29Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Экономика

Үкімет қаулысымен бекітілген жаңа бас жоспар бойынша Шымкент қаласына 40 елді мекен қосылып, халық саны 1 миллионға жетті. Бұрын Төле би ауданына қарап келген Елтай ауылының тұрғындары да енді қалалық атанды. 11 баладан 70-ке жуық немере мен шөбере сүйіп отырған батыр ана Падиша Баймұратова: «Соңғы жылдары ауылымыздың әлеуметтік жағдайы тұрақталып келеді, жаңадан жұмыс орындары ашылуда, биылғы Жолдаудан да игі өзгерістер күтеміз», - дейді.     Падиша Баймұратова, Елтай ауылының тұрғыны: -Жаман емес, су да кірді, бәрі кірді, енді менің бір ойлайтыным, жаңағы асфальт пен автобус жүрсе деймін. Келешектегі жас балалар бәрі Шымкентте оқиды, барады, келеді, жұмыс істейді. Елбасы оңтүстікке жасаған іс-сапары барысында Шымкентті ірі қалалардың үштігіне қосып, келешегі зор екенін атап өткен болатын. Жаңа бас жоспарда қала аумағы 49 мың гектардан 117 мың гектарға ұлғайды. Миллионнан аса халыққа қажетті әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым, шаһарды жасыл аймақ ретінде дамыту қарастырылған.  Болат Көкенайұлы, тілші: -Бұл шырайлы шаһар – Шымкенттің жаңа әкімшілік іскерлік орталығы. Жалпы аумағы 364 гектарды алғанымен, мына макеттегі көрініс оның тек 20 гектарын ғана көрсетіп тұр. Мұнда 16 қабатты жаңа әкімдіктің ғимараты, жаңа театр, көрме орталығы, кітапхана сияқты әлеуметтік нысандар бірінен кейін бірі бой көтермекші.  Бақытжан Әшірбаев, ОҚО сәулет және қалалық құрылыс басқармасының басшысы: -Нөпір халықтың қалаға қатынауы да күрделі сұрақ.…

Толығырақ ...

Әмияныңызға салып жүрген ақшалар – шын мәнінде ол ақша емес. Бұл бар болғаны қазір жоқ болып кететін қағаздар ғана, яғни ақшаның белгісін білдіреді, бірақ нағыз ақша болып табылмайды.   Ақша  – бұл идея. Сіздің табыс табу мүмкіндігіңіз – дәл қазір қалтаңызда қанша ақша бар, онымен есептелмейді, яғни ақшаға деген өз сана-сезіміңіз, көзқарасыңыз, түйсіне білуіңіз қандай, солай өлшенеді.  Бүгінгі күндері нарықты қалай жаулау керек, тұтынушыларды қалай тарту керек, акцияларды қалай сәтті пайдалану керек, тіпті ақшаны қалай иелену керек деген тақырыпта жарық көрген кітаптар көп, алайда сіз мынаны ескеріңізші... егер рухани дүниеңіз дайын болмаса... күш-жігеріңіз әлсіз болса... ондай жағдайда адам бақытқа да, байлыққа да қалай қол жеткізе алсын?! Байлықты иеленгіңіз келетін тілегіңіз болса, онда оған, жалпы ақшаға деген қарым-қатынасыңыз оң ба, жайлы ма, жағымды ма, соны аңғарыңыз. Бәлкім, бұл сізді таңқалдырған шығар, әйтсе де, мынаны білгеніңіз жөн, көбінде адамдардың байлық пен ақшаға көзқарасы,  теріс болса, жаман болса, онда олардың қолында жетістік те болмайды. Кедейшілік пен қайыршылықтың себебі – әлгі адамның ақша туралы пайымында, сана-сезімінің ең түпкі қабатында «ақша дегеніміз не?» деген сұраққа қандай жауап таба білгенінде... Кедей сана тек жоқшылықтарды, жоқ-жітіктерді, қиыншылықтарды, шектеулерді, жетіспеушіліктерді көреді, естиді, тыңдайды, ойлайды, сезінеді ...  Әйгілі миллиардер Майк Тодд (Mike Todd) : «Банкрот болу – уақытша нәрсе, кедей…

