30Сәуір2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

12 Қаз

Еңбексіз қоғам қалыптаспайды

Елбасының «Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы Қазақстан халқы үшiн оң серпiн берерi анық. Қазiргi жаһандану заманында ешбiр адам еңбексiз еңсесiн тiк ұстауға қабiлеттi тұлға болып қалыптаса алмайды. Жаһандану көшiмен бiрге ақпараттық ағымның тоқтаусыз өзгерiп, бiлiм мен бiлiктiлiк сапасының санаты кұн артып жоғарылай түскенi баршамызға белгiлi. Қай салада болма¬сын, қоғамның жаңа идеялармен қҰлшына еңбек етуiнiң тала¬бын арттыра түсетiн Елбасының бағдарламасы әлеуметтiк масылдықдың әлеуетiн әлсiрететiнi хақ. Бағдарлама қоғам тiршiлiгiнде анық байқалатын тұтынушылық үрдiсiне қарсы тойтарыс беруге, жаһандық дағдарыс «жалынының» шарпуы¬на қарсы тұра алуға бағытталатын негiзгi бағыттарды нақтылай түсерi сөзсiз. Бұл жайында Елбасы: «Бүгiнде еңбек – ХХI ғасыр жағдайындағы шешушi ұлттық фактор ретiнде, жаһандық бәсекелестiк жағдайында – алдыңғы кезекке iлгерiлетiлуi тиiс», – деп атап көрсеттi.
Ел Президентi Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы идеясы қол жетпейтiн сағым еместiгiн, керiсiнше, практикалық, прагматикалық идея екендiгiне сендiре отырып, барша қазақстан халқына белгiлi өзiнiң өмiр жолын мысал ретiнде кел¬тiрдi. Шындығында да «Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей» немесе «Бейнет түбi рахат» деген дана халқымыздың түнiмiзде шырақ болар қанатты сөздерi осыны айғақтайды. Бәсекелестiк базар құрып тұрған қазiргi жаһандану заманында еңбек етуге әлеуетi бар халық дамылсыз еңбектенуге және мұны әрбiр ел тұрғыны жете ұғынуы тиiс.
Сондай-ақ, Елбасы ұсынған бағдарламаның басты талабы әлеуметтiк жаңғырту саясатының негiзiне шынайы өндiрiстiк ең¬бектi қоюға тиiс екендiгi. Бұл тұр¬ғыда Еуразия құрлығындағы интеграциялануға белсендi қатысатын әрiптестерiмiз үшiн тартымдылыққа ие бiртұтас моделi жасақталмақ. Осы орайда, жаңғырту үдерiстерiнiң табысты жүзе¬ге асырылуына бес қағидатты басшылыққа алуды ұсынған болатын. Бұл қағидаттар Қазақстан халқының бағдарламаны жүзеге асыруда негiзгi бағдар бола¬тыны анық. Елбасын қолдаған ел осы бағдарламаның орындалуында жұмыла жұмыстануы қажет.
Бiздiң қоғамда еңбек қоғамын құруға және қалыптастыруға барлық жұмыстарды орайластырған жөн. Кiм еңбек етсе, сол табыс тауып, тұрмыс-тiрлiгiн оңалтады. Билiк орындары болса, еңбек ететiн әр адамға көңiл бөлiп қолдау жасауды ұйымдастыруы тиiс. Ал еңбек ету дегенде Кеңес заманынан қалыптасқандай көзқарас болмауы тиiс. Бұған жаңаша көзқарас қажет. Нұрсұлтан Әбiшұлы орыс тiлiндегi «Самозанятость» деген сөздiң мәнiн қалай түсiнетiндерi жөнiнде кеңеске қатысқандарды пiкiрге тартты. Бұл жөнiнде әркiм өздерiн ой¬ларын айтқаннан кейiн Елбасы «Самозанятость» дегенiмiз тек кәсiпорындар мен компанияларда, бизнесте ғана емес, жалпы кез келген адамның табыс табу үшiн, өзiн және отбасын асырау үшiн еңбек көздерiн табатындар. Мейлi олар үй шаруашылығымен шұғылдансын, мейлi малын бақсын, мейлi бiреулерге жалданып нәпақа тапсын – мұнын бәрi еңбекке саяды. Ал билiк орындары, әсiресе, жергiлiктi әкiмдер осындайларға қамқор-көмек ұйымдастыра бiлудiң жолдарын қарастыру тиiс.
Бүгiнгi таңда адамдардың еңбек етуiне, жұмыс табуына жағдай жасау заман талабына айналды. Сондықтан осы мақалаға орай тапсырмаларды орындау негiзгi 5 бағыт бойынша үйлестiрiлетiн болды. Бiрiншiсi – әлеуметтiк заң шығаруды жаңғырту. Екiншiсi – еңбек қатынастарын жаңғырту. Үшiншiсi – әр адамның тұрмысын жақсарту. Төртiншiсi – бұл жөнiнде ақпараттық-мәдени шаралар жасау. Бесiншiсi – мемлекеттiк басқарудың қолайлы жүйесiн тауып орнықтыру.
