26Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

08 Қыр

Қазақстандықтарға үздік отандық азық-түлік өнімін таңдау ұсынылуда

Қыркүйектің тоғызы үздік отандық азық-түлік өніміне онлайн-дауыс беру басталады, деп хабарлады «Халық маркасы» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаева Орталық коммуникация қызметіндегі брифинг барысында.
Ереже бойынша әр жобаға қатысушы үшін бір рет қана дауыс беруге болады. Байқауға қатысуға Қазақстанның барлық аймақтарынан 70-тен астам өндірушілер өтініш берді. Олар түрлі номинациялар бойынша 100-ден астам тауар маркасын ұсынды.
«Барлық номинациялар бойынша қатысушылар көп болды. Алайда сүт, макарон мен ұн өнімдері бойынша қатысушылардың айтарлықтай басымдылығы байқалды. Олар бойынша іріктеу жүргізуге тура келді. Біз бұл брендтер өз өнімдерін кем дегенде еліміздің үш өңірінде таратуы бойынша іріктедік. Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Қазақстан әлемде бидай экспорты бойынша бесінші орында екенін атап өтті. Сондықтанда «ұн» санатында, сонымен қатар сүт өнімдері санатында да брендтер өте көп болды», - деді Р. Тәжібаева.
Дауыс беру 8 қазанға дейін жалғасады. Ал, жеңімпаздарды марапаттау рәсімін қазанның 19-ы Миландағы ЭКСПО-2015  көрмесіндегі ҚР-ның павильонында өткізу жоспарланған. Жеңімпаздар екі жыл бойы өз өнімдерінің қаптамасына «Халық маркасы» белгісін орналастыра алады және  Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне ұсынылатын болады. Әрине, Оңтүстік Қазақстан облысы сүт өнімдерін өндіру саласында оқ бойы озық, республикалық отандық тауар өндірушілердің алдыңғы сапында тұр. Макорон өнімдерінің ішінен "Мадинаны", сүт,айран, балмұздақтың алдын бермейтін Фудмастер, Сайрамсүт тауарларын атап өтуге болады. Қайта жабдықтаудан өткізілген "Сайрам сүт" кәсіпорны бұл күндері 20 тоннаға дейін сүт өнімдерін өндіреді. "Сайрам сүт» зауыты ҮИИД бағдарламасы аясында жаңа қондырғы сатып алу үшін жеңілдетілген несие алды. Бұл өнімнің 25 түрін шығаруға мүмкіндік берді. Бұл көлем облыс сұранысының 30% қанағаттандыруға қауқарлы.

 

Осы категориядағы басқа материалдар: « Асылтұқымды сиырлар бағып, отбасын асырап отыр

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.