13Желтоқсан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

14 Қыр

«Жасыл аймақтың» жетістіктері

Қазақстанда өткізеледі деп жоспарланған «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі ел Үкіметінің алдына маңызды міндеттер қойып отыр. Бұл әлемдік шараға Қазақстан дайындықты бүгіннен бастап кетті. Атап айтқанда, үкіметтік кеңесте көрменің тіркеу құжаттамасын әзірлеу, халықаралық көрмелер бюросымен өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» аумағында құрылыстар мен нысандар салу бойынша үздік сәулеттік жұмыстарға байқау ұйымдастыру мәселелері қаралуда. Көрмені өткізуге дайындық жөніндегі Ұлттық жоспарды іске асыру Мемлекет басшысының ерекше бақылауында тұр.
Алайда, іс мұнымен біте ме? Әлемнің көшбасшы елдері тұмсық тірейтін көрмеде жиырма бір жылдық тарихы бар Қазақ­станның беделі бедерленіп, абыройы айқындалмақ. Рас, Қазақ елі бұған дейін де азулы мемлекеттердің елбасшыларын дөңгелек үстел басына жиып, ғаламдық мәселелерді талқылаудың ортасын қалыптастыра білді. Демек, күмән болмауы тиіс. Қазақ­­стан атына берілген жолдама алдымен мемлекеттің халық­­аралық стандарттарға негізделген стратегиялық маңызы зор жобаларды іске асыруға мұрындық болып отыр. 
Қазір елімізде «Жасыл экономика» бағдарламасы аясында жаңартылған энергия көздерін дамыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл – Елбасының «Қазақстан–2050» стратегиялық бағдарламасынан туындайтын міндет және «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу тұрғысында да өзекті мәселе. Сон­дықтан, бұл тапсырманы жедел әрі нақты іске асыруда Үкімет барынша мүдделі. Ал, «Жасыл экономиканы» дамытуды көздеген Қазақ­стан бұл шешімге шарасыздықтан келіп отырған жоқ. Жер асты байлығы жөнінен әлем елдерімен теңесе алатын елімізге де энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің реті келіп тұр. Энергия тапшылығы Қазақстанда да бар. Елбасы «Жасыл экономикаға» осы себептен келіп отыр. Өйткені қайсыбір елдің экономикалық, әлеуметтік әлеуетін дамытуда энергетикалық қауіпсіздік мәселесі бірінші орынға шығады. Сондықтан энер­гия қуаты толығымен қамтамасыз етілмесе, экономиканың қарқыны бәсеңдейді. Алайда, Қазақстан­ ТМД-ның өзге елдеріне қарағанда энер­гетикалық саланы қайта жасақтау жұмысына көш ілгері кірісіп кетті. 
Мамандардың айтуынша, энергия жетіспеушілігінен құты­лу­дың бір жолы – электр қуатын үнемдеу. Тағы бір баламалы элек­тр көзі – ол жел мен күннің және судың қуатын пайдалану.
Айталық, Елбасы тапсырмасына сәйкес жоспар бойынша 2020 жылға қарай жаңартылатын энергия көздері 1040 МВт қуат көлемінде болады деп күтілуде. Оның ішінде 13 жел стансасы (793 МВт), 14 ГЭС (170 МВт) , 4 күн электр стансасы (77МВт) жасақталмақ.   Елімізде жаңартылатын энергия көз-
дерін дамытудың 25 жобасы іске асырылса, ағымдағы жылы 12 жоба аяқталады деп жоспарлануда. Бұл жобалар «ЭКСПО-2017» нысандарын электр қуатымен қамтамасыз ететін энергия көзі болады.
Оңтүстік Қазақстан облысы – күн энергиясының потенциалы жоғары, климаты жылы өңірдің бірі. Сондықтан облыста жаңартылатын энергия көздерін дамыту ісі белсенді жүргізілуі тиіс. Жуырда ғана облысқа келген ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров «Жасыл экономика» бағдар­ламасы-на қатысты жергілікті басшылыққа осындай тапсырма жүктеген болатын. Қазір аталған бағдарламаға сәйкес, іс-шаралар жоспары түзіліп, жасыл технологиялар мен инвестицияларды тарту мәселесі қаралуда. 
Соңғы уақытта жер бетінде энергия тапшылығының салда­рынан туындайтын мәселенің маңыздылығына байланысты баламалы энергия көздерін тауып, оны іске асыруда мемлекет инновациялық жобаларды қолдауға барынша кірісіп отыр. Жалпы, күн мен су және желдің энергиясын пайдалану өңірдің шалғайдағы ауылшаруашылығын өркендетуге де сеп болады. Оңтүстікте тау бөктерінен құлай ағатын 132 өзен, 39 су қоймасы бар. Шағын су электр стансаларын салуға қызығушылық танытып отырған инвесторлар да жоқ емес. Ал, облыста екі жылдан соң сағатына 100 МВт электр энергиясын өндіретін жел стансалары салынады деп жоспарлануда. «Шымкент инновация» ЖШС-нің директоры Абзал Дәрібаевтың айтуынша, жел энергиясының қуаты өте жоғары. Сондықтан, оны тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырған жөн. Оның айтуынша, күн сәулесінен қуат өндіретін электрстансасын салу ісі Бәйді-бек ауданында жоспарлануда. 
«Жасыл экономика» бағдарламасының Оңтүстікте іске асы­рылуын жергілікті кәсіпкерлер де қолдайды. Өйткені облыста жаңартылған энергия көздеріне деген қажеттілік көп. Мәселен, күн сәулелі батереялар электр энергиясын үнемдеуге себеп болады. Бүгінде мұндай энергия көздерін Отырар аудандағы үш орман шаруашылығы қолданысқа енгізіпті. Бұл – бір жағынан үнемді, адам денсауылығына кері әсері болмайды. Сондай-ақ, энергия үнемдеу мәселесі Шымкенттегі көп қабат-ты үйлер­де де қолданысқа енгізіле бастады. Үйлердегі жылу жүйесі енді сырттағы ауа райына байланысты реттеліп отырады. Жылытудың жаңа жүйесін «Оңтүстікмемлекеттіксараптау» мекемесі ұсыныпты. Әзірге бұл жүйе тек Қонаев гүлзары бойындағы бірнеше үйлерде ғана орнатылған. Мамандардың айтуынша, осындай мақсаттағы жұмыстар облыста әлі де жалғасын табатын болады.

К.ЕРАЛЫ.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.