19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

25 Мам

Балауса ─ бақытты болашаққа жол бастар


Келешегіміз бүгінгі жас ұрпақ балаларымыз үшін Тәуелсіздіктің әр бір жылы ерекше маңызға ие. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы бүгінгі балаларымызды тәрбиелеуде қоғамның бар күш-жігері жас ұрпақты отансүйгіштікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталуы керек. Тәрбиелі де білімді, сапалы да мәдениетті ұрпақ – мемлекеттің берік тірегі. Тәуелсіз Қазақстанның бұдан әрі көркейіп, дамуы үшін бүгінгі балаларымыздың Конституциялық құқықтарын қорғау, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу Мемлекетіміздің басты саясаты.

ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің негізгі жұмыс бағыты Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бала құқықтары туралы БҰҰ-ның конвенциясын, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»,«Неке және отбасы туралы», «Білім туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарын және балалардың құқықтары мен заңды мүделерін қорғау мәселелері жөніндегі өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді іске асыруды қамтамасыз ету. Сондай-ақ жергілікті жерде ведомствоаралық ынтымақтастықты үйлестіру, кешенді шаралардың жүзеге асырылуын бақылау, балалардың адамгершілік-рухани тәрбиесі жөніндегі өңірлік бағдарламаларды іске асыруда жергілікті атқарушы органдарға жәрдемдесу болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жергілікті жерде ведомство аралық жұмыстарды үйлестіру мақсатында облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, ертеңгі болашағымыз – бүгінгі балаларымыздың заңды мүдделерін қамтамасыз ету шараларына етене араласып келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні шеңберінде «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» бүкілқазақстандық акциясы аясында, департаменте арнайы іс-шаралар жоспарын бекітіп, ОҚО білім басқармасымен, аудан, қала білім бөлімдерімен бірлесе балалардың қатысуымен түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.

Атап айтсақ:  ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасы негізінде бала тұлғасын, оның әлемді танудағы эстетикалық сезімдерін  шығармашылық тұрғыда дамыту, көркемдік-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру және жастарды рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық жағынан тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған «Таң Шолпан» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі 2013 жылғы 25 сәуірде  №4 Сайрам балалар үйі мәжіліс залында облыстағы барлық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің қатысуымен өткізілді.

«Таң Шолпан» кезекті республикалық конкурсының биылғы ерекшелігі қарапайым сюжетті, диалогтың, әннің, әуеннің және би өнерінің біріккен   музыкалық-сахналық қойылымы ретінде театрландырылған шығармашылық «Мюзикл» жанрында ұйымдастырылды. Қазылар алқасы құрамына «Өнер» мектеп-интернаты, Қастеев атындағы көркем-сурет мектебі, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өкілдері енген мамандар балалардың қойылымдарын  тұжырымдаманың, тарихтың, идеяның немесе тақырыптың көріністілігі, көпшіліктің сезіміне әсер етуі, костюмнің, грим мен реквизиттердің жалпы идеяға үйлесімдігі, тұжырымдаманың, музыканың, әннің және хореографияның арасындағы үйлесімдікті сақтау, орындау техникасына қарай бағалады.

«Таң Шолпан» кезекті республикалық конкурсының ережесіне сәйкес,  Балалар мюзиклы, Заманауи мюзикл, Халықтық мюзиклдер арасынан  әрбір балалар үйі 2 жанрда сахналық қойылым ұсынды. Конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпазы «Қошқар мен теке» мультфилмінің желісі бойынша заманауи мюзикл және балалар мюзиклы жанрында қойылым қойған   №4 Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілері атанды.

Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай ағымдағы жылдың  1-3 маусым аралығында Қостанай қаласында өткізілетін конкурстың екінші кезеңіне қатысады.

2013 жылғы 17 мамырда  №2 Төлеби балалар үйінің 30 тәрбиеленушісі Шымкент қаласындағы «Мega Chymkent» сауда үйіндегі «Hаppylon» ойын-cауық орталығында  және орталық зообақта бос уақыттарын тиімді пайдаланып, демалып қайтты.

«Біз сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты бүкілқазақстандық акция аясында облыстың барлық қала, аудандарында балалар үшін және балалардық қатысуымен әр түрлі іс-шаралар: сахналандырылған көрініс, «Бар жақсылық балаларға» атты асфалт үстінде сурет конкурсы, «Бақытты балалық шақ!» ойын бағдарламалар фестивалі, «Мен өмір сүріп жатқан әлем» жасөспірім суретшілер үшін граффити галереялар, қайырымдылық акциялар, марафондар, баспасөз конференциялар, «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты мекрекелік диско-шоу,  ұйымдастырды. Сонымен қатар 1-2 маусым күндері «Нұр Отан» ХДП-ның Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалымен бірлесіп, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, өнерлі балаларға қолдау көрсету мақсатында «Балауса 2013» республикалық ән би байқауын ұйымдастыруды және облыс әкімі жанындағы отбасылық-демографиялық саясат және әйелдер істер жөніндегі комиссиямен бірлесіп, «Мөлдір бұлақтан…» атты аймақтық отбасылық шығармашылық фестивалін маусым айында өз дәрежесінде өткізіу жоспарлануда. Сонымен қатар, барлық аудан, қаладағы білім беру мекемелері 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай ауқымды іс-шаралар өткізіуді жоспарлап отыр.

Аталған іс-шараның мақсаты балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне қоғамның тұрақты назары мен орнықты қызығушылығын құру және балалар мен жасөспірімдер мүдделері үшін мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бизнес ортаның, БАҚ-тың күш-жігерін біріктіру болып табылады.

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шараларға облыс бойынша 110 993  бала қатысады деген болжам бар. Бұндай іс-шаралар жоспарға сәйкес жыл соңына дейін жалғасын табады.

Қорыта келгенде баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау  ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік ағайын.

ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

Жүсіпова Ғалия Жүсіпбекқызы

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.