24Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

25 Мам

Ауыл жарымай, мемлекет байымайды

Елбасы Жарлығына  сәйкес ОҚО, Арыс ауданының әкімі Ертай Сейіт Мырзақұлұлы ауылдық округтер мен Арыста өткен жылы атқарылған жұмыстар және алда атқарылар істер жайлы тұрғындар арасында есеп берді.Қызметке кіріскеніне жарты жылға жуықтаған қала әкімінің жарғақ құлағы жастыққа тимей жұмыс істегеніне ризалығын білдірген көпшілік есепті «қанағаттанарлық» деп бағалады. Қала әкімімен қатар учаскелік инспекторлар да есеп берді. Қаладағылар да қолдады. Есепті баяндама бойынша жарыссөзге шыққандар қала әкімі Ертай Сейіт Мырзақұлұлының атқарған жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты. Сондай-ақ, қала көлемінде шешуін күткен мәселелерді қозғап, ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Алатау батыр атындағы елді мекенге апаратын жолдағы Қабылсай жырасына салынған көпір жарамсыз деді,- зейнеткер Жебел Достанов.

  • - Оны жөндеу күн талабына айналған Осы елді мекендердегі жолдарға асфальт төсеу де қолға алар істің біріне айналып отыр. Қала орталығынан спорт кешенін салу күн тәртібіндегі іс. Қаладағылар сенбілікке жиі қатысады, осы маңызды шараға дайындықпен келген жөн. Әр мекеменің басшылары бастап келіп, белгіленген жерді санитарлық тазалықтан, бапқа келтірсе құба-құп.

Шалғайдағы Шаян елді мекенінен келіп сөйлеген Оңласбек Таңатаров қала әкімінің бастауымен елді мекенді тасқын судан сақтау мақсатында алдын ала канал қазылғандығын атап өтті. Елді мекендегі балаларды мектепке апару үшін арнайы көлік бөлінген. Жаңадан емхана салынған. Қалалық әйелдер қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің директоры Гүлмира Есілбекова қала әкімінің жақсы істері жайлы айта келіп, жастар тәрбиесіне баса көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды. Теміржолшылар атынан сөйлеген «Теміржолсу – Арыс» ЖШС-нің директоры Әшімхан Әмірханов теміржол вокзалына, теміржол мекемелеріне апаратын жолдарға алфальт төсеуді сұрады. Есеп беру жиналысына қатысып сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев облыс әкімі сеніп тапсырған қызметті Ертай Сейіттің ойдағыдай атқаратынына жиналғандардың көзін жеткізді. Сонымен қатар, Арыста өнеркәсіпті дамытуға, инвесторларды тартуға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға, суармалы жерлерді игеруге және басқа да өзекті мәселелерге баса назар аудару қажеттігін айтты.   

 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.