Ауылдағы өзiн-өзi қамтамасыз ететiн азаматтардың, зейнеткерлердiң, мүгедектердiң, жұмыс iстейтiндердiң нақты саны, аты-жөнiне дейiн тiзiмге алынған. Осы бойынша бiрер айда жұмыстардың нәтижесi айқындалмақ.
Сонымен бiрге жас та, ересек адамдар да бос отырып билiктi сынай бермей, жұмыс бар жерге, нәпақа табатын жерге бару жөнiнде тетiктер жасалуы тиiс. Басқа елдерде адамдар шет жұрттарға барып кепiлдiксiз еңбек етедi. Ал бiздiң елiмiзде жұмыс орны жетiп-артылады. Тек соларды дұрыс ұйымдастырып, бiрiншi кезекте елiмiздiң азамат¬тарын еңбекпен қамту мәселесiне аса мән беру қажет.
Жалпы жұмысы бар халықтың үштен бiр бөлiгiн «өзiн-өзi еңбекпен қамтығандар» дейтiн топтар құрайды. Алайда олардың санын анықтау тек шартты ғана болып жүр. Бұлардың арасында ұсақ фермерлер, өз автокөлiктерiмен жеке тасымал жасаушылар, пәтерiн жалға берушiлер айтылып жүр. Сонымен қатар жұмыспен қамтылғандардың елеу¬лi бөлiгiн «жұмысы жоқ» дейтiн еңбекке қабiлеттi адамдар құрайды. Алайда көбiнесе нәпақа табу Ұшiн жекелеген ауқатты адамдарға жалданатын¬дар «жұмыссыздар» деп аталып жүр. Ендi бұлардың бәрi зерт¬телiп, зерделенiп жұмыстың көзiн тапқандар санатына енуi тиiс. Жалпы ел азаматтарының бәрi де еңбекпен қамтылуы, оларға еңбегiне қолайлы жағдай жасау – қазiргi заман талабы екенiн терең түсiнгенiмiз абзал. Елiмiз болашағы жарқын болуы  үшiн халықты жаппай еңбек етуге тарту ең басты мәселеге айналуы жолында iзденiстер мен iс-қимыл батыл қолға алынса Елбасының тапсырмасы мүлтiксiз орындалатыны күмәнсiз.
Мақалада айтылған «еңбек» ұғымының негiзгi қағидаттары мен заңдылықтары, еңбекке қатысты мазмұнды пiкiрлер терең ойға қалдырады. Солардың iшiнде бiздiң назарымызды аударған мәселе адам бойындағы «масылдық», «әлеуметтiк инфантилизм» тәрiздi жағымсыз қасиеттер болды.  
Елбасы бұл туралы былай деп жазады: «Масылдық пен әлеуметтiк инфантилизм секiлдi құбылыстарды еңсерiп, жеке адам мен бизнестiң жоғары жауап¬кершiлiгiне, барлық еңбек субъек¬тiлерiнiң мемлекетке қатысты әрiптестiк өзара қарым-қатынасына негiзделген еңбек қызметi мен игiлiкке жаңа тартымдылық енгiзу қажет».
Иә, шын мәнiнде масылдықтың астарына үңiлсек, онда белгiлi бiр қоғамдық себептердiң бар екенiне көз жеткiзуге болады. Адам – табиғатынан өзгермешiл. Бұл орайда қоғам мен өмiрлiк жағдайлардың өзi тудырған әлеуметтiк терiс психология жылдар бойы қалыптасып, санаға әбден сiңiстi болған жағдайды да көрiп отырмыз. Бiреу¬дiң есебiнен өмiр сүру, ауырдың үстiмен, жеңiлдiң астымен жүрiп күн көру, қиындыққа төзiмсiздiк таныту, жеңiл табыс табуға ұмтылу сынды жағымсыз қылықтар, әсiресе, нарық заңдылықтарына негiздел¬ген қоғамда айқын байқалып қалады. Жалпы алғанда адамның еңбекке деген қабiлет-қарымы, ынта-жiгерi жайдан-жай қалыптаспайтыны тағы белгiлi. Еңбекке деген сұраныстың жоқтығы, адамның өзiне де¬ген сенiмсiздiгi көп жағдайда «масыл¬дық психологиясын» туындатуы да мүмкiн.