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданының кәсіркерлері пластик терезе жасаумен, полиэтилин өнімдерін шығарумен жақсы танылып келеді. Осы сала бойынша жұмыс істеп тұрған бірнеше зауыттар бар ауданда. Жақында ауданда ірі жоба жасалды. Яғни, пластик және полиэтилен өнімдерін шығаратын үлкен зауыт құрылысы қолға алынады. Жобаның құны 150 миллион теңге. Бұл жобаны іске асыру мақсатында қазір аудандық әкімдік пен кәсіпкер У.Ражапов арасында келісім-шарт жүргізіліп жатыр. Зауыттың инфрақұрылымы толықтай жүргізу үшін  1,5 гектар жер бөлінбек және арнайы индустириялық аймақ болып қалмақ. Бастапқы жұмыстарды атқару үшін зауыт 30 адамды жұмыспен қамтығалы отыр.  Тағы айта кетерлігі, Жетісай қаласынан күніне 2,5 тонна қоқыс шығарылады екен. Базар маңы мен дүкендердің, жеке үйлердің аулаларын қосқанда күнделікті осынша қоқыс ауаны ластайды. Мұнан былай қоқысты да дер кезінде пайдаға асыратын боламыз деп отыр жергілікті кәсіпкерлер. Олардың көздегені күніне 5 тонна қоқыс өңдеу. Бұл іс жаңа зауыттың ашылуынан соң, жүзеге асырылады. Керек жабдықтарды Түркиядан алдыртамыз дейді. 

Толығырақ ...

«Шымкент» ӘКК «Біркөлік» шипажайының негізінде демалдыру-сауықтыру саласында «Коттеджді шағын қалашық» жобасын іске асырды. Шипажай ОҚО-ның Төле би ауданында, Тянь-Шань тау сілемдерінде теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте орналасқан. Жоба қуат күшін кеңейтуге және келушілерге жасалған қолайлы жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған. Бүгінде 32 төсек орынға арналған 16 бөлмелі 8 коттедж бой көтерді. Коттедждердің құрылыс жұмыстарында жаңартпашылық канадалық технология қолданылды. Сыртқы және ішкі қабырғалары SIP-панельдерден соғылған, сондықтан энергоүнемді технология коттедждердегі температуралық режимді сақтау арқылы шығынды төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл технологияның тағы бір артықшылығы – Рихтер межелігі бойынша 9 балға дейінгі сейсмикалық беріктігінде. Құрылыс мерзімі 6 айды құрады.  Жобаның іске қосылуы шипажайдың төсек-орын қорын 16 %-ға арттырды, ал жүзеге асыру көлемінің ұлғаюы 22 % (48,6 млн. теңге) құрамақ.  Анықтама. «Шымкент» ӘКК» ҰҚ» АҚ «Біркөлік» оңалту-сауықтыру кешені» ЖШС-нің басқарушы компаниясы болып табылады.   Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

Толығырақ ...

2013 жылғы 3 шілдеде «КазМедПрибор» компаниясының медициналық жиһаздар мен жоғары технологиялық электронды жабдықтар шығаратын өндірісінің салтанатты ашылуы өтті. Өндіріс орнының ашылу салтанатына облыс әкімі А.Мырзахметов қатысып, кешеннің жұмысымен танысты. 2012-2013 жылдар аралығында «КазМедПрибор» компаниясы әрекеттегі өндірісті жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде жаңа өндірістік кешен құрылды. Жоба үдемелі индустриялық-инновациялық даму, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары мен өңірдің Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асты. Өндірістік кешенде 240 жаңа жұмыс орындары ашылады.  Жобаның маңыздылығы ескеріліп, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 1-ші бағыты «банктердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау» бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілді. Аталған жоба медициналық мекемелерде тозығы жеткен және сапалық ескірген аппаратураларды ауыстыруға септігін тигізіп, жоғары технологиялық бағыттағы әлемдік деңгейдегі медициналық техникалар шығаратын отандық өнеркәсіптің дамуына ықпал етеді. Медициналық бұйымдардың ішкі нарықтағы көлемі өткен жылы 6 млрд. теңгеге жуық болса, ондағы отандық өнімдердің ақшалай түрдегі үлесі 10% ғана құрады. Ұсынылатын өнімдер бойынша республикада жүргізілген маркетингтік зерттеулер шығарылатын медициналық техникалардың түрлеріне сұраныстың үлкен екенін көрсетті. Кәсіпорында елімізде теңдесі жоқ және халықаралық стандарттарға сай бірегей медициналық жабдықтар шығарылатын болады. Олардың қатарында рентген-аппараттары, УЗИ-аппараттары, эндоскопиялық хирургияға арналған бейнекешен, ота жасауға арналған столдар мен шырақтар, медициналық консолдар, электркардиографтар, пульсоксиметрлер, пациент мониторы, фетальды мониторлар мен доплерлер, ауа және бу стерилизаторлары, дезинфекциялау-жуу машиналары, биологиялық ламинарлық бокстер мен өзге де медициналық бұйымдар бар..  Кәсіпорын…

Толығырақ ...