24Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

25 Мам

"Елімнің тағдырым - менің тағдырым" Арыс қаласында

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты аудандық форум өтті. Бұл форумның мақсаты – қаламыздың және тұтастай Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен жүйелі дамуына қомақты үлес қосқан Арыс қаласының тұрғындарының жетістіктерін, тарихын жұртшылыққа таныстыру. Жалпы іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы көпфункциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі болды. Форум қоғамда кеңінен қолдау тауып, оны ендігі кезекте жыл сайын елдің барлық аймақтарында өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Жерлестеріміздің табыстары арқылы Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа Тәуелсіз мемлекет орнатудағы стратегиясының табыстылығын көрсету. Форумға  мекеме, бөлім басшылары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, жастар, қала тұрғындары қатысып, Арыс қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы, жеке кәсіпкер М.Рахымжанова баяндама оқып, жастар өкілі атынан А.Сыздықова сөзсөйледі. Форум соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар беріліп, қатысушыларға алғыс айтылды. 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.