26Қыркүйек2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

"Қазақстан-2050"

Қыркүйектің тоғызы үздік отандық азық-түлік өніміне онлайн-дауыс беру басталады, деп хабарлады «Халық маркасы» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаева Орталық коммуникация қызметіндегі брифинг барысында. Ереже бойынша әр жобаға қатысушы үшін бір рет қана дауыс беруге болады. Байқауға қатысуға Қазақстанның барлық аймақтарынан 70-тен астам өндірушілер өтініш берді. Олар түрлі номинациялар бойынша 100-ден астам тауар маркасын ұсынды. «Барлық номинациялар бойынша қатысушылар көп болды. Алайда сүт, макарон мен ұн өнімдері бойынша қатысушылардың айтарлықтай басымдылығы байқалды. Олар бойынша іріктеу жүргізуге тура келді. Біз бұл брендтер өз өнімдерін кем дегенде еліміздің үш өңірінде таратуы бойынша іріктедік. Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Қазақстан әлемде бидай экспорты бойынша бесінші орында екенін атап өтті. Сондықтанда «ұн» санатында, сонымен қатар сүт өнімдері санатында да брендтер өте көп болды», - деді Р. Тәжібаева. Дауыс беру 8 қазанға дейін жалғасады. Ал, жеңімпаздарды марапаттау рәсімін қазанның 19-ы Миландағы ЭКСПО-2015  көрмесіндегі ҚР-ның павильонында өткізу жоспарланған. Жеңімпаздар екі жыл бойы өз өнімдерінің қаптамасына «Халық маркасы» белгісін орналастыра алады және  Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне ұсынылатын болады. Әрине, Оңтүстік Қазақстан облысы сүт өнімдерін өндіру саласында оқ бойы озық, республикалық отандық тауар өндірушілердің алдыңғы сапында тұр. Макорон өнімдерінің ішінен "Мадинаны", сүт,айран, балмұздақтың алдын бермейтін Фудмастер, Сайрамсүт тауарларын атап өтуге болады. Қайта жабдықтаудан өткізілген "Сайрам сүт" кәсіпорны бұл күндері 20 тоннаға дейін…

Толығырақ ...

ОҚО-да «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы қарқынды жүзеге асып жатыр. Сегіз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттен өңірге бөлінген 15 млрд. теңгеден астам қаражаттың 9,8 млрд. теңгесі игерілген.          Сайрам ауданы Қарасу ауылының тұрғыны Ұлбосын Сұлтанова осы бағдарлама арқылы 2,5 млн. теңге несие алып, етті әрі сүтті ірі қара өсіруде. Ұзақ жылдар ұстаз болып еңбек еткен Ұлболсын Сұлтанова 3 жыл бұрын зейнеткерлікке шыққан. Отағасы өмірден озған соң, 5 баланың анасы үйде қарап отыра алмады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 2,5 млн. теңге несие алып, бірнеше асылтұқымды сиыр мен бұқа алдым деп отыр. Қазір шаруасы алға басып келеді. Сүт, қаймақ, ірімшік, құрт сияқты өнімдерін алыстан іздеп келетіндер көбейген. Тағы бір ауыл тұрғынын көмекші ретінде жұмысқа алған. Болашақта шаруашылықты кеңейтсем деген жоспары бар екен. Облыс бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жыл басынан орталыққа 22 мыңнан астам адам келіп, әлеуметтік келісімшарт жасасқан. Автор: Болат Көкенайұлы

Толығырақ ...

Қазақстанда өткізеледі деп жоспарланған «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі ел Үкіметінің алдына маңызды міндеттер қойып отыр. Бұл әлемдік шараға Қазақстан дайындықты бүгіннен бастап кетті. Атап айтқанда, үкіметтік кеңесте көрменің тіркеу құжаттамасын әзірлеу, халықаралық көрмелер бюросымен өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» аумағында құрылыстар мен нысандар салу бойынша үздік сәулеттік жұмыстарға байқау ұйымдастыру мәселелері қаралуда. Көрмені өткізуге дайындық жөніндегі Ұлттық жоспарды іске асыру Мемлекет басшысының ерекше бақылауында тұр. Алайда, іс мұнымен біте ме? Әлемнің көшбасшы елдері тұмсық тірейтін көрмеде жиырма бір жылдық тарихы бар Қазақ­станның беделі бедерленіп, абыройы айқындалмақ. Рас, Қазақ елі бұған дейін де азулы мемлекеттердің елбасшыларын дөңгелек үстел басына жиып, ғаламдық мәселелерді талқылаудың ортасын қалыптастыра білді. Демек, күмән болмауы тиіс. Қазақ­­стан атына берілген жолдама алдымен мемлекеттің халық­­аралық стандарттарға негізделген стратегиялық маңызы зор жобаларды іске асыруға мұрындық болып отыр. 

