18Қазан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Экономика

        Шымкент қаласы аумағында 7 213 сауда дүкендері мен сауда үйлері, 1 022 қоғамдық тамақтандыру орындары және 33 базар мен сауда қатарлары халыққа қызмет көрсетуде.          Аталған нысандарда 30 370 адам жұмыспен қамтылған. 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 144 760 млн.теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2013 жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 21,3 пайызға өскен. Ал, көтерме сауда тауар айналымы 303 606 млн. теңгені құрап, 13,2 пайызға артты. Тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 10 927,2 млн.теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 5,5 пайызға артты.   Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов ОҚО Кәсіпкерлер палатасында өңіріміздің бизнес өкілдерімен кездесіп, саладағы түйіткілді мәселелер жөнінде ой қозғап, кәсіпкерлердің ұсыныстарын тындады.  Облыстың кәсіпкерлері атынан сөз алған палата директоры Жеңісбек Дулатов өңір басшысына кәсіпкерлік саласында бүгін танда қалыптасқан негізгі проблемалар төңірегінде баяндап берді. Атап айтқанда, қазіргі уақытта ең өзекті болып отырған мәселе - ол ауыл шаруашылығы саласына қаржының жетіспеушілігі. Осыған орай, палата субсидияны кепілдікке қою арқылы шаруаларға несие беру мәселесін ұсыныс ретінде көтерді. "Сыбаға" бағдарламасына "1 ірі қараға 3 гектар жайылым болуы керек" деген ережесіне бола шаруалар қатыса алмай жатқандығы айтылды. Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына Фармация" ЖШС-і дәрі-дәрмек өндіруші компанияларға емдеу мекемелерін медециналық препараттармен қамтамассыз еткендігі үшін төлейтін ақыны 120 күннен кейін беретіні, ал бұл өз кезегінде, әлгі компаниялардың айналымдағы қаражатына әсер ететіндігі сөз болды. Басқосуда қозғалған мәселенің бірі - теміржол тасымалының қымбат тарифі кәсіпкерлерге ауыр соғып отыр. Дайын тауарлар үшін төленетін салық өндірген өнімнен түскен пайдаға да салынуда. Бұл әрине, кәсіпкерлерге оңай тиіп жатқан жоқ. Кәсіпкерлер палатасының дтректоры сөз арасында "қара металды шетелге шикізат күйінде шығармай, өзімізде өндіріп, дайын тауар ретінде сатсақ" деген "Феррум-Втор" компаниясының ұсынысын да жеткізіп үлгерді. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағындағы инженерлік жүйелеге байланысты туындаған мәселелерге тоқталған ол шетелдік "Хово" ауыр жүк көлігіне салынатын айыппұлдың өскендігі жөніндегі проблеманы да айналып өте…

Толығырақ ...

Кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін жаңа заң жобасы Парламентке қыркүйек айының соңында ұсынылады. Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазір «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеп жатырмыз. Бұл заң жобасы Парламент қарауына қыркүйек айының соңына дейін ұсынылады. Ол 2015 жылдың бірінші қаңтарынан құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы мен техникалық-экономикалық негіздемелерге салалық сараптамаларды алуды «бір терезе» қағидасы арқылы жүзеге асыруды қарастырады», - деді М.Құсайынов.  Сондай-ақ, мемлекеттік қабылдау комиссияларын қысқартып, олардың функцияларын тәуелсіз сарапшыларға беру көзделіп отыр. «Мұнымен қатар, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергия үнемдеу тәрізді салалық сараптамаларды жою жоспарланған. Осылайша, құрылыс саласында рәсімдерді қысқарту бойынша іс-шаралар осы заң жобасында қарастырылады», - деді ол.

Толығырақ ...

Көздің жауын алатын, сән-салтанаты келіскен үй жиһаздары енді Шымкент қаласында да шығарылатын болды. Бірді-екілі жергілікті жиһаз жасайтын ұсталар болмаса, әсіресе, тұрмыста тұтынатын жиһаздар бұған дейін шекара асып, көп жағдайда сырттан  әкелінетін. Жаңа бұйымдар "Embawood" тауар белгісімен шыға бастайды. "Embawood" әлемдік брендке ие екені белгілі. Қазір фабрика «Ордабасы» индустриялық аймағында орналасқан.  Оған жыл соңына дейін барлығы екі жұзге жуық жұмысшы қамтылғалы отыр.  Компания жұмсақ жиһаздың 1500 аса түрін өндіреді және матрас, антибактериялық маталар шығарумен айналысады. 1996 жылы негізі қаланып, содан бері сапаға жұмыс істеп келе жатқан фабрика Грузия, Түркия, Украина елдеріне жақсы таныс. Қазақстан нарығында он жылдан аса уаөыт бойы бұл компанияның тек арнайы дүкендері жұмыс істеп келді. Қазіргі кезеңде әлемнің он елінде екі жұзден аса қоймалармен қамтылған дүкендер бар.   Компанияда Азербайжаннан келген тәжірибелі жұмысшылар мен технологтар жергілікті мамандарға дәріс береді. Мұнда жұмысшыларға барлық жағдай жасалған. Фабрика Германия, Италия және Түркия мемлекеттерінен келетін сапалы шикізаттарды қолданады. Сондай-ақ кәсіпорын İSO 9001:2000 халықаралық сапа стандартына сай. Мұндағы жиһазға кигізетін маталар антистатикалық және антибактериалдық қасиеттерге ие TexPro 100 еуропалық сертификатына иемденген.     

Толығырақ ...

Ұлттық бәсекелестікті жоғарылату, нәтижесі адам капиталының, экономикалық институттардың дамуымен, Қазақстанның бәсекелестік жетістіктерін дамытып, тұрақтандырумен, сондай-ақ, экономиканы диверсификациялау және ғылыми-техникалық кешенді тұрақтандырумен байланысты жаңа бәсекелестіктерді құрумен анықталатын кешенді тапсырма болып табылады. Еліміздің экономикасының инновациялық жолға өтуі бәсекеге қабілетті ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуынсыз мүмкін емес. Оны құру үшін экономиканың көптеген салалары тарапынан жоғарылату, білім генерациясы секторының нәтижесін (іргелі және қолданбалы ғылым) жоғарылату, құрылған инновациялық инфрақұрылымның бөлшектілігін жою қажет. Осылайша, Мемлекет Басшысы Н.А.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында еліміздің 30 ең дамыған елдер қатарына енуіндегі ең маңызды тапсырмаларының бірі инновациялық индустриализация трендін түзетіп, күшейту екенін айтып өтті. Сондай-ақ, ол ғылымды қажет ететін экономиканы құру – бұл ең алдымен, қазақстандық ғылымның әлеуетін жоғарылату екенін атап өтті. Берілген бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияны қолдау бойынша заңнамаларды жетілдіру қажет.  Қазіргі таңда «Индустриалды-инновациялық әрекетті қолдау туралы» Заңға сәйкес «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ инновацияны қолдаудың келесі құралдарын ұсыну бойынша оператор болып табылады: 1)    Инновациялық жобаларды жарғылық капиталға ену жолымен қаржылау; 2)    Инновациялық жобаларды венчурлі қорлар құру жолымен қаржылау; 3)    9 бағыт бойынша инновациялық гранттар ұсыну; 4)    Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсыну; 5)    Машинақұрылыс өнімдерінің жаңа түрлерін игеру бойынша салалық конструкторлық бюролар қызметін ұсыну; 6)    Инновациялық әрекетті дәріптеу мақсатында инноваторлар арасында сайыстар ұйымдастыру. Технологиялық бизнес-инкубациялау…

Толығырақ ...