26Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

29 Қыр

Асылтұқымды сиырлар бағып, отбасын асырап отыр

ОҚО-да «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы қарқынды жүзеге асып жатыр. Сегіз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттен өңірге бөлінген 15 млрд. теңгеден астам қаражаттың 9,8 млрд. теңгесі игерілген.
         Сайрам ауданы Қарасу ауылының тұрғыны Ұлбосын Сұлтанова осы бағдарлама арқылы 2,5 млн. теңге несие алып, етті әрі сүтті ірі қара өсіруде. Ұзақ жылдар ұстаз болып еңбек еткен Ұлболсын Сұлтанова 3 жыл бұрын зейнеткерлікке шыққан. Отағасы өмірден озған соң, 5 баланың анасы үйде қарап отыра алмады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 2,5 млн. теңге несие алып, бірнеше асылтұқымды сиыр мен бұқа алдым деп отыр. Қазір шаруасы алға басып келеді. Сүт, қаймақ, ірімшік, құрт сияқты өнімдерін алыстан іздеп келетіндер көбейген. Тағы бір ауыл тұрғынын көмекші ретінде жұмысқа алған. Болашақта шаруашылықты кеңейтсем деген жоспары бар екен. Облыс бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жыл басынан орталыққа 22 мыңнан астам адам келіп, әлеуметтік келісімшарт жасасқан.
Автор: Болат Көкенайұлы

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.