Толығырақ ...

Елбасының «Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы Қазақстан халқы үшiн оң серпiн берерi анық. Қазiргi жаһандану заманында ешбiр адам еңбексiз еңсесiн тiк ұстауға қабiлеттi тұлға болып қалыптаса алмайды. Жаһандану көшiмен бiрге ақпараттық ағымның тоқтаусыз өзгерiп, бiлiм мен бiлiктiлiк сапасының санаты кұн артып жоғарылай түскенi баршамызға белгiлi. Қай салада болма¬сын, қоғамның жаңа идеялармен қҰлшына еңбек етуiнiң тала¬бын арттыра түсетiн Елбасының бағдарламасы әлеуметтiк масылдықдың әлеуетiн әлсiрететiнi хақ. Бағдарлама қоғам тiршiлiгiнде анық байқалатын тұтынушылық үрдiсiне қарсы тойтарыс беруге, жаһандық дағдарыс «жалынының» шарпуы¬на қарсы тұра алуға бағытталатын негiзгi бағыттарды нақтылай түсерi сөзсiз. Бұл жайында Елбасы: «Бүгiнде еңбек – ХХI ғасыр жағдайындағы шешушi ұлттық фактор ретiнде, жаһандық бәсекелестiк жағдайында – алдыңғы кезекке iлгерiлетiлуi тиiс», – деп атап көрсеттi. Ел Президентi Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы идеясы қол жетпейтiн сағым еместiгiн, керiсiнше, практикалық, прагматикалық идея екендiгiне сендiре отырып, барша қазақстан халқына белгiлi өзiнiң өмiр жолын мысал ретiнде кел¬тiрдi. Шындығында да «Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей» немесе «Бейнет түбi рахат» деген дана халқымыздың түнiмiзде шырақ болар қанатты сөздерi осыны айғақтайды. Бәсекелестiк базар құрып тұрған қазiргi жаһандану заманында еңбек етуге әлеуетi бар халық дамылсыз еңбектенуге және мұны әрбiр ел тұрғыны жете ұғынуы тиiс. Сондай-ақ, Елбасы ұсынған бағдарламаның басты талабы әлеуметтiк жаңғырту саясатының негiзiне…

Толығырақ ...

Өткен сәрсенбiде ардагерлер үйiнде облыс, қала, аудан әкiмдерi жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы бойынша мәжiлiс өтiп, оған облыстық iшкi саясат басқармасының басшысы Г.Тағаева жетекшiлiк еттi. Облыс әкiмiнiң бастамасымен 2009 жылы Түркiстанда өткен «Ырыс алды – ынтымақ» форумы кейiнгi жылдарда Сайрам, Қазығұрт, Ордабасы, Мақтаарал, Төлеби, Түлкiбас аудандары мен Шымкент қаласында жалғасын тапқаны белгiлi. Осынау алқалы жиындарда айтылған келелi пiкiрлер, кемелдi ойлар бүгiнгi таңда қалай жалғасын тауып отыр деген мәселенi басты тақырып етiп алған мәжiлiс осы кезге дейiн атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы мiндеттер бойынша тәжiрибе алмасты. Бұл басқосуға облыс әкiмi жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының хатшысы Мархабат Байғұт, осы форумның Шымкент қаласындағы хатшысы Байдулла Қонысбек қатысып отырды. Мәжiлiсте облыстық iшкi саясат басқармасының басшысы Гүлмира Тағаева кiрiспе сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар бойынша хабарлама жасады. Оның айтуынша, бүгiнге дейiн қала, аудандарда құрылған қоғамдық форумның атқарушы хатшыларының жұмысында бiрқатар жетiстiктер бар, кемшiлiк те жоқ емес. Кей жерлерде форумда айтылған әңгiмелердi халыққа жеткiзу формальдi жүргiзiледi. Бұл орайда Арыс қаласының Құрметтi азаматы, осындағы қоғамдық форумның атқарушы хатшысы Қонысбек Балқыбековтiң, Отырар ауданындағы атқарушы хатшы Байбосын Зұлпыхаровтың iскерлiгiне жоғары баға берiлдi. Ал форумның Кентау қаласындағы өкiлдерi кемшiлiктерiн мойындап, одан тиiстi қорытынды шығаруға уәде бердi. Облыстық ардагерлер кеңесi жанынан құрылған «Әжелер алқасының» жұмысы туралы төраға орынбасары…

Толығырақ ...

Page 1 of 15