18Тамыз2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

05 Шіл

«Мәңгілік ел» идеологиясы – еркіндік, елдік, ерлік

«Ел бүгіншіл менікі ертең үшін» деген екен ұлы ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынов. Күллі әлем технологиялық төңкеріске дайындалып жатқанда ертеңін ойламаған елдің есесі кетеді, алдындағы сыбағасынан айырылады. Асқақ мұраты жоқ халық адасқақ келеді. Ал, «Қазақстан - 2050» стратегиясы қазақ халқы үшін темірқазық іспеттес, қай кезде де жол сілтеп тұрмақ. Маңызды құжатқа сәйкес Қазақстанның даму жолы айқындалды. Жеті бағытқа жіктелген тапсырмаларды орындай білсек, енді бір отыз-қырық жылда әлемдегі 30 елдің санатына қосылып-ақ кететіндейміз. Амалын тапсаң алынбайтын қамал, жолын тапсаң бағынбайтын белес болмайды. Атағы дүркіреп, экономикасы күркіреп тұрған отыз ел дегеніміз диірменнің тасы емес-ау, тәйірі, жолап кеткенді жаңғақша шағып жіберетін. Тек  біздер кеңестік шекпенді жамылып, қалың ұйқыда жатқанда ұзап кеткені болмаса, олар да сіз бен біз секілді ет пен сүйектен жаралған жұрт. Тек бабымыз бен бағымыз жараса болды, озық елдердің де қарасы көрініп қалатын кез де алыс емес. Қазақстан-2050» Стратегиясы Қа­зақ­станның өсіп-өркендеуіне, оның «Мәңгілік Ел» болуына қызмет етеді. «Мың өліп, мың тірілген» Қазақ елі үшін бұдан артық қандай бақыт пен табыс болмақ?! 30 жылдан астам уақытты қамту сырына үңілсек, неге соншама ұзақ мерзімді алған, неге бір-екі, болмаса әрі кеткенде бес жылдықты межелемейді деп астарына ой жүгіртетініміз де рас. Алайда біз  бүгінімен ғана шектелмейтін, «Мәңгілік ел» миссиясын қойып отырмыз. Осы аралықта Қазақ елі әлемнің өркениетті биігіне қырандай көтерілуі керек. Болашақты болжаған өркениетті елдер ғана өздерінің жарты ғасырға немесе бір ғасырға арналған дамуын жоспарлап қояды. Ал 2050 жылға дейін біз әлемде дамыған, бәсекелестікке барынша қабілетті 30 елдің, тіпті 20 елдің қатарына қосылып қалуымыз мүмкін. Бұған еліміздің экономикалық мүмкіндігі толық жетеді. Өйткені, Қазақстанда табиғи ресурстар баршылық. Жалпы ұлттық мемлекет болғандықтан, бұл елдің өзінің алдағы 30-50 жылдыққа негізделген мүдде, мақсаты болуы тиіс десек, мұны арнайы бағдарламамен белгілеу өзге өркениеттер үлгісінде көптен бар. Ұзақ жылдардың табысын көздеу – қай кезде де өскендіктің белгісі болып қабылдануы заңдылық. Өсіп, өркен жаямыз деген халықтың барлығы осындай ұзақ мерзімді ауқымды бағдарлама, бағыттарға бет түзейді. Біз бір жылмен немесе он жылмен өмір сүруге болмайтынын жақсы білеміз. Сондықтан, жақсы ишараны, ұлттық белгілерді, мемлекеттік сипатты біздің де игеріп, меңгергеніміз абзал. Жолдаудағы әр бағыттың қазақтың ертеңі үшін қандай пайда әкелетіні сонда тайға таңба басқандай таныла түседі.
 Жолдауда Президент «Мәңгілік елді» төрт мәрте айтты. Тарихшылардың пайымдауынша орхон жазбаларында қайталанатын «түркі елінің баламасы» «Мәңгілік ел».«Мәңгілік ел» - түркі тегінің тұтастығы мен тәуелсіздігінің кепілдігін қамтамасыз етуге арналған тектілік, тазалық пен еркіндік идеологиясы. Бұл ерлік пен бірлікті идеал еткен идеология! Бұл Л. Гумилев еңбегінде жиі айтатын «Вечный эль» танымы.Мәселен, Римдіктер өз астанасын мәңгі қалаға теңейді, ал ағылшындар мен француздар өздерін бұрыннан бар ұлтпыз, сондықтан алда да мәңгі жасампаз ел боламыз деп сенеді, сол тәрізді әлемнің жарты бөлігін өз өктемдігінде ұстаған ержүрек түріктер де өз елін «Мәңгі елге» балады.Ендеше «Мәңгілік ел» идеологиясының иін-иірімінде - еркіндік, ерлік, елдік. Еркіндік ерлікпен өлшенсе, ерлікпен еншіленеді. Ал бірлікпен өріледі. Құжаттағы «Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық», – деген сөздер баршамызды толғанысқа бөлейді. Жолдаудағы бүкіл асыл ой «Мәңгілік Елдің» шындыққа айналғандығынан дерек береді. Арман кілті өз қолымызда. Елбасы оны іске қосудың тетігі «бабалар ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастықпен» байланыстыруы ортақ ойымызбен қабысады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы – ел тари­хындағы аса маңызды тағы бір қарышты қадам. Яғни, тәуелсіздігіміздің жиырма бірінші жылынан бастап ел тарихында тағы бір серпінді стратегия жасалды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнайтын Жолдауы тек бағдарламалық сипатта ғана емес, оның ел өміріндегі тарихи, саяси маңызды құжат болып табылатынын да айтуымыз керек.Болашақты алыстан болжайтын стратег саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекетіміздің 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз ете отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықтың маңызы да ерен.Олар: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеу­меттік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм.
ХХІ ғасырбейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болатынына сенім білдірген Мемлекет басшысы Қазақстан халқын жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырды.
Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» жаңа саясистратегиялық даму бағыты қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін және ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат болып табылады.
 
