19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

25 Мам

Қазақстан 2050 жылы балама және жаңаратын энергия көздерінің жиынтық үлесін 50 пайызға жеткізеді

Қазақстан балама және жаңаратын энергия көздерін өндірудің жиынтық үлесін 2050 жылы 50 пайызға жеткізеді.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан VI Астана экономикалық форумы аясындағы «Индустриялды революция - «жасыл экономикаға» көшу» атты сессияда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті. «Біз ауаға шығарындылар бойынша стандарттарды қазіргі еуропалық деңгейге келтіреміз және оған 2030 жылы-ақ қол жеткізу үшін шаралар әзірлеудеміз», - деді ол. Сонымен қатар министрдің атап өтуінше,  Қазақстан жалпы ішкі өнімдегі энергия сыйымдылығының көлемін 2030 жылға қарай 30 пайызға, ал 2050 жылы 50 пайызға төмендететін болады. «Біз балама және жаңаратын энергия көздерін өндірудің жиынтық үлесін 2030 жылы 30 пайызға, ал 2050 жылы 50 пайызға жеткіземіз», - деді Н.Қаппаров.

Қазақпарат

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.