістің бірі шұлық бұйымдарын өндіретін «Алем БT» ЖШС. Жоба құны 2 млрд. теңге болатын кәсіпорында 170 азамат жұмыспен қамтылса, оның 30 пайызы мүмкіндігі шектеулі жандар.

Жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1 адамға шаққанда 48 000 АҚШ долларын құрады. Бұл – 2014 жылмен салыстырғанда 18 пайызға артты. 2015 жылы өңірдің өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында 12 455 жаңа жұмыс орындары ашылды. Аймақта 2015 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 184 889 бірлікке жетті. Өңірдегі экономикалық белсенді халықтың төрттен бірі осы салада еңбек етеді. Осы шағын кәсіпкерліктің өсіп, өркендеуіне сеп болған ОҚО әкімдігі жанындағы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы». Бүгінде 15 аудан, қалада ашылған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бір жылда 35 899 кәсіпкерге көмек көрсетіп, кәсіпкерлік мектептерінде 7193 адам оқытылған. Ел экономикасын тұрақтандырып, дамытудың тағы бір жолы – инвестиция тарту болып табылады. Өткен жылы облыс экономикасына 416 млрд. теңге инвестиция тартылған. Қазір аймақта шетелдік компаниялардың өкілдерімен бірлескен 42 жобаның іргетасы қаланды. 2015 жылы жалпы құны 32,3 млн АҚШ долларын құрайтын 4 жоба іке қосылды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысына тартылған инвестиция көлемі 416 миллард теңгені құрады. Бұл жөнінде облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді. Әкім 2015 жылды қорытындылай келе облыс экономикасына 416 млрд теңге инвестиция тартылғанын айтты. Оның жартысынан астамы, яғни 61,2%-ы, бұл 254,8 миллард теңге шағын және орта кәсіпорындар салған қаржат. Сонымен қатар 7 индустриалды аймақ бойынша инфрақұрылым толығымен жасалған. Нәтижесінде 50 кәсіпорын іске қосылды. Ағымдағы жылы 20,1 милиард теңге сомасында 29 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бағытта 1323 жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған. Облыс әкімі ел экономикасын дағдарыс кезінде тоқыраудан сақтап қалатын шағын және орта бизнес, сондықтан олардың дамуына жағдай жасау аса маңызды екенін тілге тиек етті. Осы ретте индустриалды аймақтардың қатарын көбейту маңызды. Бейбіт Атамқұлов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі: - Бүгінде облыста индустриалды аймақтарды әр қалада, әрбір ауданда құруға аса назар аударып отырмыз. 11 индустриалды аймақ құрылып, 151 жоба айқындалды. Осы орайда 163 млрд теңге инвестиция тартылып, 13 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.

www.24.kz

 «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес елімізде мүлікті жария ету акциясы 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастау алып жалғасуда.
     Кейбір азаматтар жер учаскесін алып оның меншік иесі ретінде құқығын заңдастырып алады да, құрылысты (тұрғын үй, коммерциялық нысан және т.б.) бастайды. Ал құрлысы аяқталған соң нысанды әділет органдарында тіркеуді ұмытып кетеді де кейін ірі мөлшерде айыппұл төлеп тіркеуге мәжбүр болады. Міне, осындай нысандарды жария ету акциясы аясында ешбір айыппұлдарсыз заңдастырып алуға зор мүмкіндік беріліп отыр.
  Тағы да бір айта кететін мәселе, кейбір азаматтыр бұдан бұрынғы, яғни 2006-2007 жылдары өткен рақымшылық акциясы кезінде мүліктерін жария еткенімен оның меншік иесі ретінде құқықтарын әділет органдарында тіркелмеген. Бұл нысандарды да қазіргі кездегі акция барысында заңдастырып алуға болады.
  Осыған орай, облыс тұрғындарына мүлікті  жария етудің тиімді тұстарын тағы да еске салып өтуді жөн көріп отырмыз.
  Біріншіден, мүлікті жария ету үшін бірнеше органдарға жүгіріп, уақыт өткізудің қажеті жоқ, мемлекеттік кірістер басқармасына тиісті құжаттарды тапсырып, арнайы декларацияны толтыру жеткілікті.
   Екіншіден, жария етілген ел аумағында жылжымайтын мүлік үшін мемлекет пайдасына алым ұсталынбайды.
   Үшіншіден, бұл жауапкершілікке тартылудан қорқынышсыз мүлікті жария ету болып табылады. Мүлікті жария ету туралы заңда рақымшылыққа ілінетін құқық бұзушылықтар мен қылмыс түрлері қарастырылған. Яғни соған сәйкес мүлік иесі қылмыстық, әкімшілік   және тәртіптік жауапкершіліктен босатылады.
  Тағы бір атап өтетін жайт, көптеген азаматтарды мүлік жария етілген соң әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғалмайды ма деген сұрақ алаңдатады. Бұл жөнінде кепілдік берілген. Айтар болсақ заңда мынандай жеңілдіктер көрсетілген: біріншіден, мүлікті жария ету барысында алынған мәліметтердің құпиялылығы сақталады; екіншіден; заңдастырылған мүлік пен мүлік иесінің үстінен мүлікті жария ету барысында анықталған мәліметтерге сүйене отырып қылмыстық іс жүргізуге және әкімшілік, тәртіптік жакапкершілікке тартуға тыйым салынған.
       Әрбір бюджетке түскен қаржы еліміздің өсіп өркендеуіне, дамыған 30 елдің қатарына енуіне өзіндік үлесін қосатынын білуіңіз керек. Сондықтан  барлық Қазақстандықтарды аталған акцияға белсене қатысуыларыңызды сұраймыз. Және мүліктеріңізді уақытылы заңдастырып, сол арқылы нысандардың еліміздің экономикасына жұмыс істеуін қамтамасыз етуге үлестеріңізді қосыңыздар.
 