Мемлекет басшысы атап өткен¬дей, «әлеуметтiк жаңғырту жо¬лындағы айтарлықтай кедергi әлеумет¬тiк инфантилизм секiлдi кең тараған құбылыс болып табылады. Оның негiзiнде 90-шы жылдар¬дағы «жабайы капитализмнiң» өтпелi бастапқы кезеңiнде «жабысқан» еңбекке өңi айналдырылған, терiс көзқарас жатыр. Бұл игiлiкке жетудiң алдамшы формуласы – «аз жұмыс iстеп, көп табу», «ауадан ақша жасау» және тағы басқаларды абсолютке көтердi. Әлеуметтiк инфантилизммен зорайтылған дөрекi тоғышарлық жаңғыртудың тежегiшi болуға қабiлеттi».
Қазақстанның қазiргi даму мүмкiндiктерi кең арнаға түсiп отырғанда, бiздiң азаматтарымыздың кежегесi кейiн тартып, масылдық психологиясынан, әлеуметтiк инфантилизм секiлдi дерттен арыла алмай келе жатқандығының себебi неде? Әлеуметтiк инфантилизм мен масылдықтың қанымызға сiңiп, бойымызға дендеп енiп алуының бiр себебi – бiр қоғамнан екiншi қоғамдық жүйеге, кешегi кеңестiк жүйенiң шекпенiнен арылып, тәуелсiз ел ретiнде өмiр сүре бастауымыздың өзi түптеп келгенде адам бойындағы «түсiнiксiз қа¬сиеттердiң» пайда болып, туындауына алып келген жоқ па? Уақытша орын алған әлеуметтiк-экономикалық қиындықтардың өзi отандастарымыздың санасын жүз сек¬сен градусқа өзгертiп жiбергенiн қалай жоққа шығаруға болады? Өтпелi кезеңнiң қиын жерлерi де осы болуы мүмкiн – шынайы еңбек етуге тиiс адам әлденеше себептердi сылтау етiп, жұмыстың жоқтығын айтып, кiнәнi өзiнен емес, өзгеден көруге бейiмделiп алушылық та осындай әдеттердiң пайда болуына негiз болып отыр. ғасырлар бойы адамды адам еткен еңбек деп келсек, бүгiнде сол еңбектiң өзi көкпар тартысқа түсiп отырған жайы бар.
«Еңбектi еңбек ретiнде қабылдамау¬шылық», «еңбектiң ырыс пен байлық әкелетiнiн түсiнбеушiлiк», «еңбектiң әр адамға бөлiп берер несiбесiнiң барын ұға алмаушылық», «еңбектi тек қана еңбек тудыратынын бiлмеушiлiк», «еңбектiң арқасында барша өмiрдiң жақсара түсетiнiн мойындамаушылық» тәрiздi көзқарастар адам жүрегiнiң түбiнен терең орын алып алған сыңайлы. Рас, қазiр әлем, заман басқа. Бұрынғыдай елдiң барлығы жаппай зауыттарда, еңбектiң қайнаған өтiнде қызмет етпейдi. Әркiм өзiне ұнайтын, өзiнiң көңiлiне жағатын жұмысты атқаруға құмбыл. Бос жүрген адамды жазалайтын кеңестiк жүйе келмес¬ке кеттi. Уақыт талаптары өзгердi. «Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей» деген ойшыл Абай сөзi кейбiреулердiң сана¬сын аса бiр тебiренте қоймайтын да жағдайларды көрiп жүрмiз. «Маймылды адам еткен еңбек» деген сөз жаратылыс тұрғысы¬нан алғанда нанымсыздау болса да, еңбек тұрғысынан алғанда бұл, әсiлi, дәл айтылған сөз.
«Бiрақ бiз жұмыссыздардың барлығы бiрдей жұмыс iстеуге ұмтылмайтындығын да көрiп отырмыз. Өкiнiшке қарай, адам¬дар арасында жаңа бiлiктiлiктi меңгеруден гөрi базарда «такси» қызметiн атқаруды қалайтын психология сақталып отыр. Егер бiз бәсекеге қабiлеттi ұлт болғымыз келетiндiгi рас болса, бұл психологиядан арылу қажет!» дейдi Елбасы.
– Масылдықты терiс құбылыс ретiнде талай жырауларымыз, шешендерiмiз өздерiнiң нақыл сөздерiнде айтып кеткен. Масыл¬дық айналып келгенде адамның өз-өзiн түсiнбеуiнен, өзiне беретiн бағасының төмен болуынан, рухани жетiлмеуiнен болады деп есептеймiн. Ал шынтуайтына келетiн болсақ, адам еңбек арқылы ғана жетiледi. Шынайы еңбек қана адамды бақытқа жеткiзедi.
