19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

25 Мам

Өз деңгейінде өтіп, жауапты мақсаттар жүктеді

 

Республикалық деңгейде өткен жылдан бастау алған «Елімнің тағдыры – менің тағдырым»  форумы Созақ ауданында жалғасын тапты. Аудан әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залы аудан халқына толды. Ауданның барлық ауыл, поселке аумағынан жиылған көпшілік түгел жиналған соң Президиумге аудан әкімінің орынбасары -  С. Еденбаева, аудандық маслихат хатшысы –     М. Исаев, «НұрОтан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Р. Әлжанов, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – А. Мұсабек, «Созақ жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Б. Саржанов құрметті орын алды. Форумды Аудан әкімінің орынбасары С. Еденбаева ашып, жүргізіп отырады.

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық көрегендігі мен жасампаз дана қызметінің арқасында Қазақстан тәуелсіздіктің қысқа мерзімі ішінде бұрынғы кеңестік республикадан экономикалық қуатты, демократиялық дамыған, әлем елдері арасында беделді мемлекетке айналды. Осынау таңғаларлық жетістіктердің барлығы да – Елбасының үнемі сенім артатын жасампаз қуатқа ие әрбір қазақстандықтың, бүкіл халықтың ерен еңбегі. Елдің және оның азаматтарының тағдырының тұтастығы Қазақстанның үдемелі дамуының негізі екені белгілі.

Осыған байланысты, отандастарымыздың тағдыры арқылы елдің жетістіктері мен оның азаматтарының табысын паш ету мақсатында жыл сайын «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» форумын өткізіп тұру идеясы туындаған. «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» республикалық форумы «Назарбаев орталығы" көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өтіп келеді. Аймақтық форумды өткізу бірінші кезекте еліміздің азаматтарын Қазақстан қоғамының тұрақты дамуы мен ұлт бірлігін нығайтуды қолдауға белсенді қатысу, Ұлт көшбасшысының бағытына ары қарай да қоғамдық қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге тартуды көздейді.
Форумның мақсаты – замандастарымыздың жасампаз күші мен позитивті көзқарасын айқындаған Қазақстан Республикасы азаматтарының жетістіктерінің тарихын білу және көрсету. Отандастарымыздың тағдыры арқылы Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа тәуелсіз мемлекет орнатудағы стратегиясының табыстылығын көрсету. Осыған орай, бүгінгі форумға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауыл-поселке әкімдері, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы саяси Кеңесінің және бюросының мүшелері ,бастауыш ұйым төрағалары, ардагерлер кеңесінің төрағалары, мекеме, бөлім басшылары, бас дәрігерлер, мектеп директорлары, мұғалімдер, ауылдық кітапханашылар, үкіметтік емес ұйым басшылары, зиялы қауым өкілдері кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, аудандық БАҚ өкілдері қатысып отырды.

Форумның күн тәртібіндегі мәселе, «Отандастарымыздың тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін насихаттау арқылы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» тақырыбы бойынша аудан әкімінің орынбасары С. Еденбаеваның жасаған баяндамасы көпшілік тыңдарманның көңілінен шықты. Баяндама Тәуелсіздіктің 22 жылын ой елегінен өткізіп, келер күндердегі ұлы мұраттарға бағыт сілтер Елбасы саясатының сан қилы сәттерін қамти көрсеткен. Залда жиналған форум делегаттарына алдын ала дайындалған «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» бейнеролигі көрсетілді. Онда тәуелсіздігіміздің асқаралы белестерінде жеткен жетістіктеріміз туралы жылнамалы мен тұщымды тарихи деректер терең баяндалған. Форум барысындағы жарыссөзде аудандық мәслихаттың депутаты С.Жанұзақов, ақын Бөрғазының Өскені, Ә.Молдағұлова жалпы орта мектебі директорының орынбасары Керімбекова Дина Мелдебекқызы. «Демеу-Таукент» филиалының медициналық-санитарлық бөлімінің бас дәрігері Қасымқұлов Бижігіт Жеңісұлы, «Созақ жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Саржанов Біржан Рысбайұлы - «Созақ жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Құмкент ауылдық кітапханасының меңгеруші Усаева Күлайша Даярқызы шығып жеткен жетістіктерін, алдағы мақсаттар міндеттерін тілге тиек етті. Форумның соңын аудан әкімінің орынбасары С. Еденбаева қорыта отырып, алдағы күндерде ынтымақ пен бірлікте, таулықта Елбасымыз бастаған іргелі мемлекеттің гүлдене дамуына бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Мақсат Жеңіс

Созақ ауданы

 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.