18Қазан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Экономика

Шымкент қаласында ОҚО Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкерлері «Аdidas», «Reebok» тауар белгісін пайдаланған контрафактілік өнімдерді тәркіледі. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметінен хабарланды. Ведомство мәліметіне қарағанда, «Reebok», «Аdidas» компаниясының сенімді өкілінің арызы негізінде, Тәуке-хан даңғылында орналасқан «Дәурен» дүкеніне тексеру жұмыстарын жүргізіп, «Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңы талаптарының өрескел бұзу фактілерін анықтады.   «Тексеру кезінде жеке кәсіпкер Л.Өмірбаеваның «Аdidas», «Reebok» тауар таңбасын пайдалануға құқық иегері арасында келісім-шарт жоқтығы анықталып, айғақты заттар ретінде 1 125 600 теңгенің 213 дана контрафактілік өнімдері тәркіленді», - делінген хабарламада. Нәтижесінде, жеке кәсіпкер Л.Өмірбаеваға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабының 1 бөлігімен  әкімшілік іс қозғалып, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Толығырақ ...

Шымкент әкімдігі Достық үйін ашу үшін ескірген «Қазақстан» кинотеатрын сатып алды. Бұл жайында қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.   «Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қала әкімдігі қараусыз қалған кинотеатр ғимаратын сатып алды, оның құны 300 млн. теңгеге түсті», - деді Шымкент әкімі Дархан Сатыбалды. Ғимарат банкте кепілде тұрғанына қарамастан, баға басынан бастап жоғары болғаны аталып өтілді. Әкімдік ғимарат иесімен келіссөз жүргізіп, бағаны түсірді. Қазір ғимаратты жөндеу үшін ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлу жоспарлануда. Қазір Шымкентте 19 мәдени орталық жұмыс істейді. Дерек көзі ontustik.gov.kz 

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын ІІ топтағы мүгедек Ұлболсын Рүстемова «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының арқасында жиһаз шығаратын цех ашып, өзгелерге де жұмыс орнын ашты. Өз ісін бастау үшін ол «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 8 млн теңге көлемінде несие алған.  «Бұрын медбике болып жұмыс істегенмін. Екінші топтағы мүгедек болғаннан кейін жұмыссыз қалдым. Мемлекет өз ісін бастау мүмкіндік беріп отырғанын естіп, оны жібермеуге тырыстым. Несие алып, цех ашып отырмын. Енді әрі қарай өскім келеді», - деп хабарлады Ұлболсын Рүстемова.   Ұлболсынның бизнесі жемісін берді. Енді оның несиесін төлеп қана қоймай, өз ісін кеңейтуге жол ашты. Өз өнімдері - жұмсақ жиһаз түрлері, асүйге арналған жиһаз сатылатын дүкені ашылды. Қазіргі кезде Ұлболсын 8 жұмысшы алған, олардың орташа жалақысы - 60-70 мың теңге. Жақында Ұлболсын Рүстемова жүн түтетін цехты іске қосуды жоспарлап отыр. Дерек көз Қазақпарат  

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысында  30 компания тауар өндірушілер форумы арқасында тапсырыстар алды.   ОҚО кәсіпкерлер палатасынан хабарлағандай, балалар бақшаларына сүт өнімдерін жеткізу жөніндегі келісімге қол қойылды.  Сонымен бірге, бірқатар компаниялар  арнайы киім, қала мектептері үшін мектеп формасын тігуге тапсырыстар алды. «Бұл қазірдің өзінде біз өткізген форумның нәтижесі. Бұл біздің кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді. Біздің тауар экологиялық жағынан таза», - деп атап өтті баспасөз қызметі. Кеше өткен форумда 100-ге тарта жергілікті өндірушілер бас  қосты. Ол компанияларға, соның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпорындардың жергілікті нарыққа ғана емес, өз өнімдерін Кеден одағы елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік беру үшін өткізілді.  «Біз форумда әлеуетті тұтынушылар біздің өндірушілеріміздің өнімдерінің сапасын көріп,, бағалайды деп үміттендік. Біздің тауарларымыз сапасы жағынан импорттық өнімдерден қалыспайды. Біз отандық өндіріс тауарларын қолдауға тиіспіз, ал компаниялар бәсекеге қабілетті болуы үшін өнімдерінің сапасын жақсартуға ұмтылуы қажет», - деді ОҚО әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев. Айталық, «KZ Өнер» шеберханасының директоры Ғалия Исабекова форумда таза жүннен жасалған шәркелерін ұсынды. Ол жүннен тоқылатын өнімдердің танымалдығын қайта түлетпек. «Біз баға қолжетімді болуына тырысамыз. Оның үстіне біз қазір қазақстандық шикізатпен жұмыс істейміз, бұрын түрік және қытай шикізатын пайдаланатын едік», - деп әңгімелейді Ғалия Исабекова.  Аяқ киім тігушілер де өз өнімдерінің сапасына сенімді. Шымкентте аяқ киім шығарылатынын жұрттың бәрі бірдей біле…

Толығырақ ...

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моджтаба Сабери мырза бастаған ресми делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  Мәртебелі меймандармен кездесу барысында Асқар Исабекұлы Иран шежірелі тарихы, көне мәдениеті бар, бүгінде экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет екендігіне назар аударды. Қос ел басшыларының арқасында Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени-экономикалық байланыстар жыл артып бекемдей түскендігіне тоқталып, өңірімізде ирандық кәсіпкерлердің қатысуымен жол салу саласы мен сауда-саттықтағы жобалар табысты іске асып жатқандығын айтып өтті.  Құрылыстары жүріп жатқан «Батыс Еуропа - Батыс Қытай», Өзбекстан Республикасының шекарасы - Шымкент қаласы халықаралық көлік дәліздері Азия мен Еуропа арасындағы әріптестік байланыстарды орнатуға септігін тигізетінін, облыс әкімдігі тарапынан өңірдің мүмкіндіктері таразыланып, шетел инвесторларымен бірлесе атқарылатын жобалар айқындалғанын мәлімдеді. Иран Ислам Республикасында балық шаруашылығы жақсы жолға қойылғандығына көңіл бөліп, ирандық кәсіпкерлерді облысымызда балық шаруашылығын дамытуға шақырды. Қазіргі таңда облыс әкімдігі шетелдік кәсіпкерлермен жалпы құны 2 млрд АҚШ долларын құрайтын жобаларды іске асыру бойынша келісімге келгендігін айтып, ирандық кәсіпкерлермен де бірлесе жұмыс атқаруға дайын екендігін жеткізді.  Иран Ислам Республикасының Елшісі Моджтаба Сабери мырза екі ел арасындағы ынтымақтастық артып отырғанын айтып, Қазақстан мен Иранның мемлекет басшылары қос ел арасындағы әріптестік байланыстарды нығайту міндетін қойғандығын атап өтті. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысы Азия…

Толығырақ ...