«Қазақстан – 2050» Даму стратегиясы жарты ғасырға жуық кезеңді қамтиды. Мемлекеттік тілге байланысты Елбасының егер қазақстандықтардың барлығы қазақша сөйлегенде, біз Қазақ мемлекеті боламыз деп жариялаймыз деп атап өткені, шынында да көп көңілінен шықты. Бұлел алдына қойып отырған үлкен рухани міндет. Қазақстанның қазіргі бағыт-бағдары айқын. Ол өзінің меже тұтқан саяси бағыты мен экономикалық реформаларын орындауда уәделі мақсат үдесінен шығып келеді. Оған әлем назары тігулі.
 
ХХІ ғасыр Қазақ елі  үшін «алтын ғасыр» болмақ. Өйткені,  алдымен экономикамызды тіктеп алдық. Еңалпауыт деген елдердің өзі дағдарысқа ұшырап жатқанда, біздің еліміз дағдарысты айналып өтті. «Алдымен – экономика, сосынсаясат» түсінігі бұған көпәсерін тигізді. Біз – экономикасы тіктелген, басқа да салаларғабарынша көңіл бөлуді қолға алған мемлекетпіз. Жүрекке жақын Жолдаудың жігер тасқындатар қуаты мен жауапкершілік салмағы да орасан. Өйткені, 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағытымызды айқындаған құзырлы құжат қалыптасқан мемлекеттің тағдыршешті моделін айқындайды. Жолдаудың өн бойынан елдік бірлігіміздің қасиетті мұраттары қол бұлғайды, келер күндер кемелдігіне құлшындырады.
Еліміздің «Қазақстан-2050» жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда–қазақ халқын айрықша жауапкершілік жүктеледі. Осы орайда, «Қазақстан-2030» Стратегиясының ел еңсесін тіктеудегі маңызын атап өткіміз келеді. Жолдаусөздеріменайтсақ: «Біз қазақ халқына, біздің мәдениетіміз бен тілімізге қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірдік». Қазақтілі – біздің рухани негізіміз. Ендігі жерде өзгені емес, алдымен өзімізді қамшылауымыз керек. Елбасы түпкі мақсатты мынадай сөздермен түйіндеп отыр: «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз».  Ендігі жерде Қазақстанның болашақтағы орны мен рөлі «Қазақстан-2050» стратегиясының сәтті іске асырылуына байланысты. Бұл елдің ең маңызды ішкі трансформацияға және жаңаруға дайындығы мен әлеуеті. Қазақстанның дамуы бұдан былай тек бүгінгі әлемдегі ғана емес, «ғасыр белесіндегі» - 2050 жылға дейін қалыптасатын әлемдегі бәсекелестікке бағытталмақ.
                                                                             А.ЖАРЫЛҚАСЫН.
 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.