29Сәуір2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Экономика

Шымкенттің азық-түлік дүкендерінде "Ірімшік" деген жазуы бар, сыртқы қағазында Сайрам ауданы көрсетілген ірімшікті байқап жүрген боларсыздар. Нағыз кальций ірімшікте, ол балаға да, ересектерге аса қажет. Тәтті ірімшіктің иесі Мәртөбе ауылында қоныс тепкен Алмагүл Айкан есімді кәсіпкер келіншек, бүгінде «Aykan» ЖШС-нің директоры. Бастапқыда Алмагүлдің сүт өңдеу цехы болды. Цехтан шыққан сүт, айран, ірімшіктері "Қараөткел -2012" жәрмеңкесінде алтын медальді иеленді. Алмагүл "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша Астанадағы Назарбаев университетінде арнайы оқу курсынан тәлім алып келген соң, "бизнесімді әрі қарай неге кеңейтпеске?" деген ойға келеді. Тәуекелге бел буып, көп жылғы тәжірибесіне сүйеніп, сыр өнімдерін шығармақ болды. Соның ішінде нанға жағып дейтін жұқпалы сырлар өте дәмді емес пе, әрі үлкен сұранысқа да ие. Қазір мұндай сырлар бізге сырттан тасымалданады. Дегенмен, Алмагүлге қолбайлау болғаны, цехтың тарлығы. Мұнымен ойға алған мақсатын жүзеге асыра алмасын білген кәсіпкер әйел цехты демде сатып жіберді. Есесіне 200 миллион теңге тұратын қуаттылығы мықты, түріктердің заманауи технологиясымен жабдықталған сыр шығаратын кәсіпорын ашты. Жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылды. Онда жиырма шақты жұмысшы бар. Қазіргі кезде зауыт тәулігіне 5 тонна сүтті қажет етеді, сүтті көрші ауыл Қарабұлақтан сатып алады. Сыр ешқандай қоспасыз таза сүттен жасалады екен. "Aykan" өндіретін сырдың аты "Эмир".  Алғашқы өнімдер қазір сауда желілерінде сатылымға шықты. Тұтынушылардың ыңғайы мен қалтасына орайластырып, өнім…

Толығырақ ...

Мақтаралда "ақ алтын" мәселесі жыл сайын өзектіліктен түскен емес. Мақтаның бағасынан бөлек, ағын су, дренаж және коллектор жүйелеріндегі ретсіздік жөнінде талай әңгіме қозғалып келе жатыр. Тіпті, мақташылардың жан айқайы жоғары жаққа дейін жетті. Мақта шаруашылығына қатысты қатып қалған заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді қажет ететіні туралы да айтылды. Осы мақсатпен ОҚО Мақтарал ауданында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары М.Умирьяев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Р.Халмұрадов және облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспанов болып қайтты. Ертелі-кеш бел жазбай, күнге қақталып алқапта жүретін шаруалардың жайын ортаға салды. Жиынға аудандар мен қалалардағы ауыл шаруашылығына жауапты басшылар мен шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты. Бас қосу кезінде аудан басшылары, мақта шаруашылығындағы қожалықтар, мамандар "ақ алтынның" мәселерімен қоса ұсыныс, пікірлерін де ортаға салды. Әсіресе, мақта бағасының тұрақталмауы, агротехнологияның сақталмауы күн тәртібіндегі күйіп тұрған тақырып. "Ал агротехникалық әдістерге инновациялар енгізіп, жаңа қуатты техникалардың арқасында мақта өнімділігін көтеруге толық мүмкіндік бар" дейді жергілікті мамандар. Бұған мемлекеттік қолдау мен қаржы қаралса жеткілікті.  Мезгіл-ақпарат

Толығырақ ...

Оңтүстіктің тіл үйірер жеміс-жидектері, көкөністері республиканың түкпір-түкпіріне маусым сайын керуендетіп жатады. Қара базарларда, супермаркет сөрелерінде жайнап тұрған жемістердің дені оңтүстіктікі. Жылдағы дәстүр бойынша ОҚО-ның аудандарынан Астана мен Алматыға арзан бағада жәрмеңкелер ұйымдастырылып келеді емес пе? Осы үрдістің жалғасы іспетті жақында ОҚО ауылшаруашылығы басқармасы Жамбыл облысына қарай жеміс тасымалдауды қолға ала бастады. Мұнан былай Тараз қаласы және осы қаланың жақын маңдағы елдімекендерінің тұрғындарын қолжетімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында арнайы меморандумға қол қойылды. «Atakent Asia Development» ЖШС-нің басшысы М.Аманбаев пен «Атакент-Тараз» Сауда орталығы» ЖШС-нің директоры Ш.Тоғызбаевтар көрші облыстан сауда орындарын ашып беретін болды. Ендігі сәтте меморандумның шарттары бойынша оңтүстіктің бірқатар дихандары «Атакент-Тараз» сауда орталығына өнімдерін өткізе алатын болады. Мезгіл-ақпарат        

Толығырақ ...

