18Тамыз2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

23 Мау

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА – ЖАҢА ҚАДАМ

Шымкент" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ОҚО-ның бау-бақша шаруашылығына жаңа технологиялар енгізуге адымды қадам жасады.

Оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер мен мамандар «Шымкент» ӘКК және Түркия Республикасы жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ұйымдастырған бір апталық оқудан Қазақстанға оралды. Семинарға қатысушылар өсімтал және жартылай өсімтал бақтарды, жеміс дақылдарының тәлімбақтарын отырғызу технологиясымен танысты. Испарта қаласында өткізілген практикалық семинар-тренингтер аясында олар жеміс көшеттерін отырғызудан қапталған өнімді бөлшек сауда жүйесіне жөнелтуге дейінгі технологиялық процесс барысын өз көзімен көріп бақылады. «Dynamic control atmosphere» (реттелмелі газды орта) технологиясы қолданылатын заманауи жеміс-көкөніс қоймаларын, өнімді іріктеу және қаптап орау бағыттарының жұмысын көріп шықты. 
Семинар Қазақстанда қолданылатын технологияларды қайта ойлап, бау-бақша шаруашылығында жетістікке жетудің бірден-бір маңызды шарттары болып табылатын бақ отырғызудың мерзімі, көшет сорттары мен түрлерін іріктеу, суару, зиянкестерден және күн мен қатты жауын-шашыннан (бұршақ) сақтау, өсірілген өнімнің сақталуы және оны өткізудің логистикасына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Жылдық айналымы 600 мың тонна алманы құрайтын Испарта Түркия бойынша алма өндірісінен екінші орынға ие.
Сондай-ақ, делегация Анталья қаласының Эльмалы ауданында болып, ондағы ауыл шаруашылығы басқармасы мен ауыл шаруашылығы палатасының жұмысымен танысып қайтты.

"Шымкент "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ

 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.