Абай ауаны бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы
 
Өндірістік емес төлемдерді
әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы                                     Айдарбекова А.

 

Шымкент қаласы бойынша 2016 жыл көктем маусымына дайындау - көркейту, көгалдандыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
       Атап айтсақ, көктем маусымында ерте гүлдейтін голландық қызғалдақ 90 300 дана гүл көшет тұқымдары (930м2) ОҚО әкімшілік іскерлік аумағына, қызғалдақ су бұрқағы гүлзарына, қала әкімдігі аумағына, Ордабасы алаңына және Кең баба саябағы алдына отырғызылды.
        Қаланың орталық көшелері, алаңдары және саябақтары мен гүлзарларында 16000м2 жаздық гүл орындарына 650 000 мыңнан аса көшеттерін отырғызу жоспарланып, Республика даңғылы, Тауке хан даңғылы, Астана даңғылы, Қонаев даңғылы, Бәйдібек би даңғылы, Момышұлы, Желтоқсан, Темірлан тас жолы, Жібек жолы, Рысқұлов, ОҚО әкімшілік іскерлік аумағы, Әл Фараби алаңы, Түркістан, қалалық әкімшілік аумағы, Бақпаев, Орталық саябақ, Жеңіс саябағы, Тәуелсіздік саябағы, Металлургшілер саябағы, Абай саябағы, Этно саябағы, Нұрсәт саябағы т.б. орындарда жер аудару, көң себу жұмыстары жүргізілуде.
  2016 жылы жоспарланған 80000 мыңнан аса декоративті ағаш көшеттері мен көп жылдық бұтақшаларының 35000 данасын  көктем маусымында орталық көшелер, саябақтар мен гүлзарларға  отырғызу жұмыстарының дайындығы қолға алынған.
       Агротехникалық талаптарға сәйкес, ағаштарды қалыпқа келтіріп бұтау, өсіктерін кесу жұмыстары Дулати, Қазыбек би, Орынбаев, Иляев, Қонаев, Темірлан, Гагарин, Қалдаяқов, Абай даңғылы, Бақпаев, Жангелдин, Диваев, Түркістан Момышұлы Республика даңғылы, Рысқулов, Жібек жолы, Қабанбай батыр т.б. қаланың орталық көшелерінде жүргізілуде.
       Сонымен қатар, Қонаев даңғылының  Түркістан көшесінен бастап Желтоқсан көшесіне дейін аралығында жасыл алаңды қайта құру                  (суғару құбырын салу, газон егу) жұмыстары бастылып, 15.04.2016ж дейін аяқтау қарастырыл отыр.
         Төтенше жағдайлардың алдын алу және су басуларды болдырмау мақсатында сенбіліктер ұйымдастырып,  өзен-каналдарды тазалау,көктем мезгілінде ауа райының қолайсыз күндері жауын-шашынның салдарынан жеке үй құрылыстары іргесіндегі арық–атыздарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ:
     - Жаңа Шек каналының арнасын  (Сматлаев көшесі және Тоғайлы өткелі  бойымен) Желтоқсан және Әлімбетов көшелері аралығында  қамыстарды орып, тазалау;
      -  Қошқар-ата өзенінің Самал базары тұсынан Тельман елді мекені,   Самал-3 м/а арнасының  шақырым бөлігі механикалық, 1,1    ақырымын қолмен тазалау;
-       Қарасу өзені механикалық жолмен 500 м, қолмен 1,2 шақырым тазалау;
-       Жаңа шек каналы механикалық жолмен 600 м, қолмен 0,8 шақырым тазалау;
-       Шымкент каналы механикалық жолмен 420 м, қолмен 210  м шақырым тазалау;
-       Ақтас елді мекеніндегі каналдын 850 м бөлігі механикалық жолмен тазалау;
-       Канка каналы арнасының 0,5 шақырым бөлігі механикалық жолмен
тазалау жұмыстарын жүргізуге  арнайы мамандандырылған «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-і  мекемесіне  тапсырма берілді.
Жұмыстардың орындалуы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бақылауында болады.
 
Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
Тел.: 8 -7252- 53-00-18
 

 

Өңір басшысы Б.Атамқұлов Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында халық алдында есеп берді. Онда әкім өткен 2015 жылы өңіріміздің экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы бес жылда іске асырылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндады. Есепті кездесуге жергілікті тұрғындармен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ж.Естенов қатысты. Жылдық есептің ерекшелігі сол, өңіріміздегі барлық аудан, қалалардағы тұрғындар әкім есебін онлайн режимінде тыңдап, сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Өткен 2015 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталған өңір басшысы өнеркәсіп саласында 668,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2014-ші жылмен салыстырғанда 64,5 млрд. теңгеге артқанын айтты. Бұл көрсеткіш бойынша біздің облыс республикада 5-ші орынды иеленіп отыр. Ал 2015 жылы жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1 адамға шаққанда 48 мың АҚШ долл. құрады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 18% артқан. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 344,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,5% өскен. Республикада мақтаның өнімі бойынша 100% көрсеткішті Оңтүстік Қазақстан облысы беріп отыр. Ал, бақшаның өнімі бойынша 65%, жеміс-жидек 36%, жүзім 65% біздің облысқа тиесілі. Жалпы атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыс жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, республикада алдыңғы орындарды иеленіп келетіндігіне тоқталды. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы - Елбасының халыққа жасаған Жолдауы аясында және мемлекет басшысы ұсынған Ұлт жоспары - 5 институционалды реформаны іске асырудың 100 нақты қадамын жүзеге асыру шеңберінде іске асатынын жеткізді. Мәселен, облысымызға тек өткен жылы 143 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, 58 жаңа жоба іске асырыла бастады. Олардың үштен бірі (36%) шетелдік инвесторлардың қатысуымен. Ал, жалпы өңірге бүгінгі таңда шетел капиталынан 48,3 млрд. теңге инвестиция тартылса, болашақта шетел инвестициясынан бөлек, отандық кәсіпкерлерді де тарту көзделіп отыр. Инвестиция тартудың тағы бір тетігі – бұл индустриалдық аймақтар. Өткен жылы қосымша 3 индустриалдық аймақтың құрылысы аяқталып, осы жылы тағы 5-ін іске қосу жоспарлануда. Сонымен өңірде жалпы 11 индустриялды аймақты құрап отыр. Осы аймақтарға инвестиция көлемі 145 млрд. теңгені құрайтын 142 жоба мақұлданып, олардың 50-і толық іске қосылған. Алғашқы ашылған «Оңтүстік» индустриалдық аймағында орналасқан кәсіпорындар есебінен бүгінгі күнде бюджетке салық ретінде 4,4 млрд. теңге түсіп, мемлекеттің инфрақұрылымға жұмсаған 6,8 млрд. теңгенің 65% бюджетке қайтқан. Ал кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімшілік барьерлерді азайтуға күш салынып жатыр. Осы мақсатта облыста «бір терезе» принципі бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Барлық аудан, қалаларда кәсіпкерлік мектептер ашылған. Сонымен қатар, Қазақстан бойынша біздің облыста ғана несие беретін «Максимум» аймақтық-инвестициялық орталық жұмыс істейді. Ол орталық – екінші деңгейдегі банкттерден пайыздық мөлшері төмен несие береді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

«Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ директорлар кеңесі «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС-мен бірлесе 48 пәтерден тұратын тоғыз қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысын бастады. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. «Өңірлерді дамыту - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында іргетасы қаланып жатқан баспаналар Шымкенттегі әкімшілік-іскерлік орталығы маңынан бой көтеруде. Бүгінгі таңда екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отырса, келесі жылы тағы осындай 2 тоғыз қабатты үйдің іргетасы қаланып, қожайындарына тапсырылмақ. 

Жалпы, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бастамасымен 9 қабатты 4 тұрғын үй салу жоспарланып отырғанын бұған дейінгі ақпараттарымызда айтқан болатынбыз. Көлемі 14777 шаршы метрді құрайтын 192 пәтердің әрбір шаршы метрі 150 мың теңгеден саудаланбақ. Жайлы пәтерлер жеке инфрақұрылыммен, дүкендермен және жерасты автотұрақтармен қамтылған. Сонымен қатар, директорлар кеңесінде ұзындығы 12,4 шақырым болатын су құбырын салу туралы да шешім қабылданды. Сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы біткенде Агро аймақ жобасының көлемі 1800 гектар аумақты қамтитын алма мен жаңғақ жеміс ағаштары өсірілетін «Қарқынды бақтар» учаскесін толықтай суаруына мүмкіндігі болады. Бүгінгі таңда аталған жобаны жүзеге асыру үшін мердігерді тарту жұмыстары жүргізілуде.

 

Page 1 of 2