ОҚО облыс әкімі аппараты баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен Мақтарал ауданына БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырылды.    Пресс-тур барысында Қызылқұм ауылдық округі Бірінші май ауылында Ябек Есенбеков атындағы 300 орындық орта мектеп пайдалануға берілмек. Нысанның құрылысын облыстық, аудандық бюджеттердің есебінен 401 994 мың теңгеге Мақтарал аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-гі жүргізді. Құрылыс жұмыстары 2012 жылғы сәуір айында басталып, оған жергілікті тұрғындар арасынан 140 адам тартылды.  БАҚ өкілдері сапары барысында сондай-ақ, «Хамро ата» шаруа қожалығының (төрағасы – Боев Абдужалел) жұмысымен танысады. Аталған шаруашылық 1998 жылы құрылып, бүгінде мұнда 40 адам жұмыс атқарады. Егістік жердің жалпы көлемі 251,1 га. құрап, шаруашылықтың теңгерімінде 35 ауылшаруашылығы техникасы бар. Былтырғы жылы шаруа қожалығының дихандары алқаптарына 207,5 га. – мақта, 12,6 га. – бақша, 15 га. – жоңышқа дақылдарын, 3,5 га. – көкөніс, 12,5 га. - жүгері еккен. Биылғы жылы мақта алқабын – 209,6  га., бақша дақылын – 8 га., жоңышқа дақылын – 15 га., көкөністі – 3,5  га., жүгеріні – 15 га., жүзімдік алқабын -10 га., алма бауын 5,0 га. жеткізу жоспарлануда. Ауылшаруашылығы дақылдарына 2012 жылы мемлекет тарапынан алынған субсидия қаражаты 2 761,0 мың теңгені құрады. Одан бөлек, аталған шаруашылықта көлемі 2,3 га. құрайтын жылыжайлар іске қосылған. Оған мемлекет  тарапынан  былтырғы жылы 1 378 823…

Толығырақ ...

  ОҚО әкімдігі және «Шымкент Инновация» ЖШС-нің ұйымдастыруымен өткен бизнес-сапар 29 сәуір мен 3 мамыр аралығын қамтыды. Облысымыздың белді кәсіпкерлері Еуропаның бірнеше мемлекеттерін аралады. Аталған шара Германия, Швейцария, Италия елдерімен экономикалық байланысты арттыруға және жаңа жобаларда тәжірибе алмасуға бағытталған. ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов басқарған кәсіпкерлер тобы сапар барысында Еуропа мемлекеттеріндегі бірқатар өндіріс орындарын аралап, тың жобалармен танысты. ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов басқарған кәсіпкерлер тобы сапар барысында Еуропа мемлекеттеріндегі бірқатар өндіріс орындарын аралап, тың жобалармен танысты Республика деңгейінде бірінші рет ұйымдастырылған өңір делегациясының сапары Германиядан басталды. Себебі Германия Еуроодақ елдерi арасындағы Қазақстанның ең жақын серiктесi. Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары қазақ-немiс экономикалық қарым-қатынасы жылдан- жылға нығайып жатыр. Мемлекеттік деңгейдегі достықтың негізінде, екі ел арасындағы өңірлік әріптестікті дамыту үшін Оңтүстік Қазақстан облысының құрамы Германияның Баден-Вюрттемберг федералды жеріне арнайы ат басын тіреді. Әл-ауқаты жоғары өңірге келген тұста, қазақстандық делегация мен Германияның бірқатар ірі кәсіпкерлері арасында түрлі кездесулер жүргізілді. Тиісінше, ведомствоаралық және коммерциялық мақсаттағы бірнеше құжаттарға қол қойылды. ОҚО мен Баден-Вюрттемберг жерінің кәсіпкерлері өндірістегі қалдықтарды қайта өңдеу және жол салудың жаңа технологиясын енгізуде серіктес болуға келісті. Германиялық «SOILWORKS» компаниясының жол салудағы инновациялық жобасы алдағы уақытта Қазақстанда да қолданылмақ. Яғни кәдімгі құм немесе топырақтан тегіс жол салу әдісін неміс инженерлері біздің мамандармен бөліседі. Жол салудың жаңа…

Толығырақ ...