Менiң ойымша, еңбектiң мәнiсi – еңбек етуде. Адамзат қоғам құра бастағаннан бастап еңбек – адам өмiрiнiң түпкi негiзiне айналды. Кезiнде еңбектiң әртүрлi қырлары туралы көптеген дана¬лар ой толғап кеткен. Еңбек туралы көптеген ұлағатты ой-пiкiрлер қазақ халқының да ой-санасынан орын тепкен. Демек, еңбек деген бүкiл адамзат баласының сенiмдi күшiне айналды. Еңбекқорлықтың маңызы жөнiнде ғұлама ғалым әл-Фарабиден бастап, Абай, Шәкәрiм сынды ойшылдарға дейiн шығармаларына арқау еткен. Еңбексiз бұл дүниеде ешнәрсенiң мәнi де, сәнi де болмайтынын, дүниедегi әрбiр нәрсенiң өлшемi – еңбек екенiн терең пайымдатқан.
Жалпы алғанда еңбек жөнiнде сүбелi ойлардың айтылатын уақыты жеттi деп ойлаймын. өйткенi бұрынғы кеңестiк жүйе ыдырағаннан кейiн, жаңа қоғамдық қатынастар орнай бастады емес пе?! Елiмiз капита¬лизмнiң не екенiн, нарықтық қатынастардың қандай болатынын көре, бiле бастады. Өйткенi оның алғашқы белгiлерi келдi бiзге. Бiрақ капитализмнiң жүйе ретiнде бiрден орнығып кетуi оңай емес. Ол үшiн сол қоғамда өмiр суретiн адамдардың санасы оны қабылдауға дайын болуы керек. Бiз үшiн ол таңсық дүние болғандықтан, капитализмнiң алғашқы сатыларынан өтуге тура келдi. Нарықтық қатынастардың орнауына бiраз жылдар керек болды. 90-шы жылдардан берi қарай есептесеңiз, оншақты жыл бойы бiз «жабайы» капита¬лизм¬мен өмiр сүрiп келдiк. Базар¬да қап арқалаған саудагерлерге нағыз iскер, кәсiпкер ретiнде қарай бастадық. Ол экономикалық қарым-қатынастардың әлi дами алмай жатқан кезi болып едi. Сондықтан да нарықтық қатынас дегенiмiздiң өзi, шынтуай¬тына келгенде қоғамдағы тәртiптiң үйлесiмдi болуы, қабылданған экономикалық заңдардың мүлтiксiз орындалуы, азаматтар арасындағы мәдениеттi қарым-қатынас дәрежесiнiң жоғарылауы, моральдық, адамгершiлiк құндылықтардың бiрiншi орынға шығуы. Мiне, осы айтылған нәрселер болғанда ғана бiз толық нарықтық қоғам құра алдық деуiмiзге болады. Нарықтық қатынас кiсi ақысын жеу емес, бiреудi алдап-арбап кету емес. Ол өркениеттi қоғамның шынайы бейнесi болып табылады. Мәселе осында жатыр. Осыдан келiп кәсiп болсын, еңбек болсын, өз деңгейiне көтерiледi. Былайша айтқанда, өзiнiң нәтижесiн бере бастайды.
Бiздiң айтпағымыз, масылдық ол көктен түскен нәрсе емес. Ол адам баласының бойында жүре пайда болатын жағымсыз қасиет. Сондықтан масылдықпен күрес өмiр бойы жалғасады. Адам баласы өз бойындағы жалқаулықты қалай жеңуге тырысса, масылдықты да солай жеңуге тыры¬суы керек. Бұл орайда ғалымдардың ойы «бәрi де адамның өзiне байланысты» дегенге саяды. Өмiрде өз жолын дұрыс таңдап, сүйiктi кәсiбiн таба бiлген адам ғана масылдықтан арылады. Нақтылай айтқанда, масылдық тек бүгiн ғана пайда бола салған нәрсе емес. Сол себептi де оны түбегейлi жойып жiберу де қиынға соғары анық. Дегенмен, масылдықпен күресiп, жас ұрпақты еңбексүйгiштiкке бау¬лып, жаппай қоғам болып еңбек¬тiң рөлiн биiктеткенде ғана елiмiздiң дамуы, өркендеуi бiрнеше сатыға жоғарыламақ.
«Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдi¬рушi болғанына бүгiн бүкiл әлем ерекше көз жеткiзiп отыр. Ол әлемнiң дамыған елдерiнде жаппай әлеуметтiк масылдық туындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерiнiң бiрi болып табылады» деп Президент әдiл бағалап, бұл жалған идеяға сындарлы балама «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы идеясы болып табылады.
Ақыр аяғында, әлемдiк өрке¬ниет¬тiң барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегiмен жасалады. Сондықтан бiздiң әлеуметтiк жаңғырту саясатының негiзiне шынайы өндiрiстiк еңбектi қоюға тиiспiз» деп қорытындылайды.
Саттар Куашбаев,
«Нұр Отан» ХДП Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы,
облыстық мәслихат депутаты,
э.ғ.к. профессор

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.